Балалар - біздің еліміздің болашағы. Біз оларды қоғамның және халықтың ең жақсы дәстүрлерінде тәрбиелеуіміз керек. Бұл тәрбиенің бағыттарының бірі болып Отанға деген сүйіспеншілікке, оның тарихына,дәстүрлеріне баулу.
Ұлы Отан соғысына байланысты оқиғалар тарихтың терең жерлеріне кетеді.Бірақта Отанды қорғаушылардың батырлығы туралы адамдардың жүрегінде сақталады. Осы жайларды балалардың жүрегіне жеткізу, адамдардың ұлылығы, батырлығын көрсету Жеңіске жетуге себепші болған - Отаншылдыққа тәрбиелеуіміздің міндеттерінің бірі, осыны №24 сәбилер бақшасы педагогтары шешуде.
Жеңіс күніне арналған спорттық марафонын жүргізу дәстүрге айналды. Бұл шараға сәбилер бақшасының тәрбиеленушілері, олардың ата-аналары және педагогикалық ұжым қатысады. Марафонның бірінші кезеңі балаларға, ата-аналарға және педагогтарға Даңқ Обелискісіне жүгіру ұйымдастырылады,екінші кезеңде-гүл шоқтарын қою мен митинг.
2006 жылы №24 сәбилер бақшасы түлектері марафон соңында №24 орта мектептің оқушыларына қосылды, олар бірнеше жыл бойы осындай марафон өткізіп келе жатыр.
Балалр қазірден бастап осы шараны тағатсыз күтуде, өйткені өз ата-аналары мен және тәрбиешілерімен олардың бейбіт балалық шақтарын сақтап қалған батырларына шексіз құрметтерін көрсеткісі келеді.