Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-20-42-05
Адрес: 140001, г. Павлодар, проспект Нурсултана Назарбаева, 190
приемная 8(7182)-22-42-50
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник с 11:00 до 13:00 ч.
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Оқушы ережесі

 

Оқушы ережесі

1. Оқушы сабаққа келгенде қажетті кітап, дәптер, жазу-сызу құралдарымен келуі керек. Әр сабақтың алдында сол сабаққа қажетті оқу құрал – жабдықтарын дайындап қоюға тиісті. 2. Сабақ кезінде оқушы мұғалімнің айтқандарын тиянақты тыңдап, жазып отыру керек. Үй тапсырмасын күнделікке мұқият жазып алу керек, аптаның соңында мұғалім күнделікті тексеріп, ата-ананың қолын қойдыруды талап етеді. 3. Мектеп оқушыларына тыйым салынады: - өзімен бірге сабаққа кедергі жасайтын заттарды, басылымдарды, ойын заттарын әкелуге; - ақша салып ойнайтын ойындар ойнауға; - бөтен нәрселер әкеліп сатуға, айырбастауға; - сабақта, үзіліс кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзуға; 4. Оқушылар бір- бірімен достық, әдептілік, қайырымдылық қарым- қатынаста болу керек. Жаман әдеттерден аулақ болуы тиіс. 5. Бір-бірімен сөйлескенде бұзақы, бейбастақ сөздерді қолданбай, тіл мәдениетін сақтап сөйлесуі керек. 6. Оқушылар себепсіз сабақ босатпауы тиіс, босатқан күнде себебін мұғалімге жеткізуі керек. 7. Ауру себепті немесе басқа да себепті жағдайлармен сабақтан қалғанда, оқымай қалған сабақтарын мұғалімнің көмегімен оқып түсінуі қажет. 8. Оқушылардың білімі мен тәрбиесі үшін жасалған мектептің барлық талаптарын оқушылар міндетті түрде орындауға тиісті. 9. Оқушылар мектептің ішкі- сыртқы тазалығын сақтауға, кезекші оқушылардың талаптарын орындауға міндетті. 10. Каникул күндерінің алдында, соңында оқушылар сабақтан қалмауға, уақытында сабаққа келуге тиісті. 11. Осы Ереже барлық оқушылар үшін бірыңғай міндетті.