Телефон доверия
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Адрес: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Коучинг

Коучинг №1

14 қыркүйек 2016 жыл

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бүгінгі күні білім беруде, мектепте балаларды оқытуда өте өзекті. Мектебіміздің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аубакирова Манат Камельевнаның осы тақырыпта коучинг өткізуі өте орынды болды.

8 Жалпы СТО стратегиясы бойынша және Блум таксономиясы туралы ақпарат алған мұғалімдер коучинг барысында белсенді жұмыс жасады. Топтық жұмысқа бағдарлану үшін бой сергітетін ойын кезеңімен басталған бұл шараның бірінші негізгі тапсырмасы әр топқа біріккен мұғалімдердің Блум таксономиясын пирамида түрінде суреттеумен жалғасты. Олар таксономияның білу, үйрену, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау секілді сатылардан құралатынын және олардың төменгі, жоғары деңгей болып бөлінетінін айтты. Әр топ келесі топты толықтырып, тіпті айтылған мәліметті өз сөздерімен жеткізе білді.

Коучингтің келесі бөлімінде топтар СТО стратегиясына қатысты сабақта пайдаланылатын әр түрлі әдіс-тәсілдермен танысып, оларды сабақ үрдісінде пайдалану үлгілерін көрсетті. Бұл жас мамандар үшін өте қажетті кезең болды. Себебі стратегияның қыр-сырын меңгермеген мұғалім үшін тәжірибеде сабақта пайдаланылатын әдіс-тәсілдердің көрсетілуі – сауатты әрі нәтижелі оқу барысын ұйымдастырудың, жаңаны жылдам меңгерудің жолы коучингтің тағы бір маңызды бөлігі «СТО стратегиясын сабақта қалай пайдаланамын» миниэссесін жазу болды.

Бұл іс-шара барысында алынған білімді қорытындылау, жинақтау мен сүзгіден өткізу кезеңі болды. Әр топ өз қалаулары бойынша жазған эсселерін көпшілік назарына ұсынды.

8_autocollage_7_images Рефлексия кезінде «2 жұлдыз, 1 тілек» әдісі арқылы қатысушылар коучинг туралы пікірлерін білдірді. Сонымен, аталмыш шара барысында біз нені меңгердік: - СТО стратегиясы деген не? Білім берудегі оның орны - СТО стратегиясындағы Блум таксономиясы, оны сабақта қалай пайдалануға болады - СТО-ға жататын әдіс-тәсілдер олардың тәжірибеде қалай қолдануға болады? 9 Әр қатысушы осы және бұдан да басқа сұрақтарға жауап алды. Коучинг ұйымдастырушы орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Аубакирова М.К. алғыс білдіреміз.

Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі: Кибатова С.Б.

Коучинг №2

21 қыркүйек 2016 жыл

«Оқушыларға сабақ беру мен оқыту процесінде сыни ойлау» тақырыбында коучинг ұйымдастырылды. Онда «Тілектер шумағы», «Баспалдақпен төмендеу» бейнематериалы, «Кілтті сөздер» лотосы, «Сыни ойлау» тұсаукесері», «Инсерт» , «Сабақ құрылымының» теоретикалық материалы, «Оқушыларға сабақ беру мен оқыту процесінде сыни ойлау» мини-эссе әдістері қолданылды. Ал коучингтің қорытындысы «Армандар ағашымен» аяқталды. %d0%ba%d0%be%d1%83%d1%87%d0%b8%d0%bd%d0%b3

Орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі: Бектемирова Д.Ж.