Телефон доверия
337250
email: school33kz@mail.ru
Адрес: Байтұрсынов, 14
337303
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Мектеп туралы

  1929 жылы  Жетінші ауылда алғашқы мектептің ғимараты салынды.Қазіргі мешіт, сол жылдары  7 жылдық бастауыш мектебі болған екен.

        Ғимарат ағаштан жасалынған еді. Онда мұғалімдер бөлмесі, мәжіліс залы және 7 сынып дәрісханасы болған.              

       1930-35 жылдары әр сыныпта 18-25 оқушылардан оқыған. Мектебіміздің жұлдызды тулектерінің бірі Хафиз Мақажанов. Қарағанды медицина институтының профессоры, Қазақ КСР жоғары кеңесінің депутаты болған. Ленин кентінде атамыздың атында үлкен көше бар.

          1954 жылы мектеп жаңа ғимаратқа көшірілді. Он үш бөлмеден тұратын кірпіштен қаланған ғимаратта 5-10 сынып оқушылары оқуларын жалғастырды.

          1959 жылы 2сынып бөлмесі мен спорт зал қосылды.

          1967 жылы үш қабатты жаңа мектеп салынды. Алғашқы директоры Қазақ КСР оқу ағарту саласының үздігі Қалданов Елеуке Тәтіұлы. 

         1969 жылдан бастап мектебіміз Павлодар қаласының №33 орта мектебі деп аталды.