Телефон доверия
8(7182)557851
Адрес: Павлодар қаласы, Қаирбаев көш., 84
8(7182)557851, 8(7182)651120
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Бейсенбі 17.00-19.00
Жеңіс күніне арналған мектепке дейінгі балалардың, спорттық марафон
08-05-2025 18:44
Жеңіс күніне арналған мектепке дейінгі балалардың,  спорттық  марафон

Патриоттықтәрбиені қалыптастыру, еліміздің айтулы күндеріне арналған іс-шараларға қатысу, Павлодар қаласының № 24 балабақшасында азаматтық ұстаным, әлеуметтік белсенділік таныту мақсатында спорттық марафон өткізу дәстүрге айналды. Кезекті жарыс 2025 жылдың 6 мамырында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай өтті. Іс-шара 16 жыл бойы өткізіліп келеді. Жарысты кіші және орта буын балалары балабақша аумағында велосипедпен бастады және эстафетаны ересек тобының балаларына тапсырды. Ауған соғысының ардагерлері балалармен бірге спорттық марафон ырғағында ұрпақтарды біріктіріп, жалаушаларын желбіретіп жүгірді. Балабақшадан Қайырбаев көшесінен Даңқ обелискісіне дейінгі марафонға 126-дан астам тәрбиеленушілер, ата-аналар, балабақша педагогтары, педагогикалық еңбек ардагері Түсіпбекова Светлана Түсіпбекқызы қатысты. Даңқ Обелискінде жарыс аяқталғаннан кейін Ауған соғысының ардагерлері салтанатты түрде кеудесіндегі жауынгерлік наградалармен марафоншыларды қарсы алды. Даңқ Обелискінде балалардың тақырыптық қойылымы өтті. Олар "Балалық шақ", "Тырналар" билерін, "Туған жер", "Жеңіс күні" әндерін орындады. Марафонға қатысушылар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, Даңқ обелискінің жанына гүл шоқтарын қойды.