Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
МЕКТЕП ФОРМАСЫ

Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы

 

«Орта білім беру ұйымдары

үшін міндетті мектеп формасына туралы» Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің2016 жылғы 14 қаңтардағы№ 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»

1. «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 ақпанда № 13085 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізуді БҰЙЫРАМЫН:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын Талаптардың:

 2 және 3 тармақтары келесі редакцияда жазылсын:

«2. Осы Талаптарда мынадай негізгі ұғым қолданылады: орта білім беру ұйымы – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы.

3. Талаптардың мақсаты – міндетті мектеп формасын қолдануда орта білім беру ұйымдарының бірыңғай келісімін қамтамасыз ету, ата-аналардың мектеп формасына жағымды қатынасын қалыптастыру, оқытудың зайырлы сипатын сақтауда оқу орны басшыларының және кеңестердің (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті) жауапкершілігін арттыру.»;

9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«9.Қыздардың мектеп формасы:

  пиджак, жилет, юбка, шалбар, түймелері немесе бекіткіші бар трикотаж кардиган (бомбер), классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.»;

14-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«14. Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер, шеврон және т.б.) орналастыруға рұқсат етіледі.»;

19-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«19. Мектеп формасының түсін, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы мен кеңес (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес, ата-аналар кеңесі) айқындайды, жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.»;

22-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«22. Орта білім беру ұйымының басшысы (бұдан әрі – Басшы) және кеңес (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті) міндетті мектеп формасын енгізу кезінде осы Талаптарды басшылыққа алады.»;

24-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«24. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары                ата-аналарға мектеп формасын отандық мектеп формасын шығаратын өндірушілерден сатып алуды ұсынады. Мектеп формасының жекелеген өндірушілеріне артықшылық беруге жол берілмейді. Ата-аналар өндірушіні таңдауда және мектеп формасын алуда тәуелсіз.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары ата-аналар мен білім беру ұйымдарына әкімшілік аумақта мектеп формасының бірыңғай түсін таңдауды ұсынады.»;

26-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«26. Басшы білім алушылардың мектеп формасын сақтауы мәселесін (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес, ата-аналар кеңесі) кеңестің талқылауына шығарады.».

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.