Сенім телефоны
8 (7182) 32 49 27
email: sosh11@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Жеңіс алаңы көш., 3/1
8 (7182) 32 50 66
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын сағат 16:00-18:00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Оқырманға жаднама

Кітапханадағы тәртіп ережелері

1.     Кітапханаға кірген кезде барлығымен амандасу қажет.

2.     Оқылған кітапты лақтырмай, ұқыпты үстелдің үстіне қой.

3.     Четко и внятно назови свой класс и фамилию, чтобы библиотекарь вычеркнул книгу.

4.     Кітапханашыға кітапты тапсырғанда өз тегің мен сыныбыңды нақты және түсінікті айт.

5.     Жаңа кітапты таңдағанда,  ұқыпты бол, кітаптарды лақтырма.

6.      Кітапханада шуылдама, айқайлама, жүгірме.

7.     Кітапханаға кітаптарды 14 күннен асырмай, уақытында тапсыр.

8.     Кітаптарды ұқыпты ұста.

 

9.     Міндетті түрде  қоштасып кет.

 

 

Мектеп оқулықтарын пайдалану ережелері 

Құрметті оқушы!

   Оқулық  - сенің досың мен көмекші құралың. Онда көптеген адамдардың еңбегі сінген. Осы оқулықпен сенен кіші балалар қолданатынын есіңе сақта. Оқулықты сақта! Сен сынып жетекшісінен мектеп оқулықтарын бүкіл оқу жылына алғансың. Өтінемін, оқулықтарды пайдалану ережелерін сақта:

  1. Оқушылар оқитын мектептің бағдарламасымен қарастырылған кітапхана қорынан уақытша пайдалануға оқулықтарды алуға құқығы бар.
  2. Оқулықтар жаңадан немесе бұрын  пайдаланғаннан берілуі мүмкін.
  3. Кітапханада жетпейтін оқулықтар үйге берілмейді, тек қана оқу залында жұмыс істеуге беріледі немесе кабинетке пән мұғалімінің жауапкершілігіне  уақытша пайдалануға беріледі.  
  4. Мектептің кітапхана қорынан алынған  әрбір оқулықта оқушылар  өз (аты-жөні)  жазуға міндетті.
  5. Оқулықты міндетті түрде тыстау қажет.
  6. Оқулықты сызуға, сурет салуға, парақтарын майыстыруға және жыртуға болмайды.
  7. Оқушылар мектеп оқулықтарын тапсырғанда ұқыпты және қажетіне қарай желімдеп жөндеу қажет.
  8. Оқулықтарды жыртып немесе жоғалтып алған жағдайда, кітапхана меңгерушісімен келісіп жаңа оқулық немесе оның құнына сай кітаппен өтеу қажет.
  9. Оқулықтар кітапханаға  белгіленген  мерзімде тапсырылуы қажет (оқу жылының аяғында, жазғы демалысқа дейін).
  10. Ағымдағы жылғы қарызды өтегеннен кейін қана, келесі оқу жылына оқулықтар беріледі, қажеттілігіне қарай.
  11. Түлектер (9, 11 сынып)  оқу жылы аяқталған соң, кітапханаға барлығын тапсыру қажет (аттестат алғанға дейін).
  12. Оқу жылы ағымында  кететін оқушылар, оқулықтарды  тапсыруы тиіс (құжаттарды алмас бұрын).

    Мектеп оқулықтарын сақтауға тек қана оқушылар ғана емес, сондай-ақ ата-аналарына  да жауапкершілік тартады. 

    Оқу әдебиетіне байланысты туындаған сұрақтар бойынша оқушылар мен ата-аналары кітапхана меңгерушісіне, сынып жетекшілеріне жұмыс тәртібі кезінде жүгіне алады.

 

Оқулық - сенің досың, оны сақта!

 

Оқырманға жаднама

  • Барлық кітаптарды бірдей оқыма. Оқу тәсілі оқудың мақсатына сай болуы тиіс.
  • Есіңе сақта, кітапты оқу - ең маңызды, күрделі жұмыстардың бірі.
  • Оқылған кітаптардың біріне талдау жаса.
  • Оқуға уақытың  мен күшіңді аяма: есесін қайтарасың.
  • Жалқаулықты қой, қиялыңды дамыт.
  • Кітапты оқы да, тоқы.
  • Мазмұнын түйсінуге тырыс.
  • Кітапты оқуды бастаған соң, тастама.
  • Басқадан себепсіз көмек сұрама.
  • Ең алдымен өздігіңнен оқы.
  • Қажет болса, қиялыңды шарықтат.
  • Оқимын да, тоқимын десең, қолыңа қалам ал, конспект жаз, маңыздысын белгіле.
  • Кіріспені қолдан.
  • Оқығанға қайта орал.
  • Алдымен мазмұнын түсін, содан соң сыни тұрғыдан қарастыр.
  • Басқалардың сыни пікірін кітапты оқып болған соң, оқы.
  • Кітапты оқып болған соң, тәрбиелік мәнін аш, қысқаша мазмұнын жаз.