2008-2009, 2009-2010, 2010-2011 оқу жылдарындағы мектептегі үйірмелер мен секциялар жұмыстарының салыстырмалы мониторингі
Оқу жылы
2008-09
2009-10
2010-11
2011-12
Үйірмелер мен секциялар саны
9
10
12
12
Қатысатын бала саны
248
303
312
329
%
29
42
44
46
2008-2009 оқу жылында көркемөнерпаздар бағытында 2 вокал, 1 би, 1 домбыра үйірмелері және спорттық бағыттағы волейбол – 1, баскетбол – 2, атлетика – 1 және әскери-патриоттық «Ұлан» клубы жұмыс істеп, барлығы 9 үйірме 248 оқушыны қамтыды. Сонымен қатар 11 гимназия сыныптарына бөлінген пәндік үйірмелер жұмыс істейді. Атап айтсақ, тоғызқұмалақ, шебер қолдар, жан қадірін білу, жас ақындар және т.б.
2009-2010 оқу жылдары барлығы 10 үйірме ұйымдастырылды. Вокал – 3, би – 1, театр -1, волейбол – 2, баскетбол – 2 және әскери-патриоттық «Ұлан» клубы жұмыс істеді. Бұл жылы үйірме, секцияларға барлығы 303 оқушы қатыстырылды....
Ұстаздардың ұстазы
№ 35 мектеп директоры
Асаинов Мұрат Бәкенұлы
"Әттең, халқымды бақытты қылар едім, құдыретім жетпейді,
Әттең, таңнын нұрын құяр едім, шапағатым жетпейді,
Әттен, жақсылық күнін сыйлар едім, жамандық түні кетпейді,
Ұрпақ үшін жан салайық, өмір босқа өтпейді!"...
Жас зерттеушілер
Бас бетіне бару
Оқушылардың ғылыми-зерттеушілік қызметі - жеке адамға бағытталған білім беру парадигмасын іске асырудың бір құралы.
Ол білімді шығармашылықпен қабылдап сіңіруге ықпал жасайтын жеке адамның шығармашылығын дамытуға бағытталған оқытуда негізделеді.
Қазіргі кезде гылыми-зерттеушілік типте үздіксіз білім алуға ауысу қажеттілігі ерекше аталады. Оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін ғылыми еңбек ұжымдарымен біріге отырып шешуге тырысатын педагогикалық ұйымдарын жан-жақты қолдауға ие боларына біз сенімдеміз.
Бүгінгі күні оқушылардың ғылыми қоғам табыстырған дос пейілді балалар көп. Олардың бәрінің де рухани, шығармашылық көзі бір жерден басталып бір бастаудан нәрленеді.
Ол мәдениеттің жаңа деңгейі, тек ақыл біліктілігі ғана емес, сонымен бірге жан байлығы.
Бектемирова Гаухар Болатқызы, мектептің инновация жұмысының меңгерушісі
Мектеп кітапханасы
Бас бетіне бару
№ 35 Жалпы орта білім беру мектебінің кітапханасына хош келдіңіздер.
Кітапхана – мәңгілік парасаттың киелі ғимараты,
адамгершілік пен ізгіліктің, ғылым мен білімнің,
салауатты өмір мен парасатты өркениеттің ұйытқысы.
Сіздерге күн сайын сағат 9.00-17.00-ге дейін кітапхана меңгерушісі Карибаева Айжан Кабдыгалимовна қызмет етеді, санаты жоғары, мектепте 1996 жылдан қызмет істейді.
Сайын Мұратбеков шығармаларындағы синоним сөздердің қолданысы
Сайын Мұратбеков шығармаларындағы
синоним сөздердің қолданысы
A.C.Айтжанова, №35 жалпы орта білім беру мектебі
Жетекшісі – A.Х. Ертаева, қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Сайын Мұратбеков шығармаларындағы синоним сөздердің қолданысы” атты тақырыпты таңдаған себебіміз: қазіргі кезде қазақ тіл білімінде синонимдер, оның ішінде сөз мағынасының дамуы нәтижесінде пайда болатын контекстік синонимдердің жалпы мәселелері зерттеліп жүргенімен, көркем шығармалардағы синонимдер, олардың тіл жүйесіндегі орны, жасалу жолдары, стильдік қызметі осы уақытқа дейін арнайы зерттеу нысаны болған емес.
Біз бұл жұмыста Сайын Мұратбековтің “Жабайы алма” повесіндегі синоним сөздерді зерттеп, автордың сөз қолдану ерекшелігін, ауызекі-сөйлеу тіліндегі жұмсалатын өзгешеліктерді синонимдер арқылы да тануға болатынын дәлелдейміз.
Дәл осы жазушыны таңдағанымыздың бірнеше себебі бар. Біріншіден, Сайын Мұратбековтің шығармаларын оқи отырып, синонимдердің түрлі жасалу жолдарын, белгілері мен тәсілдерін анық байқауға болады. Екіншіден, қазіргі кезде Сайын Мұратбековтің кім екенін әркім біле...
Ғылымға құштар жас жирен
Бас бетіне бару
Үміт бар үлкен ойыңда
Аќтарып білім бұлағын!
Ќорышта ұлан, ќорышта,
Ќорышта ұлан, ќорышта!
Дарындылары жарыстың
Жана берсін баќ артып.
Үміт артып халайыќ,
Шарыќта ұлан, шарыќта!
Фотогалерея
Біздің фотосуреттер 25.10.2013 жылы мектеп кітапханасында қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы, жерлесіміз Мұзафар Әлімбаевтың 90 жылдығына орай 4-ші сыныптарда «Балалардың сүйікті жыршысы» атты әдеби сағат өткізілді. Оқушылар ақынның өлеңдерін оқыды, туған елге, Отанға, тілге, достыққа, табиғатқа байланысты афоризмдерін оқып, жұмбақтарын шешті. Кеш барысында ақынның шығармалары бойынша ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысты.
Ұстаздар күні
Құрметті ұстаздар!
Тамаша мереке - Мұғалімдер күні қарсаңында өзіміздің сүйікті ұстаздарымызды осы бір айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймыз. Біз білім ордасы - мектеп табалдырығын аттап, онда қазықты да терең білім алып, тылсым дүниені таныдық. Ұстаздарымыз бізді білім тұңғиығынан нәр алдырып, қажырлыққа, ізгілік пен адамгершіліккке баулыды, табандылықпен еңбек етіп, алдымызға биік мақсаттар қоюды үйретті.
"Ұстаз, сенің алдыңда бас июге рұқсат ет!" - деген көпке танымал өлең жолдарында осы бір жанкешті абзал жандарға деген ұланғайыр алғыс көрініс тапқан.
Құрметті Ұстаздар, бүгін сіздердің мерекелеріңіз! Мына гүл шоқтары сіздерге!
Сіздерге денсаулық, бақ-береке тілейміз. Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін!
Ізгі ниетпен: Мектеп оқушылары
