Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)557851
Адрес: Павлодар қаласы, Қаирбаев көш., 84
8(7182)557851, 8(7182)651120
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Бейсенбі 17.00-19.00
Семинар
24-04-2026 17:40
Семинар

«Павлодар қ № 24 сәбилер бақшасы» МКҚК –да «Құзыреттілік орталықтары» қалалық жобасын іске асыру шеңберінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Мектеп жасына дейінгі баланы дамытуда сюжеттік рөлдік ойын – сиқырлы кілт сияқтык» тақырыбында семинар өтті. Шара педагогтердің құзыреттілігін арттыру және баланың ең басты іс-әрекетінің бірі –ойынға  жаңа көзқарас іздеуге бағытталған. «Тәжірибе шеберханасын» ұйымдастыру шеңберінде тәрбиешілер креативті ойындар түрінде инновациялық кейстерді ұсынды. Тәрбиеші Н. Т. Жакупова «Болашақтың ақылды клиникасы» ойынын ұсынды, онда балалар жасанды интеллекті қолдана отырып әлеуметтік рөлді меңгерді. Щетинина Г. А. «Жанды ойын» ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті, онда сюжеттің дамуы балаларға ұсынылды. Дейбух Т, Р. «Өрт миссиясы» ойынын көрсетті, бұл ойын балалардың командада жұмыс істеуіне және ойын жағдайында өздерін көрсете білуге бағытталған. Стогова М. А. қатысушыларды  «SweetShow – Боглашақтың кондитері» жобасына енгізді, онда  көркем  шығармашылық арқылы әлеуметтік- коммуникативті дағдылардың дамуын көрсетті. Семинарға қатысушылар семинардың жоғары тәжірибелік маңызын атап өтті. Бұндай шаралар тәжірибемен белсенді бөлісуге және педагогикалық тәжірибені енгізуге, мектепке дейінгі білім сапасын жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.