Павлодар қаласының балалар музыка мектебінде 2020 жылғы 16 маусымда «Бәріміз ойнаймыз, бірге ойнаймыз, көңілді ойнаймыз!» жазғы жоба аясында «Сириус» мектеп жанындағы лагерь жұмысын қашықтықтан бастады. Екі апта бойы шамамен 100 оқушы оригами, арт-студиясы дайындаған шеберлік сыныптарына, әртүрлі танымды және дамыту ойындарына, хорда ән айтуға қатысып, уақыт өткізе алады, өздерін фитнес-йогада, медитацияда сезіне алады. Барлық іс-шаралар онлайн режимінде өткізіледі. Лагерьдің ашылуы таңертеңгі жаттығу мен «Әсерлі жаз» көңілді флешмобымен басталды. «Музыкалық шкатулка» жобасында балалар жақсы көңіл-күймен қуаттанды. Барлығы шығармашылық музыкалық жазды құруға, викториналарға, конкурстарға рахаттана қатысты, жетекшісі Ксения Владимировна Миронец. «Өнер мозаикасы» жобасы балаларды педагогтардың театрландырылған орындауындағы С.Маршактың «Сказки об умном мышонке» қойылымы қуантты, жетекшілер Ирина Борисовна Петрова және Елена Владимировна Поршнева. Балалардың жарқын да, қуанышты күлкілерін, ду қол шапалағын есту қандай тамаша. Лагерьдің алғашқы күні «Танысу» тренингімен аяқталды – қатысушылар «Өз есіміңді сал», «Менің керемет портретім» тапсырмасын орындады. Тренингтер креативтілікті дамытуға бағытталды, жоба жетекшісі Жулдыз Балгашевна Сагитова. Жазғы кезеңде 7-16 жастағы мектеп оқушыларын қызықты іс-шаралармен қамту жоспарлануда.
Қаланың музыка мектебінде мектеп жанындағы лагерь ашу