
Бекбаева Айнур Тлегеновна
"Павлодар қаласының №48 ЖОМ» КММ басшысы
1976 жылы 1 қыркүйекте Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, С. Мүткенов ауылында дүниеге келген.
Білімі:
-
1995 жыл – Павлодар педагогикалық институты, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
-
1999 жыл – С. Торайғыров атындағы ПМУ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
-
2021 жыл – Инновациялық Еуразия университеті, педагогика және психология мамандығы, педагогика ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолы:
-
1995-2014 жылдары – «Павлодар қаласының Қ. Мақпалеев атындағы №4 жалпы орта білім беру мектебі» КММ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.
-
2002-2014 жылдары – аталған мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
-
2015 жылдан 2017 жылдың қазан айына дейін – «Өрлеу» БАҰО» АҚ ПҚ БАИ Павлодар облысы бойынша филиалында қоғаммен байланыс және баспа ісі бөлімінің бас маманы лауазымында жұмыс істеді.
-
2017 жылдың 16 қазанынан 2025 жылдың тамыз айына дейін – «Павлодар қаласының Мәшһүр Жүсіп атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ басшысы.
-
2025 жылдың қыркүйек айынан бастап – «Павлодар қаласының №48 жалпы орта білім беру мектебі» КММ басшысы болып тағайындалды.
Санаты: Бірінші санатты басшы, педагог-зерттеуші.
Жалпы педагогикалық жұмыс өтілі – 30 жыл.
Марапаттары:
-
Павлодар облысы білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған (2023 жыл);
-
Павлодар облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Алғыс хаты (2024 жыл).
