Сенім телефоны
8(7182)21-07-34
email: sosh4@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Гагарин көшесі, 58 үй
Директор: 21-07-34 Қабылдау бөлмесі: 22-22-18 Бухгалтерия: 21-06-26 Вахта: 57-07-40
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі: 15:00-17:00;
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп кітапханасын пайдаланудың қағидалары

«Бекітемін»

№4 К. Макпалеев атындагы

ЖОБМММ

Мектеп директоры

_________Батесова Н.М

 

 

ЖАЛПЫ ОРТА БIЛIМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ  КІТАПХАНАСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

 

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1 .Мектеп кiтапханасы оқу-тәрбие процесiн әдебиетпен жәене ақпаратпен қамтамасыз ететiн мектептiң  құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.

2.Мектеп кiтапханасы өз қызметiнде Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы” Заңын, кiтапхана iсi жөнiндегi құжаттарды, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң нормативтi актiлерiн, мектеп жарғысын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

Кiтапханаға  бiлiм беру ұйымдарының барлық типтерiнiң кiтапханалары үшiн әдiстеме орталығы болып табылатын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлгiнiң Республикалық ғылыми-педагогика кiтапханасы жалпы әдiстемелiк басшылық жасайды.

З. Кiтапхана оқырмандар мектеп оқушылары мұғалiмдерi, тәрбиешiлерi мен басқа да қызметкерлерi үшiн ашық әрi тегiн.

4. Кiтапхана қоры мен басқа да кiтапхана ақпаратын пайдалану тәртiбi, негiзгi қызметтер тiзбесi мен оларды ұсыну шарты кiтапхананы пайдалану қағидаларында белгiленедi.

 

2. КІТАПХАНА МІНДЕТТЕРI

5. Оқушыларға, педагогтер мен оқырмандардың басқа да санаттарына кiтапхана және ақпарат-библиография қызметiн көрсету жолымен оқу-тәрбие процесi мен өздiгiнен бiлiм алуды қамтамасыз ету.

6. Оқу-тәрбие процесiн толығымен қамтамасыз ету мақсатында қорды түзу.

7. Анықтама-библиография аппаратын ұйымдастырып, жүргiзу жолымен кiтапхана қорларын толығымен ашып көрсету.

8. Оқушыларды ақпарат мәдениетiне, кiтапқұмарлыққа, оқу мәдениетiне, кiтапханы пайдалана бiлуге, шығармашылық ойлауды дамытуға тәрбиелеп, тiл қызметiн, азаматтық сауаттылықты қалыптастыруда көмектесу. Өздiгiнен бiлiм алуға көмектесiп, оқушыларға жүйелi оқудың қажетгiгiн бойларына сiңiру.

9. Оқушылардың кiтапхананың тәуелсiз пайдаланушысының кiтаптар мен басқа да ақпарат көздерiн пайдалануға, ақпаратты iздеу, iрiктеу және сыни баға беруге үйрету дағдысын қалыптастыру.

10. Мектептiң педагогикалық қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн арттыруда көмек көрсету.

11. Дәстурлi және жаңа кiтапхана технологияларын меңгеру, электронды ақпарат жүйелерiн дамыту, ұыимдастыру техникасын пайдалану мен кiтапхана-ақпарат процестерiн компьютерлеу негiзiнде кітапхана-ақпарат қызметiнiң сапасын арттыру.

 

3. КІТАПХАНАНЫҢ БАЗИСТIК ҚЫ3МЕТI

Мектеп кiтапханасының негiзгi қызметi бiлiм беру, ақпарат және мәдени болып табылады.

12. Кiтапхана қорларын бiлiм беру бағдарламаларына сәйкес түзу.

Мектеп кiтапханасы сапалық құрамы жағынан әмбебап: оқу, көркем, анықтама, ғылыми-көпшiлiк әдебиет, оқушыларға арналған мерзiмдi басылымдар: педагогика қызметкерлерiне арналған ғылыми-педагогика, әдiстеме, анықтама әдебиетi көрын жинақтайды.

Қор кiтаптардан, мерзiмдi басылымдардан, кiтапшалардан, дәстүрлi емес ақпарат көздерi: аудио және бейне кассеталардан, микрофиштерден, мөлтек фильмдерден құралады. Құрамы мен даналығы мектептiң түрiне, оқушылар контингентiне, оқытудың өзгешелiгiне қарай түрленiп отырады.

13. Оқырмандардың жас ерекшелiктерiн ескере отырып анықтама-библиография аппаратын: дәстүрлi және мәшинеде оқылатын көздердегi каталогтер мен картотекалар жүргiзу.

Оқушыларға, педагогтер мен ата-аналарға ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету, оқырмандарға кiтап iздеу мен тандауда кеңес беру, кiтапхана-библиография бiлiмдерi негiздерi, оқу мәдениетi мен шығармашылық оқуға тәрбиелеу жөнiнде оқушылармен сабақтар өткiзу.

14. Кiтапхана оқырмандары мектеп оқушылары, мұғалiмдерi мен басқа да қызметкерлер мен ата-аналар болып табылады.

15. Оқушыларға абонементте, оқу залында және кiтапханаралық абонемент бойынша қызмет көрсетiледi.

16. Кiтапхана қызметкерлерi басылымды ғылыми өңдеудi жүзеге асырып, ктаптар мен басқа да ақпарат көздерiнiң жиынтық және жеке есебiн жүргiзедi.

1 7.Белгiленген тәртiппен факультативтiк сабақтарды, кiтапханалық библиографиялық бiлiмдердi насихаттау үйiрмесiнiң сабақтарын өткiзу.

18.Жеiке, топтық және көпшiлiк нысандарыньң (көрмелер, әнгiмелер, кiтап талқылау, оқырман конференциялары, викториналар және т.т) көмегiмен әдебиеттердi насихаттау.

Кiтапхана қызметкерi келiсiм-шарт негiзiнде қосымша кiтапхана-ақпарат қызметтерiн: жазбаша библиографиялық анықтамалар, кажеттi әдебиеттер тiзiмiн, баспа түпнұсқаларын және т.б. әзiрлеудi атқаруы мүмкiн.

19. Кiтапхана қорының сақталуының тиiстi режимін (оған сәйкес оқулықтар бөлек бөлмеде сақталады) қамтамасыз ету.

Кiтапхана қызметкерлерi кордың сақталуы үшiн материалдық жауап бередi.

20. Профилдi емес және басы артық әдебиеттердi кiтапхана қорынан шығарылғаң тастау, қайта бөлу және сату негiзгi және оқу қорынан шығарылған кiтаптар мен оқулықтарды сатуды белгiленген тәртiппен ұйымдастыру (“Халыққа кiтап сатуды ұйымдастыру тәртiбi туралы Ереже” 31.10.88 ж.. № 407 бұйрық бойынша).

21. Оқырмандарға қызмет көрсету үшiн тиiстi санитариялық-гигиеналық режим мен колайлы жағдайды қамтамасыз ету.

22. Оқырмандарға кiтапхана қызметi туралы жүйелi түрде хабарлау.

23. Кiтапхана қызметкерлерiнiң бiлiктiгiн көтеру, олардың өздiгiнен бiлiм алуына жағдай туғызу.

24. Кiтапхана ресурстарын тиiмдi пайдалану мақсатында аймақ кiтапханаларымен өзара қарым-қатынас жасау.

25. Кiтапхана активiн кұру, оқушыларды кiтапхананы басқаруға тарту, олардың кеңесшi орган-кiтапхана кеңiсiнiң жұмысына қатысуы.

 

4. УЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ШТАТТАРЫ

26. Кiтапхананың негiзгi шарты - бастапқы қордың, әдебиеттердi жинақтау үшiн тұрақты қаржыландырудың, сондай-ақ санитариялық нормаларға сәйкес келетiн бөлмелердiң, құрал-жабдықтардың болуы.

27. Мектеп кiтапханасының қызметiне басшылық жасау мен бақылауды мектеп директоры жүзеге асырады. Ол нормативтi және технологиялық құжаттарды, кiтапхана жұмысының жоспалары мен есептерiн бекiтедi.

Директор кiтапхана қызметiнiң барлық қырлары: қорды жинақтау мен сақтау, сапалы жұмыс iстеу үшiн қажеттi жағдай туғызу үшiн жауап бередi.

Мектеп кiтапханасының қызметi мектеп директоры мен аудандық (қалалық) бiлiм белiмiнiң (басқармасының) келiсiмi бойынша тексерiледi.

28. Мектеп басшылары белгiленген нормативке сәйкес әдебиеттер сатып алуды және басқа да шығындарды тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуге мiндеттi. Сондай-ақ мақсатты қаражаттар (демеушiлер, коғамдық шефтiк ұйымдар), қосымша атқарылған кiтапхана қызметi үшiн түскен қаржы да пайдаланылады.

29. Кiтапхана жумысын ұйымдастыру мен қызметiнiң нәтижелерi үшiн кiтапхана меңгерушiсi (кiтапханашы) жауап бередi. Ол педагогика ұжымының мүшесi әрi мектептiң педагогика кеңесiнiң құрамына енедi.

30. Кiтапхана жылдық жұмыс жоспары мен есебiн әзiрлейдi. Ол педагогика кеңесiнде талқыланып, мектеп директоры бекiтедi.

Кiтапханың жылдық жоспары мектептiң оқу-тәрбие жұмысының жалпы жылдық жоспарының бiр бөлiгi болып табылады. Жоспар кiтапхана процестерiнiң уақытын ескерiп жасалады.

 

31. Кiтапхана жұмысның графигi мектептiң жұмыс кестесiне, сондай-ақ iшкi еңбек тәртiбi қағидаларына сәйкес белгiленедi. Айына бiр рет кiтапханада санитариялық күн өткiзiледi. Ол күнi кiтапхана оқырмандарға қызмет көрсетпейдi.

32. Кiтапхана штаты мен қызмет окладтарына қосымшалар мен үстемелердi қоса алғандағы еңбек ақы төлеу мөлшерi қолданылып жүрген нормативтi құқықтық құжаттарға сәйкес белгiленедi.

33. Кiтапхана қызметкерлерi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2000 ж. 17 тамыздағы № 827 Бұйрығы бекiткен Жоғары, бастауыш және орта кәсiптiк және жалпы орта бiлiм беру ұйымдары кiтапханаларының басшы қызметкерлерi мен мамандарын аттестациялау туралы Ережеге сәйкес аттестациялауға жатады.

34. Кiтапхана меңгерушiсi (кiтапханашы) бiлiктілiгiн бес жылда бiр рет бiлiктiлiктi көтеру курстарында, кiтапхана қорлары жөнiндегi әдiскерлер, әдiстеме орталығы-кiтапхана өткiзетiн семинарларды, өздiгiнен бiлiм алу жолымен жүйелi түрде көтередi.

Мектеп жұмысының озық тәжiрибесiн зерттеу үшiн кiтапханашыларға аптасына бiр әдiстеме күнi берiледi.

35. Кiтапхана қызметкерлерi белсендi жұмысы үшiн бiлiм қызметкерлеріне арнап көзделген наградаларға, ажырату белгiлерiне ұсынылуы мүмкiн.

36. Мектеп кiтапханасының мектептiң аты жазылған штампы мен басқа да қажеттi мөрi болады.

 

5. КIТАПХАНА КЕҢЕСI

37. Мектеп кiтапханасында шараларды жүзеге асыру мен кiтапхана жұмысының көкейтестi мәселелерiн қарастыруда нақты көмек көрсету мақсатында кенесшi орган құқығымен кiтапхана кеңесi құрылуы мүмкiн.

Кiтапхана кеңесi өз жұмысын мектеп қызметiнiң негiзгi бағыттарымен және жоспарларымен келiседi.

38. Кiтапхана кеңесiнiң құрамына кiтапхана қызметкерлерi, педагогика ұжымының, ата-аналар активiнiң, жұртшылық өкiлдерi мен оқушылар енедi. Кеңестiң сан құрамы жұмыс мөлшерiне қарай кем дегенде 5 адам.

Торағасы мектеп басшылығының өкiлi, хатшысы - кiтапхана меңгерушiсi (кiтапханашы) болып табылады.

Кеңес мүшелерi кiтапхана жұмысының белгiлi бiр бөлiгiне бекiтiледi.

39. Кiтапхана кеңесiнiң отырысы жоспарға сәйкес белгiленген мерзiмде (тоқсанда бiр рет) өткiзiледi.

Жоспарды мектеп директоры бекiтедi.

 

6. ҚҰҚЫҚТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ЖАУАПКЕРШIЛIГI

Кiтапханалардың:

40. Осы Ережеде келтiрiлген мiндеттерге сәйкес өз қызметiнiң мазмұны мен нысанын дербес белгiлеуге;

41. Кiтапхананы пайдалану қағидалары мен басқа да реттеушi құжаттарды әзiрлеуге;

42. Кiтапхананы пайдалану қағидаларына сәйкес кiтапхана пайдаланушысы келтiрген зиянды өтеудiң түрi мен мөлшерiн белгiлеуге құқығы бар.

Кiтапхана қызметкерлерiнiң:

43. Кiтапхананың алдына қойылған мiндеттi шешуге байланысты ақпаратты, бiлiм беру бағдарламаларын, оқу бағдарламаларын; мектептiң жұмыс жоспарын еркiн пайдалануға;

44. Кiтапхана қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн, өздiгiнен бiлiм алу жағдайын ұйымдастыру, кiтапхана мәселелерi жөнiндегi ғылыми конференцияларға, кеңестер мен семинарларға қатысуды қамтамасыз ету iсiнде мектеп әкімшiлiгi тарапынан қолдауға;

45. Тиiстi нормативтiк актiлерде баяндалған тәртiпке сәйкес аттестациядан өтуге;

46. Қызметкерлер мен мектеп басшылығы арасындағы келiсiм-шартка сәйкес 24 жұмыс күндiк жыл сайын демалысқа

47. Бiлiм қызметкерлерiне арнап көзделген әр түрлi көтермелеу нысандарына, наградалар мен ажырату белгiлерiне ұсынылуға құқығы бар.

Кiтапхана қызметкерлерi:

48. Қазақстан Республикасының 1999 ж. 10 желтоксанындағы “Еңбек туралы” Заңы реттейтiн еңбек қатынастарын сақтау;