№ 35 мектебінің «Алау» бағдарлы лагері 5 бағытта жұмыс атқарады «Лидер» -лингвистикалық бағыты «Таным» өлкетану бағыты «Олимп» спорт бағыты «Эрудит» математикалық бағыты «Болашақ» -ҰБТ-ге дайындық
1 | Аубакирова Манат Камельевна | «Лидер» лингвистикалық бағытының жетекшісі |
2 | Кучукова Гүлнар Адамовна | «Таным» өлкетану бағытының жетекшісі |
3 | Абдрахманова Сауле Балтабаевна | «Эрудит» математика бағытының жетекшісі |
4 | Байжырыков Думан Бекмухамбетович | «Олимп» спорт бағытының жетекшісі |
5 | Калемшарав Сайран | «Болашақ» ҰБТ-ге дайындық |
«Алау» бағдарлы лагеріндегі мақсаты: Олимпиада резервтерін дайындау,ғылыми жоба жазуға әзірлеу; Шығармашылық талабы бар оқушылармен жұмыс жасау; Оқушылардың жазғы демалысын пайдалы өткізуіне жағдай жасау; Оқушылардың білімін шыңдау, интеллектуалды өрісін кеңейту; Салауатты өмір салтын қолдайтын азамат тәрбиелеу. «Алау» бағдарлы лагеріндегі міндеттері: Балалардың мәдени демалысы мен сауығуы үшін жағдай жасау; Зерттеу жұмыстары арқылы білімге деген қызығушылықтарын тұрақтандыру; Уақытша ұжым жағдайында оқушыларды әлеуметтік адаптациялау «Алау» бағдарлы лагеріндегі негізгі жұмыс түрлері балалардың белсенді түрде қатысуымен әр түрлі шығармашлық жұмыстардың дайындығын және өткізілуін ұйымдастыру; балалардың өзін-өзі басқару ұйымында балалардың өз бетінше жұмыс істеуі мен жұмыс нәтижелерін көрсете алуына жағдай жасау; ойын бағдарламалары, байқаулар, турнирлер, спорттық жарыстар, оқу сабақтары, қызметтер арқылы балалар жұмысының нәтижелерін, жетістіктерін көрсету; алған білімін, өнерін, дағдыларын көрсету; топтар арасындағы, сондай-ақ жеке қатынастардағы бірлескен әрекеттерді ретке келтіру; қызметтің әр бағытындағы бағдарламаларға қатысқандарды ынталандыруға бағытталған жеке және топтық іс-әрекеттерді талдау.