Павлодар қаласы білім беру бөлімі әдістемелік кабинеті №24 сәбилер бақшасымен бірігіп ЕББҚ бар балалармен жұмыс істейтін, жалпы дамытушы МДҰ тәрбиешілері үшін қалалық семинар өткізді. Семинардың мақсаты - инклюзивті білім беру мәселесі бойынша педагогтердің жұмысын жүзеге асыру. Семинарға Павлодар қ. балабақшаларының 30 тәрбиешісі қатысты. №24 сәбилер бақшасының әдіскері Гладышева Елена Анатольевна ЕББҚ бар балалармен жұмыста, балабақша педагогтерінің командалық біріккен іс-әрекеті туралы айтып өтті, логопед Аманжолова Жанерке ЕББҚ бар балаларына арналған бейімделген бағдарламаларды жасау ерекшеліктеріне тоқталды. Өзінің табысты тәжірибесін «ЕББҚ бар балалардың тілін дамыту диагностикасы: әдістері және ерекшеліктері» тақырыбын №40 сәбилер бақшасының логопеді Правдивец Ксения Эдуардовна, №116 сәбилер бақшасының психологі Ильченко Оксана Владимировна «МДҰ аясында балалардың аутистикалық спектордың бұзылуын педагогико-психологикалық тексеру» бойынша тақырыбын ұсынды. Семинар кәсіби қарым-қатынастың және инклюзивті білім беруді тәжірибе жүзінде іске асыру мәселелерімен бөлісу үшін алаңға айналды.
