Балаңыздың қойған сұрақтарына шыдамдылықпен жауап беріп, шындығын айтып отырыңыз;
Балаңыздың жеткізген ойын ескеріп отырыңыз;
Балаңызда бір іспен айналысатын бөлме немесе бұрыш болуы керек;
Үстелде немесе ойын жерінде шашылып жатқан ойыншықтар мен қағаз қиындылары бала шығармашылығына байланысты болса, балаға ұрыспауға тырысыңыз;
Ересек адам баланы жеткен жетістіктері үшін емес, баланың өзін жақсы көретіндігін түсінуі керек;
Балаңызға өз жұмыстарының жоспарын құра білуді және шешім қабылдауды ертеден үйрету қажет;
Қызықты жерлерге саяхат жасаған уақытта мүмкіндігінше балаңызды бірге алып жүруге тырысыңыз;
Балаңыздың ешқашанда кемшіліктерін көрсете отырып, басқа балалармен салыстырмаңыз;
Күнде балаңызбен бірге ойнап, әңгімелер құрастырып, әр бағытта әңгімелесуге тырысыңыз;
Әр күн сайын балаңызбен жеке қалып, сөйлесуге тырысыңыз;
Егер балаңыз қателіктер жасап жатса, мазақтап, қайталай бермеңіз;
Егер баланызды мақтау керек болса, нақты әрекетіне ғана мақтау айтыңыз және ол шын көңілден болуы керек;
Балаңызға ересектермен қарым-қатынасқа түсуде өзін қалай ұстау керек екенін қайта-қайта айтып отырыңыз;
Мұғалімді, мектепті жамандаудан аулақ болыңыз.