Ұлыстың ұлы күні!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен
шын көңіл, ақ ниеттен құттықтаймыз!
Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы,
ырыс пен берекенің арқауы болған Әз-Наурыз
қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін.
Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан
әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын.
Ақ мол, жыл ырысты болсын!
Халықаралық әйелдер мейрамы!
Абзал жанды аналар мен педагогика еңбегінің ардагерлері!
Сіздерді жыл мезгілінің ең көрікті де көркем, кербез көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыздың, мәдениетіміздің тамырына терең үңіліп, тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты сақтау және дамыту жолындағы қайырымды істеріңізге үлкен ризашылығымызды білдіремін.
Кәрі қыстың қаһары қайтып, әсем ерекшелігімен көңілді көтеріп, сезімге үміт ұялатқан қыз мінезді көгілдір көктемнің көрікті мерекесінде сарқылмас бақыт пен мәнді де мағыналы ұзақ ғұмыр тілеймін.
Көкжиектен күлімдеп көтерілген күміс күннің шуағы мен ерке көктемнің желпіндірген майда самал желі көңілдерніңізді көтеріп, жүректеріңізге асқақ арман сыйласын.
Отбасыларыңызға және өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, әйел бақытын және білім беру саласы жолында атқарып жатқан еңбектеріңізде табыстарға жетіп, үлкен биiктерден көрiнулерiңiзге шын жүректен тілектеспін.
«Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры» қоғамдық қорының филиалы
Хабарландыру!
«Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры» Қоғамдық қорының филиалы
«Арыстан» арнайы лицейі 2013 жылға 9 сыныпқа және қосымша 10 сыныпқа кандидаттарды қабылдау жұмысын бастайды.
Қабылдау ережесіне сәйкес комиссия ер балалардан емтихан (математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілінен тест сұрақтары бойынша, ал 10 сынып кандидаттары үшін ағылшын тілінің орнына – Қазақстан тарихы) қабылдайды. Осы пәндер үшін - 3 сағат, кәсіби – психологиялық тестқа – 2 сағат, дене шынықтыру нормативтері бойынша – 1 сағаттық уақыт қарастырылған.
Лицейдің қабылдау ерекшеліктері:
- оқыту әлеуметтік бағытта құрылған «Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры» есебінен қамтамасыз етіледі;
- аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына жеңілдіктер беріледі;
- лицей түлектері әскери оқу орындарына, сонын ішінде Қорғаныс министірлігіне және басқа да Қарулы күштер қатарына түсуге міндеттеледі;
- барлық тапсырушыларға қабылдау барысында ешқандай шектеулер қойылмайды. Сонымен қатар Лицейдің оқыту жүйесі физика- математикалық бағытта болғандықтан, 7-8 сынып табельіндегі осы бағыттағы пәндерде баға нәтижесі «жақсы» деңгейінде болуы қажет;
Лицей мекенжайы: 041610, Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесқайнар...
Спорт секцияларының кестесі
Спорт секцияларының кестесі
2013 – 2014 оқу жылы
№
Өткізу мерзімі
Спорттың түрі
Уақыты
Жауапты
1
Дүйсенбі
Баскетбол (қыздар)
14.30 – 16.45
Д. Г. Жумжуманов
2
Сейсенбі
Баскетбол (ұлдар, ортанғы буын оқушылары)
19.00 – 21.00
К. Е. Султангазин
3
Сәрсенбі
Волейбол (қыздар)
14.30 – 16.45
Д. Г. Жумжуманов
4
Бейсенбі
Волейбол (қыздар)
14.30 – 16.45
Д.Б. Байжырыков
5
Жұма
Баскетбол (ұлдар)
14.30 – 16.45
Д.Б. Байжырыков
6
Сенбі
Волейбол (ұлдар)
14.30 – 16.45
Д.Б. Байжырыков
7
Жексенбі
Футбол (ортанғы буын оқушылары)
10.00 – 12.15
М.С....
"Мектепке жол" акциясы
Құрметті ата-аналар!
Жаңа 2012-2013 оқу жылын ұйымдастыру мақсатында 2012 жылғы 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында республика бойынша «Мектепке жол» акциясы жарияланды. Аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көпбалалы отбасыларынан шыққан оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған оқушыларға мектепке баруға дайындық кезеңінде көмек көрсету мақсатында осы акцияға қатысуға шақырамыз.
Байланыс телефоны 537104
№35 ЖОББМ
ұйымдастыру штабы
БЕСІНШІ ЕҢБЕК ТОҚСАНЫ
Еңбегінің ел кәдесіне жарағанын сезіну – үлкен бақыт
БЕСІНШІ ЕҢБЕК ТОҚСАНЫ
«Бесінші еңбек тоқсаны» аясында жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін, табиғатқа және қоршаған ортаға деген көзқарасын сапалы деңгейде қалыптастырып, жауапкешілікке баулу мақсатында мектебіміздің 342 оқушысы мектеп жанындағы үлескіде және экологиялық мектепте еңбектенді. Оқушыларға мектеп маңын жасыл желектендіру, гүлдерді, көкөністерді күтіп, баптау жұмыстарын ұйымдастыру және қоршаған ортаның тазалығын сақтау міндеттері қойылды.
Қаланы көркейтуге байланысты адамгершілік қасиеті жоғары, еңбексүйгіш азаматты тәрбиелеп, еңбекке деген дұрыс көзқарасын қалыптастырып, жауапкешілік сезімін жетілдіру мақсатында жоғарғы сынып оқушыларының арасында еңбек топтары құрылып 47 оқушы «Горзеленстрой» ЖШС-де жұмыс істеді.
"Көңілді күлдіргішер" лагері
Мектебімізде «Көңілді күлдіргештер» сауықтыру лагері маусым айының бірінен бастап жұмыс істеді. Ашылу салтанатында мектебіміздің директорыМ.Асайнов және мектебіміздің тәрбие жөніндегі орынбасарыН.Жомартова құттықтау сөз сөйледі. Ашылу салтанатын демалушылармен бірге тамашалап, жақсы демалуларына сәттілік тіледі.
Сауықтыру лагерінде І кезең бірінші маусымнан жиырма екінші маусым аралығында өтеді. І кезеңде 105 оқушы демалады. І кезеңде бес топ жұмыс істеді. Таңғы жаттығуды арнайы жаттықтырушы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Мурсалимов жасатады. Жаттықтыру жұмысынан кейін лагерьдің аты, әнұраны «Балдырғандар әні» орындалып, демалушылар салтанатты көңіл күймен асханаға апарылады. Асханадан кейін 9.30-10.30-ға дейін әр топтағы іс -шаралар өткізіледі. 10.30-11.30-ға дейін лагерьдегі жоспарланған іс-шара өткізіледі. Лагерьдің жұмыс уақыты 9.00-17.00-ге дейін. 1 маусым күнінде лагерьдің ашылу салтанаты Орталық жағалауда «Мейірімді жаз» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Маусым айына толық айлық жоспар жасалып, айлықтан апталық, апталықтан күндік жоспар жасалды. Күн тәртібі, сауықтыру лагерінде жұмыс істейтін тәрбиешілерге арналған қауіпсіздік ережелері және демалушыларға арналған қауіпсіздік ережелері жасалып,...
Психологтың жоғары сынып оқушыларын ҰБТ алдында дайындау жөнінде ұстаздарға ұсынылатын кеңестер
ҰБТ-ді жемісті тапсырудың себептерінің бірі ол бұған ұстаздардың қатынасынан және олардың оған қалай қарайтынына байланысты. Сондықтан да, оқушыларға ҰБТ-ге тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыздар:
•жоғары сынып оқушыларына дайындалу керек тақырыптарды күндерге бөліп, жоспарлаңыз;
•жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ге дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. пәндер бойынша тестік тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларын дайындаңыз да, оларды жаттықтырыңыз;
•тестік тапсырмаларды орындаған кезде жоғары сынып оқушыларына уақытты дұрыс бөлуін үйретіңіздер;
•жоғары сынып оқушыларын әрқашан мадақтап, олардың өз-өзіне сенімін жоғарлатыңыз;
•ҰБТ алдынада жоғары сынып оқушыларына қобалжуды көтермеңіздер. Бұл тестілеудің нәтижесінде теріс әсер етуі мүмкін;
•тестілеу алдында және одан кейін жоғары сынып оқушыларына ашу байқатпаңыз;
•есіңізде болсын: ең бастысы және негізгісі – жоғары сынып оқушыларында ҰБТ байланысты қобалжу деңгейін төмендету керек және оларға ашуланбау керек.
Ата-аналарға
1. Бала 18-ге толғанға дейін толық тәрбие беруге және қорғауға сенімді болмасаңыз нәрестелі болуға асықпаңыз. Ал сәбилі бола қалған жағдайда – сіздің демеуіңізді қажет ететін уақыттың мерзімін мейлінше қысқартуға тырысыңыз; өз бетінше талпына бастаған кезден-ақ оған тез арада өзін-өзі басқаруға мүмкіндік туғызыңыз.
2. Бала тәрбиесіндегі басты мәселе – олардың өз қабілеттерін дамыта түсетін істерімен шұғылдануына жағдай жасау. Ешқандай мақсат, тәртіп, жақсы әдеп, т.б. өзін-өзі басқару еркіндігінен биік болмақ емес, әрине, ол негізгі қағидаларға қайшы келмесе.
3. Баланы жақсы көру сезіміңізді тежемеңіз, оған деген ыстық ықыласыңызды аямаңыз. Бала өзінің сүйіспеншілік сезімін немесе сондай сезімді қалайтынын толық білдіре алу керек.
4. Балаларыңыздың өзіндік пікірін, албырт сезімін немесе интуициясын аяқ асты етпеңіз. Оларды өзіңізбен санасуға үйретіңіз және өзіңіз де олармен санаса отырып, кез-келен талабына сергек қараңыз.
5. Балаларға ешқашан жалған сөйлемеңіз. Егер балаға шындықты айтудың қажеті жоқ деп санасыңыз, онда солай деп айтыңыз және оның себебін түсіндіріңіз.
6. Суық қабақ, қаталдық таныту – ең жаман қасиет. Егер сіздің бір тоға тұрмысыңызға белгілі бір дәрежеде оншалықты кедергі ете қоймаса немесе баланың өміріне тікелей зияны болмаса, онда оның көргені мен естігенін...
Сынып жетекшіге 20 кеңес
1. Баланың жетістігін байқап, көре беру керек.
2. Жақсы сынып жетекшісі болғың келсе, онда талмай ізден, ешқашан жалықпа.
3. Балаларды бетінен қақпа, ақылмен жол көрсет.
4. Бұйрық бергеннен гөрі иландыруға, түсіндіруге тырыс.
5. Эстетикалық талғамың жоғары болсын, балаларды өнердің озық үлгілеріне, жарасымдылыққа, жарастыққа, сәнге жетелей біл.
6. Балалардың қателескенінен қорықпа, ол келешекке сабақ болады.
7. Өз уақытыңды да, балалардың уақытын да бағалай біл.
8. Балаларға өз істерінің түпкі нәтижесін көретін істерді тапсыр.
9. Жас боп қалғың келсе, оқушыларының арасында ұзақ жылдар жұмыс істе.
10. Өз жұмысыңды күн көріс қамы деп ұқпа, жұмыс орныңды өзіңді дүниенің патшасындай сезін.
11. Баланың ісіндегі әрбір қайшылықты көре біл, кейде байқамаған бол.
12. Үнемі кінәліні іздеп, нақақтай берме.
13. Неғұрлым әділ болсаң, соғұрлым мәртебелі боласың.
14. Оқушыға жұмыс тапсырсаң, ол ынтасымен атқаратындай етіп қызықтыра біл.
15. Өзің оңаша жұмыс істеме, барлық уақытта балалармен кеңесіп отыр.
16. Ашулансаң, ашуың ұзаққа созылмасын. Тез ұмытуға тырыс.
17. Мектеп – қоғам – отбасы – осы 3 ұғымның беріктігін сақта.
18. Мұғалім – оқушы – ата-ана арасындағы жақындастықты үзбе, керісінше нығайта тыс
19. Баланың тағдырына ойланып қара
20. Баланы таң қалдыруды ұмытпа....
Халықаралық "Кенгуру" сайысы
Халықаралық математикалық "Кенгуру" сайысында 8 оқушы диплом иегерлері атанды.
ІІ орынды - 4 сыныптан Табылды Әділет, Ыдырыс Диас, Мұрат Әлішер иеленді.
ІІІ орынды - 9-10 сыныптан Абдрахманов Данат, Амангелиев Әділ, Баянбек Айкүміс, Абзалова Дана иеленді.
Оқушылардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары
Республикалық ғылыми жобалар сайысында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының финалисі Айтжанова Айжанға берілді. Жетекшісі Асаинов М.Б.
Қалалық ғылыми жобаларына 8 оқушы қатысып, оның ішінде 6 оқушы жеңімпаз атанып, мадақтамаға ие болса, 2 оқушы лауреат атанды.
І орын - Бектемирова Айдана, Мұрат Әлішер, 4 "А" сынып оқушылары. Жетекшісі Искакова Р. А.
І орын - Дайырбаев Даулет, Құсманғалиева Әзел, 3 "А" сынып оқушылары. Жетекшісі Шарбақбаева Б.Қ.
ІІІ орын - Калиарданов Тілек, 4 "А" сынып оқушысы, Тұрғанбаев Дарын 1 "Б" сынып оқушысы. Жетекшісі Сыздыкова А.Ж.
2 "А" сынып оқушысы Сұлтанбек Еркежан, 3 "Ә" сынып оқушысы Тлеулина Альфия VІІІ қалалық конкурсының лауреаты атанды. Жетекшісі Дюсенбаева А.С.
"Ғылымға жасалған алғашқы...
Мұғалімдердің пән олимпиадасы
Қазақ тілінде оқытатын мектептегі бастауыш сынып мұғалімдерімен Қалалық пән олимпиадасына 4 бастауыш сынып мұғалімі, география пәнінен 1 мұғалім, қазақ тілі пәнінен 1 мұғалім қатысып, оның ішінен 3 бастауыш сынып мұғалімдері Шарипова Т.Ш., Сыздыкова А.Ж., Искакова Р.А. жүлдегерлер атанып, облыстық пән олимпиадасына қатысты.
Шарипова Т.Ш. Қазақ тілінде оқытатын мектептегі бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық пән олимпиадасының ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды.
Шарбақбаева А.А. – география пән олимпиадасынан ІІІ орын иегері болды.
Спорттық үйірмелер кестесі
№
Өткізу мерзімі
Спорттың түрі
Уақыты
Жауапты
1
Дүйсенбі
Баскетбол 5-9 қыздар
Футбол 5-9 ұлдар
Шахмат 1-3
Қазақша күрес
14.30-16.30
14.30-16.30
12.30-14.30
15.00-16.30
Д.Г. Жумжуманов
А.Т. Мурсалимов
А.И. Капаев
К.А. Накенов
2
Сейсенбі
Баскетбол 5-11 ұлдар
Тоғызқұмалақ 2-4
Шахмат
Волейбол, баскетбол АО «Алюминий Казахстана» аппарат управления 0,26 северная промзона
14.30-16.30
14.45-17.00
12.30-14.30
19.00-21.00
Д.Г. Жумжуманов
Ж.К. Майкенова
А.И. Капаев
С.И. Брашкин
3
Сәрсенбі
Волейбол 4-11 қыздар
Тоғызқұмалақ 2-4
Шахмат
Қазақша күрес
14.30-16.30
14.45-17.00
12.30-14.30
15.00-16.30
Д. Б. Байжырыков
Ж.К. Майкенова
А.И. Капаев
К.А....
Әдістемелік бірлестік
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдістеме бірлесітігі
Бірлестікте 11 мұғалім бар.
Әдістеме бірлестігінің жетекшісі – Нәжім М.Б.
Жоғары санатты 4 мұғалім: Асаинов М.Б., Манабаева Г.Р., Нәжім М.Б.,
Үзбен А.
Бірінші санатты – Кучукова Г.А., Жүніспаева Қ.Х., Калемшаров С.
Екінші санатты – Шарбақбаева А.А., Қайдарова С.Е.
Санатсыз – Мурсалимов А.Т., Тукай Б.
Жоғары, бірінші санаттың пайыздық үлесі – 64%.
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдістеме бірлестігінің тақырыбы: «Сапалы білім – оқыту мен тәрбиелеудің басты нысаны».
Мақсаты: сапалы білімді, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыруда инновациялық педагогикалық технологияларды жүзеге асыру.
Міндеттері:
- Оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды...
Әлеуметтік педагог
Әлеуметтік педагогтың қызметі балалардың дамуы мен оны қорғауды қамтамасыз ету заңында негізделген. Әлеуметтік педагог сонымен қатар өз қызметінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңын басқа да нормативтік актілер мен құжаттарды басшылыққа алады.
Әлеуметтік педагогог социумның «әлеуметтік диагнозын» қою барысында оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін олардың қабілетін, қызығушылығын зерттейді. Ресми емес ұйымдардың балалар мен жасөспірімдерге тигізетін оңды және теріс ықпалдарын анықтайды. Ол психологиялық, медициналық, құқықтық, адамгершілік-этикалық және басқа да сипаттағы проблемаларды шешуге көмектеседі. Қоғам мен отбасы, бала тұлғасы жүйесіндегі аралық үйлестіруші бола отырып, тәрбиеленушінің қалыптасуына балалар мен ересектер арасындағы гуманистік, рухани-адамгершілік қарым-қатынастарға ықпал етеді.
Осы орайда біздің мектепте «Мектепке жол» атты республикалық акциясының барысында жыл басынан бастап күн көрісі төмен, көпбалалы отбасы балаларына және 2 жетім оқушыға жаппай оқу қорынан және ата-аналар, мұғалімдер тарапынан көмектер жүйелі түрде жүргізіліп тұрады.
Кабулов Ербол және Мүсілім Самат деген ата-аналар күн көрісі төмен оқушыларға кеңсе тауарларымен көмек көрсетті. Мектеп асханасы осындай 7 оқушыны бір...
