Телефон доверия
8(718-2)-67-08-96
Адрес: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Ұстаз - ұлы тұлға
Ұстаз - ұлық емес, ұлы қызмет
Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі. Ыбырай Алтынсарин Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім  барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып  үйрететін  мейірімді абзал  жандар.  «Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы»  демекші, ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  секілді. Ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да, тілінен  бал  тамған ақын  да,  тегеуріні   темір   балқытқан   жұмысшы  да, егін  салған диқан да, мал  бағып   терін   төккен  шопан  да, көк  күмбезінен  әрі  өткен ғарышкер  де  бәрі-бәрі  ұстаздан  білім,  тәлім  алған. Сондықтан ұлағатты  ұстаздарға  бүкіл  адам баласы  құрметпен  бас  иеді. Ұстаз, ұстаз!!! Осы сөзде жатыр қанша ұлылық, Осы сөзде таусылмайтын жылылық. Әль фараби, Ыбырай мен, Ақаңды Осы сөз ғой қойған бізге ұлығып. Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,...
Ата-аналар үшін ақпарат
Жолдағы қауіпсіздік ережелері Суицид Балаларды тұрмыстық жарақаттардан сақтаңыздар Судағы қауіпсіздік ережелері
Спортзал
Қазақ тілі кабинеті
Робототехника кабинеті
Шахмат кабинеті
Қашықтықтан оқыту
Павлодар қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы №1715/27 қаулысымен  Бекітілген       «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті   1. Жалпы ережелер   1. Осы регламент «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» регламенті (бұдан әрі – Регламент)  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы «Білім беру саласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» № 1119 қаулысына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді. 2. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) білім беру бөліміне ведомстволық аумақтағы білім беру ұйымдары көрсетеді. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны:...
ҰБТ – 2019 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет
Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтетіндігі туралы толық мәлімет. 1. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. 2. ҰБТ - жоғары оқу орындарына түсу емтиханы. 1. 11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау бітіруші емтихан нысанында мектепте бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және оқыту бейіні (ҚГБ және ЖМБ) ескеріле отырып 1 таңдау бойынша пәннен өтеді. Барлық емтихандар, оның ішінде тестілеу де білім алушының өзі оқитын мектебінде өтеді. Емтихандардың тізбесі және нысаны мынадый: 1) Ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан. Эссеге 3 астрономиялық сағат беріледі. Ұсынылған үш тақырыптан оқушы бір тақырыпты таңдайды. 250-300 сөзден тұратын эссе жазуы қажет. Эссе тақырыбын таңдағаннан кейін бітірушілер негізгі идеяны анықтауы (ол не туралы?), проблеманы жинақтауы, дәлелдер жазуы, тіл құралдарын және тілдік әдістерді (салыстырулар, эпитеттер, метафоралар, риторикалық сұрақ, кіріспе сөздер мен ұсыныстар т.б.) пайдалануы, эссенің жалпы қорытындысын қалыптастыруы керек. Қазақ тілінен эссенің үлгілік тақырыптары 1. Саяхатшылар өзі келген елдің салт-дүстүрін сақтауға міндетті ме? 2. Ғылыми-технологиялық прогресс...
Басты бет
   Қош келдіңіздер!     Құрметті қонақтар! Бiздiң сайт – бiлiм беретiн үдерістегі барлық қатысушыларға арналған телекоммуникациялық қарым-қатынастың қазiргi құралы болып табылады. Бiздiң мекеме бiртұтас ақпараттық кеңiстiктiң ары қарай дамыту мақсатында жасалған. Сайт қонақтарын бiздiң мектеп өмірімен танысуға шақырамыз. Сiз мұғалiмдер және оқушылардың шығармашылық қызметтері жайлы, табыстар мен дәстүрлер, мектеп және жанұя арасындағы қарым-қатынастарды, мектептегі қызықты адамдармен кездесулер жайлы біле аласыз.      Біздің мекенжайымыз: Павлодар қаласы, Академик Ш.Шокин көшесі, 27 Директор - 8(718-2)-34-47-21 Қабылдау бөлмесі - 8(718-2)-34-26-51 22shool@mail.ru
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында арайлы күн, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың ағаш сабына бекітілген тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық ою-өрнек - алтын түстес. Тудың ені ұзындығының жартысына тең. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Әнұраны Сөзін жазғаңдар: Жұмекен Нәжімеденов Нұрсұлтан Назарбаев Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов Алтын күн аспаны,  Алтын дән даласы,  Ерліктің дастаны,  Еліме қарашы! ...
НҰРЛЫ ЖОЛ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
НҰРЛЫ ЖОЛ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ Қадірлі халқым! Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні - осы! «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы...
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ - ЕЛБАСЫ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Мазмұны І. Қалыптасқан Қазақстан - мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы 1. Қуатты да табысты мемлекет 2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі 3. Түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен татулығы 4. Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз 5. Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін күшті әлеуметтік саясат 6. Әлемдік қоғамдастық таныған ел 7. Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз 8.Қазақстан-2030 стратегиясы. Негізгі қорытындылар ІІ. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері 1. Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі 2. Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік 3. Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер 4. Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы 5. Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік 6.Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы 7. Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция 8. Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық 9. Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз...
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы Қазақстан республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV Заңы «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 15 қаңтардағы № 11 (26413); «Казахстанская правда» от 15.01.2011 г., № 13-14 (26434-26435); Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж. № 1 (2578), 1-құжат Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың жалпы құқықтық негіздерін реттейді және бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асырудың бірыңғай қағидаттарын белгілеуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.   1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) бақылау және қадағалау органдары - заңнамаға сәйкес лицензиялауды және (немесе) өзге де рұқсат беру құжаттарын беруді, тіркеу есебіне қоюды, сондай-ақ тексерілетін субъектілер қызметінің осы Заңның 5-бабынасәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі нысанасына байқау және тексеру жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері; 2) жедел ден қою шаралары - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, тексерілетін субъектілерге...
Мектеп көрсететін мемлекеттік қызмет стандарты
Мектепте мемлекеттік қызмет көрсету кестесі:   Дүйсенбі - 9.00-ден 18.00-ге дейін.   Сейсенбі –9.00-ден 18.00-ге дейін.   Сәрсенбі – 9.00-ден 18.00-ге дейін.   Бейсенбі – 9.00-ден 18.00-ге дейін   Жұма – 9.00-ден 18.00-ге дейін   Сенбі - 9.00-ден 18.00-ге дейін   Жексенбі – демалыс   Түскі үзіліс: 13.00-ден 14.00-ге дейін «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты   Стандарт-аттестация-каз жүктеу «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жүктеу «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау»...
"Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет регламенті;
1. Негізгі ұғымдар 1. Осы регламентте келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ҚФБ – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық–функционалдық бірліктер; 2) уәкілетті орган – "Бұқар жырау ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі. 2. Жалпы ережелер 2. Мемлекеттік қызмет стандартқа 2-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдармен көрсетіледі. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 4. Мемлекеттік қызмет "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1119 қаулысына сәйкес көрсетіледі (әрі қарай - стандарт). 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі стандарттың 5-қосымшасына сәйкес жалпы білім беретін мектепте тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілгені туралы анықтаманы қағаз түрінде бере отырып, жалпы білім беретін мектептерде оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке санаттарына тегін ыстық тамақ беру немесе қызмет көрсетуден бас тартатыны жөнінде дәлелді жауап болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік мекемелердегі білім алушылар және тәрбиеленушілерге (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы); 1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар...
"Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет регламенті;
1. Негiзгi ұғымдар 1. Осы регламентте келесi негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) ҚФБ – мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiне қатысатын құрылымдық-функционалдық бiрлiктер; 2) уәкiлеттi орган – "Бұқар жырау ауданының бiлiм беру, дене шынықтыру және спорт бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi. 2. Жалпы ережелер 2. Осы "Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшiн құжаттарды қабылдау" мемлекеттiк қызмет регламентi (бұдан әрi - Регламент) аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшiн құжаттарды қабылдау рәсiмiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) айқындайды. 3. Мемлекеттiк қызмет "Бұқар жырау ауданының бiлiм беру, дене шынықтыру және спорт бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiмен (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) және аудандық коммуналдық мүлiк болып табылатын Қазақстан Республикасының бiлiм беретiн ұйымдарымен (бұдан әрi – бiлiм беру ұйымдары) көрсетiледi (байланыс мәлiметтерi осы Регламентке 1-қосымшада көрсетiлген). 4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған. 5. Мемлекеттiк қызмет "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын...
"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет регламенті;
1. Негiзгi ұғымдар 1. Осы регламентте келесiдей негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) балаларға қосымша бiлiм беретiн ұйым – бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қосымша бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу-тәрбие ұйымы; 2) ҚФБ – мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiне қатысатын құрылымдық-функционалдық бiрлiктер. 2. Жалпы ережелер 2. Осы "Балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттiк қызмет регламентi (бұдан әрi - Регламент) балаларға қосымша бiлiм беру үшiн қосымша бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау рәсiмiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) айқындайды. 3. Мемлекеттiк қызмет балаларға қосымша бiлiм беру ұйымдарымен көрсетiледi (байланыс деректері осы Регламентке 1-қосымшада көрсетiлген). 4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған. 5. Мемлекеттiк қызмет "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6-бап 4-тармағына, "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1119 қаулысына сәйкес көрсетiледi (бұдан әрi - стандарт). 6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу...
Мемлекеттік қызмет стандарты «Білім туралы құжаттардың телнұсқасын беру»
1. Жалпы ережелер 1. «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдары (бұдан әрі — білім беру ұйымдары) көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабы 9) тармағына және «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат білім беру ұйымының веб-сайтында орналастырылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі білім туралы құжаттың телнұсқасы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызметтің көрсету мерзімдері: 1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 20 минуттан аспайды; 2)...
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»мемлекеттік қызмет стандарты
Жалпы ережелер «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет)Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары көрсетеді. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. Мемлекеттік қызмет мынадай нормативтік құқықтық актілермен реттеледі: 1) Қазақстан Республикасының Конституциясы; 2) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы; 3) «Баста­уыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру­дің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №127 қаулысы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz. ресми сайтында орналастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға берілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны білім беру ұйымдарының жалпы орта білім беретін ұйымдарға оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Аталған қызмет Қазақстан Республикасының 7-18 жастағы азаматтарына (бұдан әрі – мемлекеттік...