Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР!!!

АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР!!!

Жақын арада оқушылардың демалысы басталады. Балалар /оқушылар/ үйде, көшеде ата-анасының және мұғалімдердің бақылауынсыз уақыттарын өткізетін болады. Мұғалімдер мен ата-аналар балаларға электр құрылғыларымен пайдалану қауіпсіз техникасы және қолдану Ережесі жөнінде таныстыру үшін уақыт бөлу қажет. Бұл Сіздің және Сіздің балаларыңыздың қауіпсіздігі.

Қауіпсіз техникасын қадағаламағаны үшін балалар зардап шегіп, қайғылы оқиғаларға тап болды. Мысалы:

- 2001-2002 жылдары Павлодар облысында электрлік соққылардың салдарынан 5 бала қаза болды. Барлық жағдайларда балалар трансформаторлық қосалқы станцияларға немесе электр беріліс жүйесіне кірген;

- 2014 жылы  Баянауылда 7-жастағы ұл бала достарымен тығылмақ ойнаған кезде транфарматордың төбесіне шығып, қолымен 10кВ.В ұстап қалған кезде баланың денесі 15% күйіп қалған, сол қолына ампутация жасады;

- 2015 жылы Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында 11-жастағы ұл бала ойын кезінде қоршалған трансформаторға кіріп кеткен. Ток соғатын элементтерге қолы тиіп кеткендіктен баланы ток шалған. Нәтижесінде екі қолына ампутация жасады;

- 2018 жылғы қыркүйек айында Павлодар облысы Жаңаауыл ауылында 12 және 14-жастағы ұл балалар спорт алаңындағы ойын кезінде бір-бірімен дауласқан. Қоршауға көтеріліп ашық болған ток элементтеріне қол тигізген. Нәтижесінде балалар қайтыс болды.    

Сонымен, мыналарға тыйым салынады:

  • Трансформаторлар мен подстанцияға жақындауға және ішіне кіруге, төбесіне шығуға болмайды;
  • Кабельді және әуе желілерінің құлап қалған және жалаңаш сымдарын ұстамаңыз және оларға жақындамаңыз.
  • Электр тогі бар ашық сымдарға жақындамаңыз;
  • Құрылғылар мен сымдардың электр тоғын саусақтарыңызбен тексермеңіз.;
  • Тұйықтаған кезде оқшау тұрағанкезде зиян келтірмеу үшін(жалынның жыпылықтауы), есігімен, терезе рамасымен, шегелердегі бекітілген сымдарды қыспаңыз.;
  • • Электр сымдары радиаторларға, су құбырларына, телефон және радиотелефондарға тиіп кетпеуін қамтамасыз ету керек;
  • Балаларды розетка бар жерлерге ойын ойнауға, шпилька, түйреуіш тығуға, сымдарды тартуға тыйым салыңыз, себебі олар электр тоғының соғуына әкелуі мүмкін;
  • Шамдарды және тұрмыстық аспаптарды дымқыл қолмен қосу және ажырату қауіпті.Күйіп кеткен шамдарды ашыратқышты сөндіріп, содан кейін ғана ауыстыру қажет;
  • Ток өтетін жерлер бойынша электр құрылғыларын пайдалануға тыйым салынады. Құрылғыны қосу және ашырату кезінде сымнан емес, пластмассалы жерлерді ұстау қажет;
  • Суды қайнататын, тамақ дайындайтын құрылғылар (электрлік шайнектер, кәстрөлдер) ток желісіне бос қойылмауы қажет. Оларға үштен біріне кем дегенде су құюлы болу керек. Шәйнек мен кәтрөлге су құйған кезде электрден ашыратылған болулары қажет;
  • Сонымен бірге құрылғылардың электр сымы розеткадан ажыратылған болу керек. Ажыратылмаған жағдайда кездейсоқ тиіп кеткен жағдайда ток соғуы мүмкін;
  • Әр электр құрылғыларды бір қолымен дұрысы оң қолымен су, газ, жылу құбырларға тигізбей қосып немесе ажырату керек.
  • • Өрттің алдын алу үшін тұрмыстық аспаптарды арнайы тіректерге (керамика, металл немесе асбест) орнатыңыз, оңай жанатын заттардан (перделер, перделер, дастархандар) қауіпсіз қашықтықта орнатыңыз;
  • Қуатты құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз немесе оларды бақылап отыру үшін балаға нұсқау бермеңіз. Бұл өртке себеп болуы мүмкін.

Бүгін уақыт тауып, балаңызға аталмыш ережелерді түсіндіріңіз. Ертең кеш болуы мүмкін.

 

Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті