Ұстаздардың ұстазы
№ 35 мектеп директоры
Асаинов Мұрат Бәкенұлы
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.
Абай Құнанбайұлы
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды құру» біздің алдымызға үлкен мақсаттар қойып отыр. Ол – жеке тұлғаның, қоғамның, экономиканың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бәсекелестікке қабілетті білім беру жүйесін қалыптастыру. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін біз...
Қасиетті Рамазан мүбәрақ болсын!
Құрметті мұсылман бауырлар, қымбатты ұстаздар, оқушылар!
Баршаңызды мүбарак Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын!
Айттарыңыз қабыл болсын,
Бар жақсылық тамылжысын.
Ұлы Алла жарылқасын,
Жақсы етсін қарымтасын.
Жақсы тілеу үзілмесін,
Жемісі мол күзін берсін.
Есіктерің ашық болсын,
Ыдыстарың асып толсын.
Айттарыңда Қыдыр Ата,
Жақсылығын, шашып келсін.
Отбасыларың аман болсын,
Бейбітшілік заман болсын.
Бар қызықты ел жұртыңмен
Көретұғын шамаң болсын
Әмин, Аллаһу Әкбар!
Оқушылар рейтингі
2012-2013 оқу жылындағы № 35 мектеп оқушыларының
конкурстар мен байқауларға қатысуының нәтижелік көрсеткіштері
2012-2013 оқу жылындағы № 35 мектеп оқушыларының
ғылыми зерттеу жобалары мен олимпиадалары бойынша нәтижелік
көрсеткіштері
1 желтоқсан күні ҚР Тұңғыш Президенті күні
Биыл Қазақстанда алғаш рет 1 желтоқсан күні ҚР Тұңғыш Президенті күні – мемлекеттік мереке аталып өтпек.
Қазақстан атты еліміздің, Тәуелсіздік атты басты құндылығымыздың синониміне айналған Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіздік жолында атқарған істері мен ел үшін еткен еңбегі ұшан-теңіз. Елбасының тәуелсіздік туын қолға ұстағалы бері әлем алдындағы, еліміз халықтары алдындағы көрсетіп келе жатқан ұлан-ғайыр қажыр-қайраты қайран қалдырады.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, ел сенімін арқалаған сарабдал саясаткер, әлемдік деңгейде өзіндік орны бар тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланған болатын.
Қазақстан бүгінде Орталық Азия елдері ішінде экономикасы, әлеуеті дамыған, әлем таныған мемлекет болып дараланды. Ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы - Қазақстан-2030 Стратегиясын жүзеге асыру, ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосқан «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы, «еуразияшылдық» идеясының тұжырымдамасын енгізу сынды еліміздің...
Тәуелсіздік күні!!!
Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болсын!
Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Дәулетіміз шалқып, береке-бірлігіміз жараса берсін!
Жаңа жыл 2014!!!
Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар!
Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір!
Жаңа жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой-мақсаттар жүзеге асатын, арман-үміттер ақталатын жыл болсын. Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілеймін.
Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға,
Құт-береке әкелсін баршаңызға.
Аңсаған арманыңыз орындалып,
Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.
Жаңа жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер жылы болсын!
Ізгі ниетпен: мектеп директоры М. Б. Асаинов
Байланыс
Мектептің мекен-жайы: Павлодар қаласы, Айманов көшесі, 37 үй.
Оқу мекемесінің телефоны: 537104 - қабылдау бөлмесі;
534305 директор;
539887 - бухгалтерия;
Электрондық адрес: school_35@inbox.ru
Мектеп сайты: http://goo.kz/index/fromorg/45
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Мектепте алғашқы жәрдем көрсетуге арнап жабдықталған медициналық кабинет жұмыс жасайды:
Медбике Макеева Наталья Николаеевна /білімі –орта-арнаулы, Павлодар Мемлекеттік медициналық колледжін тәмәмдаған.
Медбике (жексенбіден басқа ) барлық күндері – 9.00 ден 18.00 дейін қабылдайды.
Медициналық кабинетте алғашқы көмек көрсетуге арналған құаралдар:
1. Анальгин
2. Ацетилсалициловая кислота
3. Цитрамон
4. Спиртті жасыл бриллиант ерітіндісі
5. Левомицетин
6. Валериана
7. Но-шпа...
ҚР Мемлекеттік Рәміздері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ –Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 жылдың 4 маусымында "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы" "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтанбасы туралы"және"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы" заңдарға қол қойды. Қазақстан Республикасының Президентінің 1996 жылғы 24 қаңтар күнгі "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы"Конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген.Мемлекеттік ту ортасында 32 сәуле тараған күн бейнеленген, күннің астында қалықтаған дала қыраны бар көгілдір түсті тікбұрышты кездеме. Ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең: 1:2.Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы — суретшi Шакен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Гералдика(Гербтану) тiлiнде — көк түс және...
Әлеуметтік педагог
Әлеуметтік педогог - Уразбаева Шынар Сағатқызы
Жұмыс кестесі:
дүйсенбі-жұма: 09:00- 17:00
сенбі: 09:00-14:00
Сынып жетекшілер назарына!
Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
Аз қамтылған отбасының тапсыратын құжаттар тізімі:
1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аз қамтылған отбасы жайында анықтама
2. Барлық балалардың туу туралы куәлігінің және төлқұжаттарының көшірмесі
3. ИИН оқушының
4. Ата-анасының төлқұжаттарының көшірмесі
5.Ата-анасының неке қию куәлігінің көшірмесі
6. Жұмыс орнынан анықтама / Отбасы құрамы болуы тиіс/
7. Жалақысы туралы анықтама /Кесте түрінде болуы тиіс/
8.Ата-анасының біреуінің қайтыс болған жағдайда «қайтыс болуы туралы куәліктің » көшірмесі
9. Мектепте оқымайтын балалары жайында анықтама
10. Ата-анасы ажырасқан болса, некені бұзу туралы куәлік , ауру болса, мүгедектік туралы анықтама
11. Өтініш
Көп балалы отбасының тапсыратын құжаттар тізімі:
1. «Көп балалы...
Мектеп психологі
Мектеп психологы - Какимова Жанар Бакенқызы
Жұмыс кестесі:
дүйсенбі-жұма: 09:00- 17:00
сенбі: 09:00-14:00
АТА - АНАЛАР НАЗАРЫНА !
1. Бала 18-ге толғанға дейін толық тәрбие беруге және қорғауға сенімді болмасаңыз нәрестелі болуға асықпаңыз. Ал сәбилі бола қалған жағдайда – сіздің демеуіңізді қажет ететін уақыттың мерзімін мейлінше қысқартуға тырысыңыз; өз бетінше талпына бастаған кезден-ақ оған тез арада өзін-өзі басқаруға мүмкіндік туғызыңыз.
2. Бала тәрбиесіндегі басты мәселе – олардың өз қабілеттерін дамыта түсетін істерімен шұғылдануына жағдай жасау. Ешқандай мақсат, тәртіп, жақсы әдеп, т.б. өзін-өзі басқару еркіндігінен биік болмақ емес, әрине, ол негізгі қағидаларға қайшы келмесе.
3. Баланы жақсы көру сезіміңізді тежемеңіз, оған деген ыстық ықыласыңызды аямаңыз. Бала өзінің сүйіспеншілік сезімін немесе сондай сезімді қалайтынын толық білдіре алу керек.
4. Балаларыңыздың өзіндік пікірін, албырт сезімін немесе интуициясын аяқ асты етпеңіз. Оларды өзіңізбен санасуға үйретіңіз және өзіңіз де олармен санаса отырып,...
Қалалық пән олимпиадасы
Қалалық пән мұғалімдер олимпиадасында І орынға иеленгені үшін №35 ЖОББМ педогогикалық ұжымы мараптталады!
