Сенім телефоны
+77005264146 (Серік Жұпар Думанқызы педагог-психолог)
Мекенжайы: Павлодар қ., Ладожская көшесі, 15/1 ғимараты
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
СЕЙСЕНБІ: 16:00-18:00
Директордың парақшасы

Бекбаева Айнур Тлегеновна 

"Павлодар қаласының №48 ЖОМ» КММ басшысы

1976 жылы 1 қыркүйекте Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, С. Мүткенов ауылында дүниеге келген.

Білімі:

  • 1995 жыл – Павлодар педагогикалық институты, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

  • 1999 жыл – С. Торайғыров атындағы ПМУ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

  • 2021 жыл – Инновациялық Еуразия университеті, педагогика және психология мамандығы, педагогика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолы:

  • 1995-2014 жылдары – «Павлодар қаласының Қ. Мақпалеев атындағы №4 жалпы орта білім беру мектебі» КММ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.

  • 2002-2014 жылдары – аталған мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

  • 2015 жылдан 2017 жылдың қазан айына дейін – «Өрлеу» БАҰО» АҚ ПҚ БАИ Павлодар облысы бойынша филиалында қоғаммен байланыс және баспа ісі бөлімінің бас маманы лауазымында жұмыс істеді.

  • 2017 жылдың 16 қазанынан 2025 жылдың тамыз айына дейін – «Павлодар қаласының Мәшһүр Жүсіп атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ басшысы.

  • 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап – «Павлодар қаласының №48 жалпы орта білім беру мектебі» КММ басшысы болып тағайындалды.

Санаты: Бірінші санатты басшы, педагог-зерттеуші.

Жалпы педагогикалық жұмыс өтілі – 30 жыл.

Марапаттары:

  • Павлодар облысы білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған (2023 жыл);

  • Павлодар облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Алғыс хаты (2024 жыл).