Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)557851
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Қаирбаев көш., 84
8(7182)557851, 8(7182)651120
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі 17.00-19.00
ҚЫСҚЫ ҮЛКЕН ЖАРЫСТАР
30-01-2026 16:15
ҚЫСҚЫ ҮЛКЕН ЖАРЫСТАР

Салауатты өмір салтын насихаттау, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, сонымен қатар ата-аналармен балалардың біріккен іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында, біздің балабақшада дәстүрлі қысқы спорттық шара «Үлкен жарыстар» тәрбиеленушілердің, олардың ата – аналарының, және тәрбиешілердің қатысуымен өтті. Осы шара балабақшада көптеген жылдар бойы  өтіп, балабақшаның дәстүріне айналып, «Отасымен балабақша біргеміз – бірге біз жеңіске жетеміз» ұранымен отбасымен педагогикалық ұжымды біріктіруде. Жарыс 2 кезеңнен өтті: 1 кезең балабақшаның аймағында, 2 кезең балабақшаның сыртында. 2  мектепалды топтары жарысты: «Ледяные ракеты» және «Супергерои».  Алты алаңда командаларға қызықты сайыстар ұсынылды: жүгіру, секіру, сонымен қатар тюбингпен эстафеталар, арқан тарту. Балалар және ата-аналар өздерінің спорттық қабілеттерін көрсете білді, ептілік, шыдамдылық және командада жұмыс істей білу. Барлық кезеңдер қатаң тартыста өтті. Жанкүйерлер өз командасын қолдауға тырысты. Спорттық жалын және өзінің командасы үшін жеңіске жету ата – аналар мен балаларды сондай қызықтырды, олар айналасында не болып жатқанын сезбеді. Барлығы мәреге бірінші жетуге тырысты! Шара  дастархан басында дәмді шәй ішіп, өздерінің жарыстан алған әсерлерімен бөлісумен аяқталды.