Наурыз мейрамы

Наурыз - бірлік, ынтымақ мейрамы. Бүгін 2017 ж.15.03 - да біздің шаңырағымызда мерекелік шаралар ортаңғы "Б", даярлық топтарында өтті. Балалар көктем туралы ән айтты, ұлттық ойындар ойнап, қазақ тілінде тақпақтар оқыды. Шара соңында ата - аналар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, жыл бойы дастарқанымыз мол болып, бірлікте, ынтымақтастықта өмір сүрейік - деп тілек білдірді.