Қизатова Гүлмира Қадылбекқызы
білімі – жоғары, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын "Мектепке дейінгіоқыту және тәрбиелеу" мамандығы бойынша бітірді.
жұмыс өтілі – 14 жыл
қазіргі уақыттағы лауазымда - 8 жыл
«Мекеп жасына балаларды тәрбиелеу - дегеніміз қажетті іс-әрекетті бере білу шеберлігі:олардың денесін дамыту, ішкі сезімдерін жаттықтыру, басқа балалармен және табиғатпен таныстыру. Ойында да, көңіл көтеруде де, оқуда да олар мектепке дайындалу керек».
Білім беру қызметін жүргізу құқығы лицензиясына сәйкес МТО ұйымының қызметін басқарады.
- Педагогикалық кеңеспен бірлесіп жұмыс оқу жоспарларын, негізгі (вариативтік, авторлық) бағдарламаларды, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады.
- МТОМБС сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді.
- Тәрбиелеу-білім беру үрдісі кезінде тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қажетті қауіпсіздік жағдайларын жасайды. Қаржы, шаруашылық, ғылыми мәселелерді шешеді, тәрбиеленушілер құрамын қалыптастырады.
- Балалардың тамақтануын ұйымдастыру және медициналық қызмет көрсету, тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайту мен қорғау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.
- Белгіленген заңнама тәртібінде МҰ мүлкі мен құралдарына иелік етеді.
- Санитарлық-гигиеналық тәртіп, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді.
- Педагогикалық кадрлар мен қосалқы қызметкерлерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, лауазымдық нұсқаулықтар әзірлейді.
- Азаматтарды қабылдауды жүргізеді.