Сенім телефоны
8(7182)557851
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Қаирбаев көш., 84
8(7182)557851, 8(7182)651120
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейсенбі 17.00-19.00
«Қош келдің – әз Наурыз!»
20-03-2026 18:50
«Қош келдің – әз Наурыз!»

2026 жылдың 20наурызында Павлодар қаласының №24 сәбилер бақшасында ежелгі көктемгі мерекеміз Наурыз мейрамына арналған атты мерекелік шара өтті. Мереке «Наурыз қонақтарды шақырады» атауымен өтіп, мәдени салт – дәстүрлерді насихаттауға, халықтар достығын бекітуге және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге бағытталған. Шараға ата-аналар, педагогтер, сонымен қатар педагогикалық еңбектің ардагерлері қатысты. Мерекелік бағдарламаның ерекшелігі болған «шетелден келген журналистің» қатысуымен сахыналандырылған көрініс, ол қазақ халқының қонақжайлығымен, және бір елде әр түрлі ұлт өкілдерінің тату-тәтті тұрып жатқанын білгісі келді. Жүргізушімен бірге ол бірнеше ауылға барып салт -  дәстүрін, ұлттық киімдерін билерін көріп танысты. Шара барысында әр халықтың мәдениетімен танысты. Қазақ ауылының тұрғындары қонақ күту дәстүрі туралы айтып, ұлттық дастархан мәзірін ұсынды. Орыс ауылының өкілдері «Колядка» дәстүрін көрсетті. Өзбек ауылы «Кечалар» әнімен көрермендерді қуантты. Белорус ауылы ежелгі дәстүр «Гуканье весны» көрсетті. Құмық ауылының тұрғындары «Құмық арулары» биін ұсынды, ал сыған ауылының өкілдері  «ЧайориБахталэ» биін көрермендерге ұсынды. Әр көрініс қуанышты көңіл күймен, халықтар достығын білдіріп, ұлттық киіммен, ән және шығармашылық номермен сүйемелденді. Шара соңында қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, үлкендеріміз бата берді. Дастархан басында әр отбасы өз тілектерін білдіріп, сүйікті әндерін шырқады. Мереке шығармашылық,  салт- дәстүр және біріккен шаралар арқылы әр елдің мәдениетіне деген құрметке, достыққа және туған еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді