Сенім телефоны
8(7182)557851
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Қаирбаев көш., 84
8(7182)557851, 8(7182)651120
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі 17.00-19.00
Мектепке дейінгі мекеме мұғалімдері үшін қалалық семинар өткізді
17-02-2023 18:10
Мектепке дейінгі мекеме мұғалімдері үшін қалалық семинар өткізді

Павлодар қаласы білім беру бөлімі әдістемелік кабинеті №24 сәбилер бақшасымен бірігіп мектепке дейінгі мекеме мұғалімдері үшін қалалық семинар өткізді. Семинардың мақсаты – педагогикалық тәжірибені тарату, педагогтердің құзыреттілігін арттыру. Қала балабақшаларының 45 - аса педагогтері қатысты. Семинардың модераторы Павлодар қ. білім беру бөлімінің әдіскері Рақымжанова Қ. М., семинарды ұйымдастырушылар-№24 сәбилер бақшасының басшысы Хамзина Қ.Б., әдіскер Гладышева Е.А. Семинарда осы балабақшаның педагогі, Шмидт Айтжамал Шормановна «Сиқырлы лупалар» қазақ тіліне деген қызығушылықты дамыту әдесі ретінде» тақырыбы бойынша қатысушыларға өз тәжірибесінің презентациясын көрсетті. Семинардың «Үйрен – ойна – қолдан» коучингісінде бір - бірін оқыту тәсілімен педагогтер қазақ тілін оқыту бойынша балалармен жұмыста ойын әдіс тәсілдерін қолдану мәселелерімен өздерінің шеберліктерін көрсетті. Семинар қорытындысы бойынша қатысушылармен диалог жүргізіліп, ұсыныстар берілді.