Қазақстан халық ассамблеясына 20 жыл





















Қазақстан халық ассамблеясына 20 жыл
Қазақстан Халық Ассамблеясы 20 жылдығына арналған жоспар
| № | Іс- шаралар | Мерзімі | Сыныптар | Жауаптылар |
| 1 | Қазақстан ұлттық Ассамблеясына 20 жыл | 7 ақпан | 8-9 | Тарих пән мұғалімдері |
| 2 | Ассамблея – ел бірлігі зияткерлік сабақ | 10-15 ақпан | 7-9 | Қазақ тілі пән мұғалімдері |
| 3 | «Қазақстан Халық Ассамблеясына 20 жыл» дөңгелек үстел | Ақпан | 9-10 | Тарих пән мұғалімдер |
| 4 | «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» «Ертіс таңы» бағдарламасына қатысу | Ақпан | Тарих пән мұғалімдері | |
| 5 | Қазақстан Халық Ассамблеясын құру туралы идея (дебат) | Наурыз | 9-10 | Тарих пән мұғалімдері |
| 6 | Толеранттылық пен қоғамдық келісім тәжірбиесі (тәрбие сағаты) | Сәуір | 1-10 | Сынып жетекшілер |
| 7 | «Бір халық – бір мемлекет» шығарма жазу | Сәуір | 8-9 | Қазақ тілі пән мұғалімдері |
| 8 | «Өз отанының патриоты атты викторина» | Мамыр | 5-8 | Қазақ тілі және тарих пән мұғалімдері |
| 9 | «Отан неден басталадды?» атты сынып сағаты | Мамыр | 1-10 | Сынып жетекшілер |
1 мамыр күні 5 «Г» сынып оқушылары сынып жетекшісімен Г. Потанин атындағы мұражайда Қазақстан халқы Ассаблеясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған көрмесіне барды. Көрме жетекшісі оқушыларды қазақ, неміс, шешен, белорус, украин, орыс, корея, еврей, азербайджан қалықтарының салт-дәстүрімен таңыстырды. Көрмеде әр –түрлі халықтың ұлттық киімдері, қолданатын заттары, аспаптары қойылған.
Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау, сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту, Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу мақсатымен 9-11 сынып аралығында "Қазақстан Халық Ассамблеясына 20 жыл" атты іс-шара өткізілді.
№22 жалпы орта білім беру мектебінде Қазақстан Халық Ассамблеясының 20 жылдығына орай 7-8 сынып аралығында "Бірлік.Ынтымақ.Достық" атты фестивалі өтті.
