Телефон доверия
8 (7182) 53-71-04
Адрес: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында арайлы күн, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың ағаш сабына бекітілген тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық ою-өрнек — алтын түстес. Тудың ені ұзындығының жартысына тең. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев Әнін жазған: Шәмші ҚалдаяқовАлтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой!Қайырмасы:Менің елім, менің елім, Гүлің...
Директордың қабылдау бөлмесі
Асаинов Мурат Бакенович Білімі – жоғары 1995 жылы – ППУ, 2003 жылы – ПаУ, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Еңбек өтілім – 25 жыл, санаты жоғары. Телефоны 8(7182) 534305 Қабылдау кестесі: Сәрсенбі 14.00-ден 19.00
ҰБТ - 2020 Жаңа формат
11-сыныптарда негізгі сабақтарды беретін пән мұғалімдері бойынша мәлімет ҰБТ-ның жаңа форматы ҰБТ-ның жаңа форматы туралы мәлімет ҰБТ-ге дайындық кестесі Жана формат туралы...
Фотокөрме
Мектепте өткен іс-шаралар 2015-2016 оқу жылы
Мектеп кеңесінің құрылымы
Мектеп кеңесінің құрылымы
МЕКТЕП ӘНҰРАНЫ
Мектебім - алтын ұя бесігім
Мектебіміздің тарихы Жас ұрпаққа заман талабына сай жаңаша білім беру келелі мәселелерін оң шешу жолында мектебіміз ауқымды өзгерістерді өткерді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Мемлекетпен қоғам алдында ұлттың зияткерлік әлеуетін сақтап қалу ғана емес оны арттыру жас ұрпақты өмірге дайындауда, олардың бойына отаншылдық, имандылық, кәсіби шеберлік тәрізді игі қасиеттерді сіңіру міндеттері де тұр» деген болатын. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін мектебіміздің ұжымы адаптивті мектепті қалыптастыру бағытында жұмыс жасауда. Қазақ тілінде оқытатын № 35 жалпы орта білім беретін мектеп 1974 жылдан қызмет етіп келеді. Мектептің ең алғаш директоры - Гейм Елена Константиновна. Оқу ісінің меңгерушілері Тарасуло Феликс Аронович, Новокшанова Тамара Михайловна, ал тәрбие ісінің меңгерушісі Дитте Ирина болды. Мектеп ұстаздары Больт Н.М, Бульдыгерова А.В, Ясная Л.А, Галенина В.М, Исамбаева В.М, Старосадчева Г.Е, Головань Е.Е және т.б. Ең алдымен орыс тілді одан аралас 1994 жылдан бастан мемлекеттік тілде оқытатын мектеп болып қалыптасты. 1993-1994 оқу жылында аралас мектебінде директор Бахралинов Сағадат Габбасович. 1994-2005 оқу жылдарында қазақ мектебінің директоры Омарбекова Бахыт Мукановна. 2005-2007 оқу жылдарында мектеп директоры Хасанова Сауле Төлегеновна. 2007 жылдан бастап мектеп директоры Асаинов Мұрат Бакенович Мектептің...
Мектеп әнұраны
"Ардақты мектебім" Сөзі: С. Қибатова, 11 сынып оқушысы Әні: Қ. М. Сатиев Аяулы, ардақты мектебім, Білімнің бар дәнін егіп ең. Аяулы, ардақты мектебім, Өзіңнен нәр алған ұланың   Қайырмасы: Сағынам сені көрмесем, Сыныпқа аяла кірмесем. Ұстазым менің, ұстазым, Мектептің көтерген еңсесін.   Жүректі жылытқан әр уақыт, Тілеймін мен саған бар бақыт. Зейінді шәкірттер өсіріп, Білімнің шырағын сен шалқыт.   Қайырмасы: Сағынам сені көрмесем, Сыныпқа аяла кірмесем. Ұстазым менің, ұстазым, Мектептің көтерген еңсесін.
Мектеп психологы
Мектеп психологы - Какимова Жанар Бакенқызы Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма: 09:00- 17:00 сенбі: 09:00-14:00 АТА - АНАЛАР НАЗАРЫНА ! Бала 18-ге толғанға дейін толық тәрбие беруге және қорғауға сенімді болмасаңыз нәрестелі болуға асықпаңыз. Ал сәбилі бола қалған жағдайда – сіздің демеуіңізді қажет ететін уақыттың мерзімін мейлінше қысқартуға тырысыңыз; өз бетінше талпына бастаған кезден-ақ оған тез арада өзін-өзі басқаруға мүмкіндік туғызыңыз. Бала тәрбиесіндегі басты мәселе – олардың өз қабілеттерін дамыта түсетін істерімен шұғылдануына жағдай жасау. Ешқандай мақсат, тәртіп, жақсы әдеп, т.б. өзін-өзі басқару еркіндігінен биік болмақ емес, әрине, ол негізгі қағидаларға қайшы келмесе. Баланы жақсы көру сезіміңізді тежемеңіз, оған деген ыстық ықыласыңызды аямаңыз. Бала өзінің сүйіспеншілік сезімін немесе сондай сезімді қалайтынын толық білдіре алу керек. Балаларыңыздың өзіндік пікірін, албырт сезімін немесе интуициясын аяқ асты етпеңіз. Оларды өзіңізбен санасуға үйретіңіз және өзіңіз де олармен санаса отырып, кез-келен талабына сергек қараңыз. Балаларға ешқашан жалған сөйлемеңіз. Егер балаға шындықты айтудың қажеті жоқ деп санасыңыз, онда солай деп айтыңыз және оның себебін түсіндіріңіз. Суық қабақ, қаталдық таныту – ең жаман қасиет. Егер сіздің бір тоға тұрмысыңызға белгілі бір дәрежеде...
Әлеуметтік педогог
Әлеуметтік педогог - Мундуинова Асем Ерболатовна Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма: 09:00- 17:00 сенбі: 09:00-14:00 Аз қамтылған отбасының тегін ыстық тамаққа қажетті тапсыратын құжаттар тізімі: 1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аз қамтылған отбасы жайында анықтама 2. Барлық балалардың туу туралы куәлігінің және төлқұжаттарының көшірмесі 3. ИИН оқушының 4. Ата-анасының төлқұжаттарының көшірмесі 5. Ата-анасының неке қию куәлігінің көшірмесі 6. Жұмыс орнынан анықтама (отбасы құрамы болуы тиіс) 7. Жалақысы туралы анықтама (кесте түрінде болуы тиіс) 8. Ата- анасының біреуінің қайтыс болған жағдайда «қайтыс болу туралы туралы куәліктің» көшірмесі 9. Мектепте оқымайтын балалары жайында анықтама 10. Ата-анасы ажырасқан болса, некені бұзу туралы куәлік, ауру болса, мүгедектік туралы анықтама 11. Өтініш Көп балалы отбасының тегін ыстық тамаққа қажетті тапсыратын құжаттар тізімі:   1. «Көп балалы ананың куәлігі» кітапшасының көшірмесі   2. Барлық балалардың туу туралы куәлігінің және төлқұжаттарының көшірмесі   3. Оқушының ИИН-і   4. Ата-анасының төлқұжаттарының көшірмесі   5. Ата-анасының неке қию куәлігінің көшірмесі   6. Жұмыс орнынан анықтама (отбасы құрамы...
Медициналық көмек
МЕКТЕПТЕ АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУГЕ АРНАП ЖАБДЫҚТАЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ КАБИНЕТ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ: Медбике Кошкеева Гүлнәр Төлешовна /білімі –орта-арнаулы, Медбике (жексенбіден басқа ) барлық күндері – 9.00 ден 18.00 дейін қабылдайды. Медициналық кабинетте алғашқы көмек көрсетуге арналған құаралдар: Анальгин Ацетилсалициловая кислота Цитрамон Спиртті жасыл бриллиант ерітіндісі Левомицетин Валериана Но-шпа Папаверин Парацетамол Аммиак ерітіндісі Йод ерітіндісі Спирт мақта бұрама Перекись водорода 3%. Димедрол Нафтизин Валидол Карвалол Уголь активированный Сульфацил натрия Преднизолон Антигриппин Адреналин Смекта
1-сыныпқа қабылдау
Нормативтік құжаттар
Педагог мәртебесі заңы      Жүктеу Әдістемелік нұсқау хат (2019-2020) Жүктеу Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы            Жүктеу Қазақстан Республикасының конституциясы (Конституция республикалық референдумда қабылданған 30 тамыз 1995 жыл Жүктеу  Қазақстан Республикасының заңы "Білім туралы"(өзгертулермен және толықтырулармен 05.05.2017 жыл) Жүктеу Қазақстан Республикасының "Ғылым туралы" Заңы 2011 жыл 18 ақпан N 407-IV Жүктеу Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" Заңы 2015 жыл  24 қараша  № 418 Жүктеу Қазақстан Республикасының "Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы" Заңы 2000 жыл 13 желтоқсан N 113 Жүктеу Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк жастар саясаты туралы"  Заңы 2015 жыл 9 ақпан № 285-V...
Байланыс
БАЙЛАНЫС ЖАСАУ ҮШІН МӘЛІМЕТ  Біздің мекен-жайымыз: ҚР, Павлодар қ., Айманов к-сі, 37 үй   Телефоны: 8(7182) 537104, факсы 8(7182) 534305   Электрондық пошта: sosh35@goo.edu.kz  Мектеп сайты: http://goo.kz/index/fromorg/45  Сенім телефоны: 8 (7182) 53 71 04
Температуралық параметрлер "Қыс 2017-2018"
Пайдалы сілтемелер
Білімділер порталы     Жаңа ақпараттық технологияларды оқытуға арналған сайт Әдістемелік сайт Ашық сабақтар сайты Қазақстандық интернет - олимпиадалары Орысша - қазақша сөздік   Онлайн оқыту және ҰБТ-ға дайындық сайты   Студенттер мен оқушыларға арналған білім порталы e-Learning Portal Kazakhstan Орысша - қазақша сөздік Ашық сабақтар, курстық жұмыстар және ҰБТ-ға дайындық сайты   Білімділер сайты   Сұрақ - жауап сайты Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталы
101 Мемлекеттiк қызмет туралы Заң
Мемлекеттік қызмет көрсету туралы Заң (жүктеу) Мемлекеттiк қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi N 453 Заңы МАЗМҰНЫ 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) бiлiктiлiк талаптары - мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке орналасуға үмiткер азаматтарға кәсiптiк даярлығының деңгейiн, құзыреттiлiгiн және нақты әкiмшiлiк лауазымға сәйкес келуiн айқындау мақсатында қойылатын талаптар; 2) лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша билiк өкiлiнiң функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдық-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам; 3) лауазымдық өкiлеттiк – мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге жауап беретiн нақты мемлекеттiк лауазыммен көзделген құқықтар мен мiндеттер; 4) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет санаты – мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер атқаратын әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығының лауазымдық өкiлеттiктiң көлемi мен сипатын көрсететiн сыныптамалық сипаттамасы; 5) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi – мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң құрамына кiрмейтiн, мемлекеттiк органда лауазымдық өкiлеттiктердi тұрақты кәсiптiк негiзде жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi; 6) мемлекеттiк қызмет – мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен...
Мемлекеттiк сатып алу туралы.Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi N 303 Заңы
Жүктеу
Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Жүктеу