Денсаулық
24 қазанда сәбилер бақшасында салауатты өмір салтына арналған «Мектепке дейінгі мекеме жағдайында денсаулық сақтау жүйесін құру» тақырыбына №2 педкеңес өтті. Педкеңес алдында әр жас ерекшелігі топ тәрбиешілері ертеңгілік жаттығу,дене шынықтырудан ашық сабақ көрсетті.
Педкеңес « Бірлік шеңбер» ойын терапеясымен басталды. Әрі қарай салауатты өмір салты тобының жетекшісі педагогтарды «СӨС», «Бағдаршам», «Ойлан» таблицаларымен таныстырып , «сергектік жаттығуын» көрсетті.
Әр топтың тәрбиешілері өз қолдарымен жасаған «дәстүрлі емес» құрал- жабдықтардың тұсаукесерін өткізді. Педкеңес соңында «денсаулық пирамидасын» құрып , педагогтар өз пікірлерімен бөлісті.