
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, белсенді өмірлік позицияны қалыптастыруда 2025 жылдың 29 қаңтарында біздің балабақшада мектепалды тобы балаларының және олардың ата- аналары, тәрбиешілерінің қатысуымен "Қысқы үлкен жарыстар" өтті. Аталған іс-шара "Отбасы мен балабақша әрқашан бірге" ұранымен өткізілді. Жарыс 2 кезеңді құрды: балабақша аумағында және балабақша сыртында. Жарысқа 2 команда шықты: "Спортики" және "Динамит". Командаларға қызықты сайыстар ұсынылды жылдамдыққа, ептілікке, сонымен қатар тюбингпен, арқанмен, онда олар өздерінің спорттық қабілеттері мен дағдыларын көрсете білді. Өз командасы үшін жеңіске жетуге деген ынта мен желпініс балалар мен ата-аналарды үлкен толқумен баурап алды. Қатысушылар өздерінің алған әсерлерімен таза ауада тәтті шәй іше отырып бөлісті.