«№112 сәбилер-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Біздің балабақшамыз 1985 жылдың желтоқсан айында құрылған.
Мекенжайы:Естай көшесі, 91/1
Телефондар:22-44-90, 22-44-80, 22-80-72
Балабақшаның айналасында «Артур» сауда орталығы, жәрмеңке кешені және ХҚКО (Халыққа қызмет көрсету орталығы) орналасқан.
Балабақшаға №3, 57, 52, 52А, 60, 53 бағытындағы маршруттық таксилермен жетуге болады.
Балалардың балабақшада болу уақыты:07:00–19:00
Жобалық қуаттылығы:248 орын
Топтар саны:12
Балабақшада келесі кабинеттер мен залдар жұмыс істейді:
- Музыка залы;
- Спорт залы;
- Психолог кабинеті;
- Қазақ тілі кабинеті;
- Медициналық кабинет;
- Логопед кабинеті;
- Бассейн.
Біздің ұжым
Балабақшаның жұмыс істеген жылдары ішінде жоғары кәсіби білікті педагогтер мен тәрбиешілерден, сондай-ақ еңбегі көзге көріне бермесе де, ортақ жұмысымызда маңызды рөл атқаратын қызметкерлерден құралған тамаша ұжым қалыптасты.
Олардың қатарында асхана қызметкерлері, медицина қызметкерлері мен тәрбиешілердің көмекшілері бар.
Балабақшада жылы, үйдегідей жайлы атмосфера қалыптасқан. Ұжым жұмысындағы басты құндылықтардың бірі – балаларға деген сүйіспеншілік.
Балабақша қызметінің басты мақсаты
Балаларды оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесіндегі заманауи тәсілдер негізінде педагогикалық, психологиялық, сауықтыру және түзету жұмыстарын кіріктіру арқылы білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету.
Балабақша жұмысының негізгі бағыты
Мектепке дейінгі жастағы балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған қызмет жүйесін жетілдіру.
