Телефон доверия
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Мектеп тарихы

Новый рисунок

Макпалеев Камал Ақперұлы (1933-1995 ж.ж.) – облыстық білім беру жүйесінде теңдесі жоқ үлес қосқан, үлкен әріппен жазылатын мұғалім, баға жетпес қосқан ұстаз. Өзінің сүйікті ісіне 40 жылдан астам уақытын арнаған, оның ішінде 30 жыл Павлодар қаласындағы №22,24,4 мектептің ұжымын басқарған.

Рисунок (171)

Рисунок (1733)

Рисунок (1722)                

1972 жылы №4 мектептің ең алғаш өмірін бастаған 1-ші директор Камал Ақперұлы Мақпалеев. Мектеп пен оның директоры, сондай сәттілікпен ширек ғасыр бірге болды.

Рисунок (1700)

Мектепке кірген кезде мемориалды тақтадағы түгел өмірін мектепке арнаған ескерткішті көруге болады. Директор өте талапқойғыш, бірақ ол не істеуді білді. Оны бұрынғы бірге істеген ұжымдастары жиі еске алады: «Осындай директор бірінші мектепке келетін ең соңынан қайтатын еді, қандай жақсы еді, кетерде мектепті тексереді, сосын мектептің айналасын тексеріп,үйіне қайтатын» еске алады. №1 педагогикалық кеңесінің хаттамасында директордың сөзі жазылған: «Ең бірінші міндет - ұжымның біртұтастығы».

Рисунок (1677)

Ол мектептегі педагогтардың жұмыстан кетуіне жол бермеді. №4мектепте жұмыс істеу мен оқу өте абырой болды, бірақ оған қабылдану өте қиын еді. Жұмысқа қабылданған мұғалімді ол әуелі жеке іс парағын қарайтын, бұрынғы ұжымдағы жұмыстарымен танысатын. Егер ол адам өзін қызықтырса, жұмысқа алу-алмау туралы шешім қабылдайтын. Оның өмірінің соңғы кезінде К.А.Мақпалеевтың терімен істелінген жинақталған ұжым қалды.

 Рисунок (1622) 

Ол 1972 жылы қаланың ең үздік мектебін құрғысы келді, сол себепті ол адамдардан тек қана жоғары деңгейдегі жұмысты талап етті. Бұл орындалды да,онымен ұзақ жыл бірге істеген ұжымдастары оны түсінді. Камал Ақперұлының жетекшілігімен мектеп бірінші боп кабинеттік жүйеге көшті. Пән кабинеттеріне барып, қарау-өте керемет жабдықталғанына осы кезге дейін таң қалады.

Рисунок (1633)

Әрине, қаншама сайыстар, олимпиадалардағы мектептің алған бірінші орындарын есептеу мүмкін емес. Бұл деген жаңадан ашылған мектептің қуанышы еді. 1979 жылы өте ерекше жыл болды, мектеп бұрынғы Одақтың халық шаруашылығының көрмесінде жаңашылдығы үшін күміс медальға ие болды. К.А.Мақпалеев, Е. Н. Оноприенко, Л. Я. Прилуцкой, В. И. Дмитриеваның іс тәжірибелері өте жоғары деңгейде болды. Бірінші орын - қалалық пән олимпиадасы, жоғары оқу орнына түсушілер - 100%,- осыныңбарлығы К.Ақперұлының керемет жетекшілігі еді.

Рисунок (160)

Жаңа мектеп сол кезде орналасқан жері – жай жатқан тегіс жер болды. Мектепті көгалдандыру үшін, ол саябақ отырғызу ойларын С. Г. Дерябскиймен бірге іске асырды. Өзі оқушылармен, мұғалімдермен бірге ағаш екті, ол осы ағаштардың өсетіне сенді. Олар өсті-өте биіктеп, асқақтап, осы кезге дейін адамдарды әдемі ағаштар қуантады.

Рисунок (1699)

Мектепте ән айтатын мұғалімдер көп болды, директор ансамбль құруды ойлап, Н.Г. Садкевичтің ұжымдастыруымен «Ровесник» атты мектептің ансамблі болды. Бұл ансамбль тек мектепте емес, қалаға белгілі аян болды, сол кезде өте жоғары бағаланды.

  Рисунок (1577)  

1972 жылы мектепке бірінші боп бірінші сыныптың оқушылары келді. Бастауыш сыныптың мұғалімдері, қазіргі зейнеткерлер еске алады: оқу жылының басталуындағы көңіл-күй өте жақсы болды. Біріншісыныптарға қамқоршы мұғалімдер мен директор, жаңа мектеп керемет болды. Уақыт өте сол оқушылар өз балаларын өз мектебім өз мұғалімдеріне әкелді. Әрбір оныншы оқушы, өз ата-аналары осы №4 орта мектептің түлегі, ол қаншама осы мектептің ұстаздарының ұшырған шәкірттері.

Рисунок (1688)

№4 мектепте жұмыс істеу қиын және оқу күрделі болды. Соколова Л.Н- өзінің педагогикалық еңбек жолын осы мектептен бастап,осы кезге дейін жұмыс істеуде: «Анда-санда мектептен кеткім келеді,бірақ басқа мектепке ешқашан бармаймын»-дейді. К.Ақперұлы осы мектепте жұмыс бастаған мұғалімдердің ешқашанда басқа мектепке кетуіне жол бермеу үшін, қолдан келгеннің бәрін жасады.

Рисунок (1600)

К.А.Мақпалеевтың есімі облыстың тарихи естемелектерінде жазулы, бүкіл ұстаздардың есінде талапқойғыштығы тек басқаға емес, өзіне де солай қарайтыны айналасындағы басшыларға аян. Ол «Қазақ ССР-ның еңбегі сіңген мұғалімі»белгісімен, «Құрмет белгісі»орденімен,марапатталды. Бірақ, өкінішке орай, қайтыс болған соң берілді. 1999жылы, 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысының №1436 Павлодар қаласының №4мектебіне К.А.Мақпалеевтің есімі берілді.

Рисунок (1644)

«Мақпалеев» мектебінің атақты дәстүрлері ұмытылмайды. Бүгінде мектеп, жаңа директор Бабыкова Г.К жетекшілік етуімен балаларды ұйымдастыру мен жас жеткіншектерге білім, тәрбие беруге жаңа әдістерді құрып, пайландануда -тәжірибе жинақтауда. Ең бастысы, мектептің өткен жылдар бойы сақталған үлгісін жалғастыруға мұғалімдер дайын. Ю.Гагарин көшесінде орналасқан мектеп тұр, таңертен кәдімгі қоңырау соғылады және әдеттегідей балалар жүгіреді. Оларды мектеп табалдырығынан өмірде алдан бірнәрсе күтуде. Мүмкін осыған бола,ширек ғасыр оларды кутіп,шығарып салу үшін, әр оқушы есіне сақтап, бәріне қамқоршы болуы. Мүмкін мектептің кіреберістегі орналасқан үлкен портретінен қазір де Камал Ақперұлының мейірімді көздері қарап тұрғандай, оқушылар мен мұғалімдерді шығарып салады, оларды жаңа жетістіктер мен жеңістерге бата бергендей!...