Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
"БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ БОЙЫНША ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ" МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ СТАНДАРТЫ

Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 мамырда № 20695 болып тіркелді.

   "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 170 бұйрығымен бекітілген "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10980 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күшін жоғалтқан деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті (М.Т. Мелдебекова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1)  осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2)  осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі интернет-ресурсында орналастыруды;

      3)  осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ш.Т. Кариноваға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

 

 

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 219 бұйрығына
қосымша

 

"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы қағидасы" "Мемлекеттік қызмет көрсету туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қосымша білім беру ұйымдарына және жалпы орта білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) құжат қабылдаудың тәртібін анықтайды.

      2. "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталына (бұдан әрі - Портал) жүгінеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі, оның ішінде үрдістің мінездемесі, түрі, мазмұны және қызмет көрсетудің нәтижесі, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген.

      4. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын қабылдау туралы қолхат беріледі немесе көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және қабылдау туралы өтінішті белгіленген мерзімнен кеш берген жағдайда, өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы еркін нысандағы анықтаманы беріледі.

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Құжаттарды Портал арқылы берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері келіп түскен күні өтінішті тіркейді және оны жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға жібереді. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері алынған сәттен бастап 10 минут ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды қағаз жеткізгіште немесе Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны және қосымша білім беру ұйымына, жалпы орта білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей мемлекеттік корпорацияның филиалына құжаттарды жеткізуді қамтамасыз етеді

      6. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік қызмет көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласында уәкілетті орган белгілеген тәртіп бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезеңі туралы ақпараттық жүйеге мәліметтер енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органға беруге болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекен-жайына тікелей түскен көрсетілетін қызметті алушының арызы "Мемлекеттік қызмет көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап, 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсетуді бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органның мекен-жайына түскен жағдайда, онда тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген тәртіппен сотқа жүгіне алады.