
«Қауіпсіз жол үшін!» қалалық шығармалар
«Бір шаңырақ астында» атты фестиваль өткізілді.
Сәүірдің 18-і күні Естай атындағы сарайында үлкен концерт өтті, осы концерт обыр ауруға шалдыққан балалар үшін ұйымдастырылды. Осы акцияға біздің мектебіміз де қатысты, билеттерді сатып алып, оқушылар концертті тамашалады.
Сынып әдістемелігінің апталығына орай 5 «а» 6 «а» сыныпта жарқын өмір игілігі – жақсылық атты дөнгелек үстел өткізілді.
Сынып жетекшілердің әдістемелік апталығына арналған шара «Бір ел , бір кітап» өткізілінді. Осы шара бүкіл Республикада өтті. Республикалық акцияға орай Сайын Мұратбеков шығармашылығына арналған әдеби музыкалық кешіне 10 «А» сынып оқушылары қатысып «Жабайы алма» театрлық қойылымды көрсетті.
Тоғызыншы сыныптарға арналған ата-аналар жиналысы өткізілінді, жиналысқа қатысқан қала колледждері: технологиялық колледж, теміржолы колледжі, мұнайгаз колледжі, №1,№ 5,№ 7 колледждері, машинақұрылыс колледжі, жиналыста әр колледж өз бағдарламасын ұсынып, оқушыларға, ата аналарға видеороликтер көрсетті.
Мектепте мейрімділік апталығы басталды, соған орай бүгін мектепте «жайдан жай» акциясы өтті, 2,3,4- сыныптағы оқушылар өз қолымен жүрек, күн және күлімдеген смайликтерді жасап, барлық айналадағы адамдарға таратты.
« Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу» А.С. Макаренко
Қазіргі түлеіктердің алдында қиын мәселе тұр; мектептен кейін дұрыс тандау жасау.
Барлығымыз білеміз, математика пәні ғылымдардың патшасы, сондықтан 1 «Б» сыныпта «сандар әлемде» деген сайыс өткізілінді. Сайысқа қатысқандары оқушылар мен ата-аналар.
Біздің жерімізде ғажайып жәндіктер- құстар тіршілік етеді, жерді қорғап, ұшып жреді.
«Ертегілер әлемінде» викторинасы
Көктемгі демалыстар- ерекше кезең, осы кезде балақайлар демалып, денсаулықтарын жақсартады, осы кезде балалар әр түрлі ғажайып жерлерге саяхат жасайды,бүгін де біздің мектепте «ертегілер әлемінде» викторинасы өтті.
Наурыздың 27- і күні мектепте «Қазақстан республикасының салт дәстүрлерінің білімгері» деген викторина өткізілді, қатысқандары 3 Г сынып оқушылары.
Көктемгі демалыстар- ең қызықты кезең, осы күндері де мектептің есіктері балалар ушін ашық,біреулері би билеп, ән салып, спорттық мерекелерге қатысып жатыр, бүгін де мектепте 8 сынып оқушылар арасында «қызығушылықтар әлемінде» атты ойын- сайыс өтті, оқушылар белсеңді қатысып, тарих, география, дүниетану пәні бойынша білімдерін көрсетті, нәтижесінде.... достық жеңді!«Көптен күткен демалыстар!»
Көктемгі демалыстарда біздің ортақ үйіміз- жер деген суреттер сайысы өтті, осы сайысқа қатысқандары 1 « г» сынып оқушылары, барлық оқушылар мадақтамаларға ие болды. Жарайсындар!

Мектепте ғажайып мереке
өткізілінді, осы шараның мақсаты салауатты өмір сүру жағдайларын қалыптастыру, балаларды ата-аналардың мысалдары арқылы дұрыс тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстануға үйрету.
Өзіне өзі қол жұмсау мәселесі қазіргі күнде
ең қауыпты жағдай. Мектеп психологтары С. Г. Успанова мен Е. Ш. Томашева мұғалімдер арасында семинар- практикум өткізді.



М.М Катаев атындағы оқушылар сарайында «Болашақ бұгіннен басталады жасөспірімдер форумы өтті Форумға қатысқандары«Жас Ұлан» белсеңділері және «Жас Отан» қанаттының оқушылары

М. М.Катаев атындағы оқушылар сарайында ақпанның 20- ы күні «Алтын
микрофон»атты жүргізүшілер сайысы өтті, осы сайысқа біздің мектептен белсеңді қатысқандары: Воробьёва Алина и Мерненко Алина (7В сынып), Базылгазины Сауле и Самал (7А сынып), Алдан Акмарал (8А сынып) және Дунаев Михаил (6В сынып).

8-10 сынып оқушылары бұл сайысты асыға күтті. 27 ақпанда мәжіліс залында гитара дауысы естіліп, бард өлеңдері орындалды. 9 «Г» сынып оқушылары салған ән көрермендер көңілінен шықты. Сайысқа белсенді қатысқан сыныптар: 10 «Б» сынып оқушылары, 9 «Б» сынып (Крутилко Ольга). 8 «Б» және 8 «В» сынып оқушылары да жан-жақты дайындалып келіпті.
№ 40 ЖОМ-да 24 ақпан-1 наурыз аралығында орыс тілі мен әдебиеті апталығы өткізілді. Мектеп кітапханасында жерлес ақындарға арналған поэзия кеші ұйымдастырылды. Жүргізушілер П.Васильев, Ж.Нүркенов, В.Семерьянов, О.Григорьева,
Е.Игнатовскаялардың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша айтып өтті. Жерлес ақындар туралы слайд бағдарламасы көрсетілді. 5-11 сынып оқушылары мәнерлеп оқу сайысына қатысты. Поэзия кешін өткізуге орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Петрова В.Д. жауапты болды.


М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайында жобалар сайысы өтті. Біздің мектеп осы сайысқа белсенді қатысқан.
қалыптастыру» Ерқанат Ерлан «Павлодарское ауылының әскерлері» Фалеева Анастасия 4 «Б» сынып «Атаулардың құпиясы» Легович Анастасия 3 «В» сынып «Павлодарское- менің кіші отаным», Жуков Артём 2 «В» сынып , Курбаев Данияр 4 «В» сынып «Ойындар-балашағымның дәрүмендері» Юрченко Кристина – «Мен болашақтағы патриот», Радионов Артур 4 «Б» сынып «Бөлмедегі шаң құпиялары» Барлық оқушылар бірінші турдың нәтижелерін күтуде.
Суықтар түсе келе «Содружество»балалар ұйымы құстарды тамақтандыру акциясын жариялады Балалар құстарға тамақтандыру ақырларын орындарын жасауға ұсынды Кейбір оқушылар өз қолымен жасады, көбінесе ата-аналар көмектесүімен жасады.
"Мектептің 12 сәті"

«Мектептің 12 сәті» жыл сайынғы сайысы да өз мәресіне жетті. Мектеп оқушылары бұл сайысқа белсене қатысушылардың бірі болды. Гала-концерт Естай атындағы ҚМС-нда өткізіліп, көрермендер назарына ең үздік нөмірлер ұсынылды. Нүркеновтер педагогикалық әулеті көрермендерді өз өнерімен тәнті етті.

21 қыркүйек– Халықаралық Бейбітшілік күні

Мектебімізде Халықаралық бейбітшілік күніне арналған салатанатты жиын өткізілді.
19 қыркүйекте бізде бірінші сенбілік өтті, оқушылар мектеп маңайын жинады.

«Балалар – жол – қауіпсіздік»
Бүгін 8 «В» сыныпта «Балалар – жол – қауіпсіздік» атты сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатында балалар жол жүру ережелерін қайталап бекітті. Балалар бағдаршам түстері бойынша топқа бөлініп, «Жұмбақтар», «Музыка», «Жол белгілері тарихынан» атты эстафеталар өткізді. Шара өте қызықты, көңілді және танымды болды.


Сынып сағаты
2 қыркүйекте барлық сыныптарда «Қазақстан 2050 Стратегиясы – бір халық, бір ел, бір тағдыр» атты алғашқы сабақ өткізілді. Мұғалімдер сынып сағатын өткізуде интербелсенді тақтаны, ғаламтор жүйесін, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауындағы сөзінен бейнежазбаны қолданды.
«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында мектепте аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсету және анықтау бойынша жұмыс жалғасуда. Павлодар ауылының кәсіпкерлері алты мектеп оқушысына кеңсе тауарлары мен мектеп формасын алуға көмектесті.


Жаңа оқу жылы құтты болсын!
1 қыркүйекте № 40 ЖОМ-да Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. 2013-2014 оқу жылында 665 оқушы мектеп партасына отырды.Балалар жазғы демалыс бойы көрмеген сыныптас достарын, ұстаздарын сағынып қалыпты. Бұл күні оқушылардың жүздері балбұл жанып, көңіл-күйлері көтеріңкі болды.

1 маусым- балалар күні
1 маусым- балалар күні, осы күні мектепте қызықты мереке өтті, әр түрлі станциялар жұмыс істеді, би, өлең, спорт, шығармашылық станциялар, балалар спорттық сайыстарда өз күштерін көрсетіп, ән айтып, асфальтта сурет салды, мереке өте қызықты өтті, баларға бұл күн керемет шаттық, қуаныш сыйлады.
2013 жылғы ақпан айында біздің оқушылар әлем көркем мәдени тарихы ойыны «Золотое руно» сайысына қатысты. Ойын шартты бойынша тек ғана 4-11 сынып оқушылар қатыса алады. Ең белсенді өздерінің білімдерін көрсеткен 5 «Б» сынып оқушылар: Жарков Е, Герасимов В,Эртель Э және 7 «В» сынып оқушылар Большова К мен Кемен Ю. Барлық қатысқан оқушылар сертификатқа ие болды.Берген
тапсырмалар киындау болса да,қызықты болды.Сайыс дайындығы неміс тілі пәнінің мұғалімі Эртель Екатерина Андреевнаның жетекші көмегімен өтті.



Мен кіммін?
Мен қазақпын, орта жүз керейімін,
Батыр бабам Жәнібектің егейімін.
Арғы тегім Ақыт пен Оспан батыр,
Мақтан тұтар елімнің мерейімін.
Алтай тауы биігі туған жерім!
Еркелетіп өсірген туған елім.
Қазақстан, Отаным ақ ордамсың,
Өркендей бер, өрлей бер, думанды елім!
Арқалап дана халқым азап-мұңын,
Көгімде күліп тұр ғой ғажап күнім.
Елімнің үміт күтер қызымын мен,
Көк туын биікке ұстар қазағымның!
Шаттанып азат елге келдім мен,
Жайқалған жасыл шөбін бастым мен,
Қазағым бір ел болып біріккен соң,
Моңғолияның асуларын астым мен!
Ауыл бар Шаукен атты Керекуде,
Тұрамын сол ауылдың өлкесінде.
Сыңғыр қаққан Ертістің суларымен,
Көз тоймайтын бұл жердің көркіне де.
Жеткізсем өз халқыма сырымды жақын,
Елімде шығып жатыр ғұлама ақын.
Сөз майын жіберетін де тамызып та
Солардай мен де болсам ұлы ақын!
Шәкірті ұстазымен ашылмай ма,
Жырларым бір еліме шашылмай ма?
Жақсылық, шаттық тілеп қазағыма,
Толады көңілім менің осындайда.
Бір ел болып бірлікпенен жайланды,
Бұзылмасын қазағымның қаймағы.
Тағы да бір тілегім сол Алладан,
Мәңгілікке желбіресін көк байрағы!
Ұлы парыз
Тілім менің бар қазынам, байлығым,
Баға жетпес мәңгі бақи айбыным,
Қастерлеген барша жұртың, қазағың,
Мәрмәр тілім,туған тілім - айдыным.
Өткір тіл, өзекті ой дара тілім.
Ата-бабам пір тұтқан дана тілім.
Сүйіп өтіп ана тілін бабамның,
Қастерлейік алашымның даралығын.
Сығындысы, лүпілі де жүректің,
Туған тілім, айбынысың білектің.
Қор қылмаймын өзгелердей өзімді,
Құдіретін білмей өткен тілінің.
Жүрегімді қайнатады от үрлей,
Тіл парызы неге жатыр өтелмей.
Тілекке нұр, жүрекке жыр сыйлаған
Ел болмаспыз тілімізді көтермей.
Тілімізді сақтайықшы жоғалтпай,
Жүректегі ұлы парыз болаттай.
Ата-бабам ар-намысын сақтаған,
Сөзбен жеңген, дұшпанына оқ атпай.
Мақсатым бар тіл дегенде көздеген,
Әділет пе бұл шындықты сезбеген?!
Жыр өрнегі, сөз маржанын халқымның,
Асқақтатам мәртебесін өзгеден!
Арман Жансая, 6 «а» сынып оқушысы
Абайға арнау
Анасыз адам – толық жетім...
Бағаңды жүрмін сезініп,
Күн-Анам менің, Ай-Анам,
Өзіңді ойлап көз іліп,
Өзіңді көріп оянам...
Қандай тамаша сөздер! Осы киелі сөздердің өзін жазған адамның өзі бақытты-ау! Өкініштісі сол, бүгінгі таңда бұл киелі сөздің дәмін де, мәнін де адамдардың көпшілігі түсіне қоймас.!
Адам болып жүрген жоқ қой бар адам,
"Адам" деген артық шығар шын айтсам!
Себебі де жүр ғой талай "надандар"
Өз Анасын адам құрлы көрмейтін!
"Ана деген – жүректің желімі, жұбататын!
Ана деген – гауһар тас, іздесең де табылмайтын!
Ана деген – өмір мәні, жаратушы адамды!
Ана деген – ыстық от, көңілді жылытатын!"
Деп жырлағым келеді
Мынадай бір адамға:
Шыр етіп дүние есігін ашқанда бала,
Болмады ешқандай өзгеріс айдалада...
Сондықтан да шығар ол болмады
Елден ерекше жақсы дана.
Өмірінде қандай қатты күн кешті!
Кедейлік те осы кезде тап болып,
Жалмады ол бүкіл даланы
Үйіндегі бар отбасы:
Мейірімді Ана, қатыгез бала.
Әкесіз өскен бала да қалай жетіссін!
Мейірміді Анасы қанша жапқысы келсе де,
Жабқызбады қатыгез бала әкесінің орынын!
Баласын көріп Анасы қалайша тыныш жата алсын?!
Қолындағы бар дәмдіні үйіп-төгіп береді
Өзі бір татым да жемейді.
Онысын көрер ұл қайда?!
Ешетеңе де аузынан шығармай
Тыныш қана дәмдіні жей береді.
Сабағы да оңып кетпеді ол баланың.
Анасы қанша жерде жұмыс істесе дағы
Ақшасы төгіліп жатқан бай болмады.
Сол себепті-ақ баласы Анасын жек көретін
"Кедей отбасыда дүниеге келдім" деп.
Бірер жылдар өтеді,
Ұлы да тез жетіледі!
Анасы әбден жүдеген,
Қолынан да келер түк қалмады.
Ал баласы қызық қуып,
Анасын көзіне де ілмейді.
Анасы айықпас дертпен ауырады,
Әрине, баласын тағы да ойлап,
Қынжылады, жылайды
Жүрегі елжіреп:
"Не жамандық істедім-ау,
Балам жетім қалатын болды-ау!"
Бір шешімге келеді,
"Ұлым оқудан қайтқанша,
Көзімді құртайын бұл жерден" деп,
Жақын досына келіп өтінішін тастайды:
"Мен қатты ауруға шалдықтым,
Сенен басқа менің сүйенішім жоқ.
Сондықтан да саған ұлымды табыстаймын!
Мына хатты қолына табыстарсың!"
Деп қынжылап тұрып айтады.
Ішкі жүрегі қанша ауырса да
Ұлынан артық ешкімі болмады.
Жалғыз қазынасы да,
Гауһар тасы да,
Алтыны да ұлы болатын.
Сондықтан да баласы ауырмасын деп
Ештеңеден таршылық көрмесін деп
Баласынан алысқа кете берді...
Баласы да түк білмей үйіне келді
Анасының жоқ екенін да сезбей
Келе сала ұйқыға кете берді.
Түсінде Анасының қатты жылап отырғанын көріп,
"Балам, жарығым" деген
Зарлы дауысын естіді.
Сол жерде-ақ баласы
Қатты шошынып оянып кетеді де.
"Ана" – деген қатты дауысты шығарады.
Сонда ғана анасының жақын досы, көршісі келіп
"Анаң жоқ" – деп, суық дауысын шығарды.
"Қалай жоқ? Анам қайда?!" –деп сұрақтың астына ала берді.
Көршісі бір ғана сөзбен аппақ аманатты береді:
"Арты қайырлы болсын!" деген.
Баласы бірдеңені сезгендей қарайды да,
Аманатты алады да, оқиды:
"Күнім, Айым, құндызым, қымбатым...
Өмірдегі жалғыз нарым да сенсің!
Осылай қиын қыстау күнде тастағаныма кешір!
Сенен кешірім сұрасам да маған кешірім жоқ екенін білем!
Сонда да мені ажал ерте жалмады.
Өзіңе абай бол, саған ақ батамды бердім!.."
Сол жерде ақ баласы
Көздің жасы – жүректің жасы болып ақ қағазды сулады,
Шын жүректен анасына жылады...
"Жарлы кісі – жаманар,
Жаманар да қуанар"
демекші,әрбір істің өз жақсылығы да, жамандығы да болады.Тек қана оны қолдана білу қажет. Сөз соңында айтарым:
"Әкесіз адам – жарты жетім,
Анасыз адам – толық жетім..."
Алдан Ақмарал, 7 «а» сынып
Ана махаббаты
Сені аялап, қателігіңді кешіретін, мақтан тұтатын, өзінің мейірімді жүрегімен сені жақсы көретін бірден-бір жан – Ана.
Сен дүниеге келгенде ең бірінші көретін жан – ол. Ананың махаббаты бала үшін алтыннын да қымбат. Ана - сенің жаныңда жүретін періште. Сен қателік жасасаң да, ана сені кешіреді. Ақындар ана туралы қанша өлең жазған екен? Сен өз анаңа әр-қашан сенімді болу керексің, ана деген сөз үш әріптен тұрса да, үлкен мағына береді.
Ана деген сөзді айтқанда тасымайтын қан, сезбейтін сезім болу мүмкін емес. Мен өз анамды режітсем, өзімді ешқашан кешірмеймін. Анамның раушан гүлдің жұпар иісіндей аңқыған қолы, ақ момықтай таза жүрегі жаныма мәңгілік дауа. Баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Ананы барынша құрметтеп, сыйлау - әрбір баланың парызы. Ана болу - бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Ананың алақаны – ұлылықтың ұлысы, сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя. Аспанға жазсам-ау, сенің есімінді, жан ана, көптік етпес еді деймін..
Ана.
«Сен бақыттысың, тербете бер,
Құба талдан иелген бесігімді,»
деп М. Мақатаев ана туралы өлең жазған. «Ана» - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жарқыны, жанашыры, қамқоршысы, ақ сүтін беріп аялап, жанын да аямаған ардақтысы.
Маржандай жылтыраған көздері, қара теңіздей шашы, бұлттай жұмсақ, нәзік қолдары. Ананың махаббаты күннен де ыстық. Анамның сөзін естігенде мен тірілемін.
Ана махаббаты менің үшін қурап, шөлдеп жатқан жерге жауған шарапатты да береке-ырысы мол жаңбырдай. Аналарымыз әрқашан қасымызда болып, жүздерінен қуаныш нұры кетпесін!
Жұмагелді Әділхан, 7 «а» сынып оқушысы
АНА
“Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін беріп аялаған, жалғыз жанын да аямаған ардақтысы.
Анам - мені аялаған ақ гүлім,
Анам менің – бақытым мен шаттығым.
“Анашым” – деп балаң жырын арнаған,
Неге ғана естімеген тәтті үнін.
Анам менің – өмірдегі тірегім,
Анам менің – кеудемдегі жүрегім.
Егер менің қасымда сен болмасаң,
Бұл өмірде қалай ғана жүремін, - деп жырлағым келеді.
Ана - сарқылмайтын күш иесі. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан - Ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да, кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана - үнемі баласы қайда жүрсе де, уайымдап жүреді. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ана туралы қаншама өлең жолдары, жырлар жазылған.
Әрбір ақын, әр жазушы ана туралы не жазса да, бәрі шындыққа жанасады. Ешқандай адам анасы туралы жаман сөз, жаман ой айта алмайды.Б ұған себеп әрбір адам өз анасын жақсы көреді. Алыста жүрсе сағынады.
Ананың балаға, баланың анаға деген сүйіспеншілігі - адам жүрегін елжіретеді. Әр ана өз баласы үшін не істемейді?! Сондықтан біздің анамызға деген махаббатымыз бітпеуі, сарқылмауы тиіс. Тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір беруші, асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана.
Ана… Ана - деген жүрегімізге жылу сыйлайтын, құдіретті күш иесі. Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш-жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны өмір бақи, нәрлене түседі.
Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым тәжірибе осыған дәләл болса керек.Ғалымдар адам аналарынан айрылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ маймыл ана жасап, бірінің омырауынан сүт шығатын, денесі қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін жылы да жұмсақ етіп, жасаған екен. Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты ана ретінде қабылдап, соның бауырына тығылған. Міне, сонда кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, ана құшағы ғана.
Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген екен
“Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар.
Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде “Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың”; “Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, бала соның өмірін ұзартады” делінген.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау - әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, жаман адам болып шықпасына кім кепіл. Алайда балалардың тәрбиесі адам қызығарлықтай болып өсе берсін дегім келеді.
Хуатхан Гүлмира, 7 «а» сынып оқушысы
Аялай біл сен деп соққан жүректі...
Әрбір адам жарық дүниеге келгенде, аяулы анасын көреді. Анамыздың бізді «ботақаным», «қошақаным» деп аялағаны қандай жақсы! Қасыңда сырласатын, мұңыңды шағатын адам болғанын қалайсың ғой. Ол – ана. Ананың әр сөйлеген сөзі құлаққа майдай жағады. Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір теңіз емес пе?! Тырмысып бауырына жабысатының, шырылдап, жылап іздейтінің – ана. Ол - бәрінен де қымбат жан. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, селк етпейтін сезім болуы мүмкін емес! Ана - сенің жүрегің, сенің махаббатың, сенің құшағың, балаға тіл жеткісіз биік шың!
Ана туралы қалам тербемеген ақын-жазушы да кемде-кем шығар. Осындай тамаша ақындардың бірі - Төлеген Айбергенов. Төлеген Айбергеновтің «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін» өлеңдерінің бірі – «Ана».
«Ана саған керек болса, балаға да сен керек,
Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.
Ана керек! О, адамдар, ана керек адамға.
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда».
Міне, бұл шумақтардан ананың қадірін білуге болады.
Мен оқыған Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» атты шығармасында ананы керемет бейнелеген. Баласы үшін жанын қиюға дайын, қайсар әрі батыр ананың бейнесін көруге болады.
Менің ойымша, дүниедегі ең асыл жан – ана. Оның балаға сүйіспеншілігін, балаға деген махаббатын еш нәрсемен, ешкіммен салыстыруға болмайды.
Мамандығым – менің болашағым
Мамандық таңдау - әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең» - дейді халық.
Барлық адам баласының арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді адам өз жүрегінің қалауымен таңдап алады. Мамандық пен өнерді өз қабілетіне де қарай таңдап алады.
Өмірде мамандықтың түрі өте көп: адам өмірінің арашасы болатын ақ халатты дәрігер болу, шәкірттерді білімге жетелейтін ұстаз болу, халық алдына шығып ән салатын әнші болу.
Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына қарай бейімделе
бастайды. Терең білім алуға талпынады. Өз бетінше ізденеді. Түрлі мамандықта еңбек етіп жүрген адамдардың өмірімен танысады. Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек.
Мектебімізде 9,11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында кеңес өткізілді. Оған лицей, колледждерден мамандар шақырылды.
21 қарашада мектебімізде Жүргізушілер сайысы өткізілді
Жүргізушілер сайысын өткізу жөнінде бастаманы өмір өзі
көрсетті. Біз түрлі сайыстар, кештер ұйымдастыруды жақсы көреміз. Әр сайыстың, әр кештің көрермендермен еркін сөйлесе алатын ұйымдастырушысы, иесі болуы керек. Жүргізуші деп аталуы да сол себепті.
Әділқазылар алқасына жеңімпаздарды анықтау қиындық туғызды.
Талантты балалар көп, әрқайсысы сахнада өздерін көрсетуге
тырысты. Ең үздіктері «Балауса – 2013» қалалық балалар шығармашылығы сайысына қатысуға жолдама алды.
«Дәрумендер – біздің досымыз»» атты мереке
Мектебімізде бастауыш сыныптар арасында «Дәрумендер – біздің досымыз» атты шара өткізілді. Әр сынып дәруменнің түрлерін көрініс, ертегі қойылымдары, ән арқылы бейнелеуге тырысты. Шараға барлық бастауыш сыныптары белсенді қатысты.
Мектеп үгіт бригадасы дәрумендердің пайдасы туралы айтып, көрермендермен қызықты ойындар өткізді. Шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Жарайсыңдар, балалар!








Күзгі мерекелер
Қазан айында мектебімізде дәстүр бойынша күзгі
мерекелер өткізілді. Күзгі шараларға барлық оқушылар белсенді қатысты. 1-4 сынып оқушылары арасында табиғи материалдан түрлі заттар жасаудан «Күзгі әуендер» көрмесі өткізілді.
9 «В» және 10 «Б» сынып оқушылары «Күзгі тарих» шарасын ұйымдастырды.
Күзгі балл кешінде вальс биі орындалды. Сахнадан А.С.Пушкиннің, Феттің, 
Буниннің табиғат тақырыбына жазылған өлеңдері естіліп тұрды. Күз туралы әндер шырқалып, күзгі сән үлгісі көрсетілді.
Күз – жыл мезгілдерінің ең бір тамаша уақыты. Күзгі табиғат адамның адамның көңіл-күйіне де көп әсер етеді.
«Жасөспірім» шұғыл- профилактикалық шарасы.
«Жасөспірім» ШПШ аясында мектепте төмендегідей шаралар өткізілді:
- шұғыл - профилактикалық шараларды өткізудің жоспары әзірленді,
- ата-аналар қоғамдастығымен бірлесе отыра күн сайынғы рейдтер кестесі құрылды;
- құқықтық тақырыптарға арналған сынып сағаттары өткізілді;
- «Тәуекел» тобындағы балалардың бос уақыты ұйымдастырылды;
- жайсыз отбасылары бақылауға алынды;
- ШПШ барысында ата-аналар қоғамдастығымен кешкі және түнгі уақытта бақылаусыз жүретін балаларды тексеру мақсатында 6 қолайсыз отбасына рейд жүргізілді (рейд кезінде балалар үйлерінде болды);
- Октябрьская, Береговая көшелеріндегі дүкендерге рейд жүргізілді. Жасы он сегізге толмағандарға шылым және ішімдік өнімдерін сату байқалған жоқ.
Сонымен «Жасөспірім» республикалық шұғыл- профилактикалық шарасы Павлодар ауылы аймағында белсенді өткізілді және осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
«Оқушылар сарайына саяхат »
2012 жылдың 13 наурыз күні , біздің мектеп оқушылары аға вожатыймен Н. Н. Маракинамен – оқушылар сарайындағы соғыс ардагерлеріне арналған мұражайға барды.

Әсем Қабдоллақызы Сыздыкова оқушылармен «Қазақстан тарихын білесің бе?» деген сайыс өткізді Оқушыларға Қазақстанның рәміздері , Қазақстанның Ұлы адамдары , қалалар, облыстар туралы сұрақтар қойылды.Оқушылар арасында сайысқа белсенді қатысып, өз білімдерін жоғарғы деңгейде көрсеткендерге жүлделер берілді.

Ауылым асқақ жырым-85жыл
Наурыз мерекесі қарсаңында
Наурыздың 14 күні мектебімізде 3-4 сыныптар арасында
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне Павлодарское ауылымыздың 85 жылдығына орай ұйымдастырылған «Әр елдің салты басқа» атты іс-шара өткізілді. Шараның мақсаты Қазақстан халқы достық пен бірлік ел екенін көрсете отырып, әр ұлттың өзіндік салт-дәстүрін насихатттап, келешек ұрпаққа үлгі ретінде көрсету болды. Мұнда кейбірі «Бесікке бөлеу», «Тұсау кесу»,
салт-дәстүрін көрсетсе, бірі қазақтың ұмыт болған ұлттық
қолөнері киіз басуды, сырмақ тігуді көрсетті. Бірі мың бұралып, украина ұлтының биін билесе, бірі грузин халқының өлеңдерін нақышына келтіре орындап, енді бірі қазақтың Алдаркөсе ертегісінен үзінді көрсетті. . Сондай-ақ қазақтың ұлттық ерекшелігін айқындайтын қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
