ҚР Электрондық үкіметі порталына сілтеме
Ақпараттық анықтама: ҚР Электрондық үкіметі
Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» құру Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған болатын.
Е-үкіметті енгізу бағдарламасы Президенттің 2004 жылғы 10-шы қарашадағы Жарлығымен бекітілді.
2004-2006 жылдар аралығында «электрондық үкіметтің» веб-порталы мен шлюзі, ведомствоаралық электрондық құжат айналымы куәландырушы орталықтар, бірыңғай тасымал орта, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры іске қосылды.
www.egov.kz порталы өз жұмысын 2006 жылғы 12-ші сәуірде бастады. Іске қосу кезінде әр түрі мемлекеттік органдардың қызметін қамтыған 377 ақпараттық қызмет іске асырылды. 2007-2009 жылдар аралығында транзакция жүргізуге мүмкіндік беретін «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі бойынша жұмыстар жүргізілді. Порталда «Е-лицензиялау» бойынша деректер қоры мен алғашқы интерактивті қызметтер іске асырылды.
Бүгінгі күні «электрондық үкімет» жобасы аясында 2000 нан астам ақпараттық, 225 интерактивті және транзакциялық қызметтер ұсынылуда. Порталда 154 120 пайдаланушы тіркелген және күн сайын 25 000 адам порталды пайдаланады. Электрондық үкімет іске қосылған 6 жылдың ішінде 11 200 000 е-қызмет көрсетілді. Олардың 1 200 000нан астамы үстіміздегі жылы көрсетілді. 2012 жылғы 1-ші сәуірден бастап www.elicense.kz е-лицензиялау порталында лицензиялардың барлық түрі тек электрондық нұсқада беріледі.
www.egov.kz порталында ең көп сұранысқа ие электрондық қызмет - жылжымалы мүлікке қатысты анықтама. Жылжымайтын мүліктің бар (жоғы) туралы және жеке тұлғаның жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтары туралы анықтаманы алу үшін, аталған қызмет іске қосылған 2009 жылдан бастап 6 миллион өтінім келіп түскен.
БҰҰ-ның әр екі жыл сайын өткізілетін ғаламдық зерттеу деректеріне сәйкес 2012 жылы Қазақстан 8 деңгейге көтеріліп, (2010 жылмен салыстырғанда)192 орынның ішінде 38-ші орынға ие болды. Бұдан өзге, онлайн-қызмет индексі 10, телекоммуникация инфрақұрылымының индексі 14 деңгейге артты. Е-қатысу индексі бойынша Қазақстан Сингапур елімен бірге екінші орынды иеленді.
2013 жылдың басына қарай әлеуметтік маңызға ие қызметтердің 60%-ын, 2014 жылға қарай - 100%-ын электрондық нұсқаға көшіру көзделуде. Сонымен бірге, 2012-2014 жылдары «электрондық үкімет» порталының архитектурасы мен шлюзін модернизациялау және тұрақтандыру, ықпалдастырылған қызметтерді іске асыру, Android және iOS платформаларына арналған «Мобильдік үкімет» қосымшасын әзірлеу жұмыстары жүргізіледі.
Электрондық үкімет дегеніміз не және ол не үшін қажет?
Өзіңіз мінсіз деп білетін қоғамды елестетуге тырысыңыз. Мықты денсаулық, жақсы жұмыс, қамсыз тірлік, өмір сүруге қолайлы жағдайлар - бұл тізім ұзыннан-ұзақ жалғасуға бар, және жеке басымдықтарға байланысты қажетті аспектілермен толықтырылуы да мүмкін. Әйтсе де, мұндай қоғамның ажырамас бөлшегі мемлекет болып табылады. Азаматтарының қамын ойлайтын мемлекет. Әрбір азаматтың әлеуетін мейлінше жүзеге асыруға мүмкіндік тудыратын мемлекет. Азаматтардың заңды құқығының қорғалуы мен сақталуына кепілдік беретін мемлекет. Азаматтардың мұқтаждығы мен қажеттіліктеріне бағдарланған мемлекет. Арадағы өзара әрекеттестік қарапайым, ұғынықты және қолжетімді болатын, адамдар үшін құрылған мемлекет.
Қазақстандағы ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың дамуы кем дегенде соңғы екі пікірдің жүзеге асуына кепілдік бере алады. Дәл осы азаматтар мен мемлекеттің өзара әрекеттестігін ыңғайлы, қарапайым, қолжетімді және түсінікті ету үшін электрондық үкімет тұжырымдамасы әзірленді.
Электрондық үкімет құру ісі билік органдарының жұмысын анағұрлым тиімді, азаматтарға қолжетімді ету үшін қажет болды. Бұрындары әрбір мемлекеттік орган өз бетінше «оқшау өмір сүріп», басқаларымен байланысқа түсе қоймайтын, ал азаматтардың алуан түрлі анықтама, растама секілді өзге де қағаздарды жинау үшін толып жатқан инстанциялардан өтуіне тура келетін. Осының барлығы бір ғана қызмет түрін пайдалану үшін толып жатқан мекемелер табалдырығын тоздыруға мәжбүрлейтін. Бүгінде электрондық үкімет жобаларының арқасында ол заман келмеске кетті.
Электрондық үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берген де дәл осы механизм.
Басқаша айтқанда, электрондық үкімет деп лицензияны рәсімдеу үшін ЖСН ғана керек болатын (басқа ақпараттың бәрі дағдылы сұранымдар арқылы алынады), коммуналдық қызмет ақылары мен айыппұлдарды онлайн жүйесінде төлеуге болатын, анықтама алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа жеке куәлік қана талап етілетін, бизнесіңізді өз бетіңізше тіркеуге, немесе электрондық үкімет порталында небәрі 10-15 минут ішінде анықтама алуға, күн-түн демей, кез келген уақытта баланың балабақшаға кезегін көруге, мекенжай анықтамасын ұялы телефонға алдыртуға болатын және осы секілді басқа да көптеген жағдайларды айтамыз.