Қыста "Үлкен жарыстар" қысқы спорт жарыстарын өткіземіз.
Жарыс сәбилер бақшасы маңайында және оған жақын аймақта өткізіледі.
1 кезең (сәбилер бақшасы маңында)
- "Қысқы шеберхана" (аққала жасау);
- "Тиындар атысы" (аққаламен атысқан кезде топ жолдың басқа шетіне шығады);
- "Түлкінің қоймасы" ("Қар астынан кім көп ойыншық табады?"ойыны);
- "Епті қояндар" ("Қай команда жылдам қар домалақшасын бір-біріне береді" ойыны);
- "Біз - суретшілерміз" (қар үстіне аққала, шырша салу).
- "Шанамен жарыс";
- "Шайбымен жарыс";
- "Арқан тарту".
Командаларды марапаттау
Шай ішу
Жеңіс күніне арналған жүгіріс өткізу дәстүрге айналды.
Маршрут бірнеше кезеңнен тұрады.МАИ жолды жауып, еріп жүреді. Марафонды балабақша аймағынан сәбилер тобы балалары велосипедпен бастайды да,ортаңғы, ересек тобына кезек береді, әріқарай ата-аналар жалғастырып, оларға қызметкерлер қосылады,сосын даярлық тобы балалары тосып алады.Барлығы бірігіп Даңқ Обелискісіне жүгіреді.Даңқ Обелискісі жанында митинг өткізіледі. Балалар Жеңіс күніне арналған өлеңдер оқып, барлығы бірге Жеңіс күні әнін орындайды да бір минут үнсіздікпен соғыстан оралмағандарды еске алдық. Шара Даңқ Обелискісіне гүл қоюмен аяқталды.
Балабақшамыздағы ғылыми жоба қорғау дәстүрлердің біріне айналды. Жобаның негізгі мақсаты - балалармен, үлкендерді шығармашылық жұмысқа баулу. Маңыздысы бұл жұмыс көп еңбекті керек қыларлық болмасын, бала қызығушылықпен орындау керек, егер қажеттілік туған жағдайда тәрбиеші анықтама, тәжірибелік материал ұсынады немесе қайдан алу керек екенін түсіндіреді. Жобаның соңғы кезеңі - қорғау-қашанда өте көріністі. Жобаны қорғауға ата-аналарды, қонақтарды шақырамыз.Әсіресе осы жерде әсерлі бастаманы көруге болады.Жобаны қорғау түрі қызықты өтеді, баланың, ата-ананың, педагогтың еңбегін көруге болады."№24 сәбилер бақшасының жас ғалымы" сертификаты беріледі.