Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Антикоррупциялық қызмет) Төрағасының 2025 жылғы 7 ақпандағы №26 «Жариялануға жататын мәліметтер тізбесін бекіту туралы» бұйрығын орындау мақсатында Павлодар облысы білім беру басқармасының Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының №35 орта жалпы білім беру мектебі» КММ директоры Бектемирова Г.Б бойынша 2024 жылға арналған мүлікті сатып алу, алу және иеліктен шығару туралы, сондай-ақ міндетті түрде жариялануға жататын өзге де мәліметтердің жоқ екендігі хабарланады.
Павлодар облысы білім беру басқармасының Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының №35 орта жалпы білім беру мектебі» КММ өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырып, айқындық, жариялылық және есептілік қағидаттарын қамтамасыз етеді.
Алдағы уақытта жариялануға жататын мәліметтер туындаған жағдайда, ақпарат белгіленген тәртіппен және заңнамада көзделген мерзімдерде орналастырылатын болады.




