"Кішкентай досыма үлкен көмек" акциясы

Кіші "Б" тобы тәрбиешілері Г.А. Щетинина және С.Т. Бұданбаевамен "Кішкентай досыма үлкен көмек" акциясы ұйымдастырылды. Бұл акция бірінші рет өткізіліп отыр бірақ ата - аналар бірден қолдау көрсетті. Балалардың мейірімді жүрегі немқұрайлы қарамай, далаға тастаған ит пен мысықтарға жанашырлық білдірді. Үлкендер мен балалардың күшімен жараланған және үйсіз қолған жануарларға арналған орталыққа ит пен мысықтарға арналған тамақтар табыс етілді.