Телефон доверия
8(7182)557851
Адрес: Павлодар қаласы, Қаирбаев көш., 84
8(7182)557851, 8(7182)651120
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Бейсенбі 17.00-19.00
«Әжелер мектебі»
23-01-2026 12:07
«Әжелер мектебі»

Біздің балабақшамызда «Әжелер мектебі» аясында «Angelika Style» атты импровизацияланған beauty-салонда шығармашылық шеберлік сабағы өтті.

Оны немересі мектепалды «А» тобына баратын әже — Анжелика Геннадьевна өткізді.

Кездесу барысында Анжелика Геннадьевна балалардың шашына күтім жасау жөніндегі кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, шаштараз мамандығы туралы, жеке жетістіктері мен табыстары жайында әңгімеледі. Сондай-ақ француз бұрымын өру тәсілін іс жүзінде көрсетіп берді. Әже басқа қатысушыларды бұрым өрудің түрлі әдістеріне үйретіп, шеберлігінің құпияларымен бөлісті. Шеберлік сабағына әжелер немерелерімен, ал аналар қыздарымен бірге келді. Бұл кездесу ерекше жылы әрі әсерлі етті. Практикалық бөлімде әжелер мен аналар алған білімдері мен дағдыларын қолданып, немерелері мен қыздарының шашын өрді. Іс-шара сән көрсетілімімен аяқталды: қыздар өздерінің әдемі шаш үлгілерін мақтанышпен көрсетсе, әжелер мен аналар еңбегі мен қамқорлығының нәтижесін тамашалады. Мұндай кездесулер тек үйретіп қана қоймай, ұрпақтар арасын жақындастырады.