Сенім телефоны
337250
email: school33kz@mail.ru
Мекенжайы: Байтұрсынов, 14
337303
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерді қалыптастыру туралы»

«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерді қалыптастыру туралы»

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібі үлгілік қағидаларының (бұдан әрі-қағидалар) 5-тармағын орындау үшін арнайы білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

         Қамқоршылық кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне кандидаттардың жазбаша келісімімен алынған ұсыныстар негізінде құрылды.

         Қағидалардың 7-тармағына сәйкес Қамқоршылық кеңестің құрамына жергілікті өкіл, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері, Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса),ата-аналар комитеті ұсынған әрбір сыныптардың, курстардың осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасынан немесе заңды өкілінен, қайырымдылық жасаушылар (бар болса) кіреді.

         Жоғарыда баяндалғанның негізінде Қамқоршылық кеңестің құрамына кіру үшін № 33  ЖББОМ КММ-не 8(7182)337154 тел.бойынша жүгіну қажет. Ұсыныстарды қабылдау мерзімі 1.ағымдағы жылдың 14 ақпанына дейін.