Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ата-аналарға арналған кеңес
Логопед- мұғалімге қандай жағдайда жүгіну керек?
 
    «Балалықшақ–адамныңөмірініңнегізгі кезеңі, келешек өмірге дайындықемес, ол бүгінгі,жарық,өзіндік, қайталанбайтын өмір. Сондықтан, балалықшаққалай өткені, балакезінде баланы кім қолынан ұстап жетектегеніне,оныңойына және жүрегіне сырттанне еңгеніне, бүгінгі бүлдіршін келешекте қандай адам болатыны, бағындыболады».                                                    
В.А.Сухомлинский
 
    Логопед-мұғалімдердің көп жылдық тәжірибесінен,жалпы және арнайы мектепке дейінгі мекемелердің логопункттарында жұмыс істеп жүрген мамандардың айтуынша сөйлеу тіліндегі кемістігі бар балалардың саны жыл сайынартып келеді.
         Қазіргі таңдағыстатистикабойынша жас шамасына қарай сөйлеу дамытуына зерттелген балалардың тек қана 30 пайызы ғана  нормаға сәйкес келеді. Ол - тіл, біз тіл арқылы өз ойымызды айтамыз, адамдармен қарым- қатынасқа түсеміз, қоршаған ортаны танимыз, білім аламыз, білгенімізді бөлісе аламызжәне т.б. Жалпы тіл кемістігі - бұл кемшілік ақаулық, бүгінгі біздің өзекті тақырыбымыз.
1.Тіл мүкістігі бар балалар.
2. Тіл мүкістігі деген не? Олар неліктен болады?
а) артикуляциялық аппарат
б) тыныс алу аппараты
в) ұсақ және қол моторикасы
3. Тіл кемістігіне жататын аппараттар
4. Тіл кемістігін жою жолдары
5. Ұсыныстар
 
1.Тіл мүкістігі бар балалар.
Сыныптатіл мүкістігі бар балалар бар ма? Болса нешеу екен?
 
2. Тіл мүкістігі деген не? Олар неліктен болады?
Бала 4-5 жаста барлық дыбыстарды дұрыс айтуы керек.Бірақ  кейбір балалардың сөйлеген кезінде дыбыстары бұзылып, алмастырып, шатастырып айтуы жиі кездеседі. Әсіресе жиі бұзылатын дыбыстар: с, з, қ, ш,ж, ч, р,л,ң.
 «Есейгесін өзі түзеліп кетеді» - деп көбінесе ата-аналар ондай ақаулықтарға көңіл бөлмейді. Дыбыс айтылуындағы кемістіктер баланың оқу, жазу дағдыларының, міңез-құлқының қалыптасуына, сабақ үлгіріміне көп  әсерін тигізеді. Ондай балалар ұялшақ келеді, көп сөйлемеуге тырысады, сабаққа енжарлық танытады, сөйтіп баланың міңез-құлқы өзгереді. Жалпы сөйлеудің қалыптаспауы, дыбыстардың дұрыс айта алмау т.б. бұл тікелей ми жұмысымен байланысты.
Ми құрылысының дамуының бұзылуына әсер  ететін екі негізгі фактор бар:
экзогендік (сыртқы) факторларға анасының  жүктілік  кезіндегі инфекциялық аурулар(вирустық аурулар,қызылша, сары ауру),ұрықтың анасының паразиттермен улануы, әйелдердің түрлі       аурулары (жүрек, өкпе аурулары т.б.),анасының дұрыс тамақтанбауы, баласының организміне дәрумендердің, көмірсулардың, ақуыздың, майлардың жетіспеуіне болады.
 ( темекі шегу, арақ ішу т.б. себептер).
Эндогендік (ішкі) факторларға жататындар: түрлі жарақаттар, ауаның лас болуы, түрлі улы заттар, түрлі зиянды дәрілерді қолдану.Осының бәрі мидың дамуына кері әсерін тигізеді.Ал мидың дұрыс жұмыс істемеуі тікелей тілдің дамуына әкеліп соқтырады.
Сонымен, тіл кемістігі дегеніміз:  артикуляциялық аппарат, тыныс алу аппараты және қол моторикасы дұрыс және жетік дамымағанды айтуымыз керек.
 
3. Тіл кемістігіне жататын аппараттар:
а) Артикуляциялық аппаратқа жататындар: жақ, ауыз, тіл, таңдай.
б) Тыныс алу аппараты: мұрын және  дем алу жолдары.
в) Қол моторикасы: қол және саусақтар.
 
4. Тіл кемістігін жою жолдары
Артикуляциялық аппаратына, тыныс алуға және қол моторикасына арналған жаттығуларын бірге өткізу.
1)Артикуляциялық аппаратын дамытуға арналған жаттығулар:
«Кесе», «күрек», «бақа», «су сиыр», «ат»,  «тісті тазала», «тәтті тосап»,
« тоқылдақ», «машина», «шар». Жаттығуларды күнделікті таңертең, кешкіде 5-7 минуттан жасағаны жөн.
2) Тыныс алуғаарналған жаттығулар:
«Кеме гүілдейді», «моторчик», «шарды аунату»,  «суға үрле»,  «сабынды көпіршікке  үрлеу»,  «гүлге үрле», «қарындашты аунату», «қайықты үрлеп жылжыту», «қақпаға допты кіргіз» т.б. Жаттығуларды күш салып үрлегенде емес, ол қабыстырған ерін арқылы немесе ерінді алға созып үрлеу қажет.
3)Жапондық дәрігер Намикоси Токитзори қолдың қимыл- қозғалысына арналған саусақ әдісін құрды. Ол саусақ ұшына көптеген орталық жүйке жүйесінін импульсын арттыратын рецепторлар бар екенін дәлелдеді. Сондықтан да баланы сөйлеуге үйреткенде онын саусақ қимыл-қозғалысын да қатар дамыған жөн.Демек тілдің дамуы саусақтардың қимыл-қозғалысының қалыптасу сатысына тікелей байланысты.Баланың саусақ бұлщық еттері өз деңгейінде дамығанда онын танымдық, шығармашылық, сөйлей білу қабілеттері ерекше дамиды. Бұл қол саусақтарының дамуы мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілеті мен тілінің дамуымен тығыз байланыста болатынын білдіреді.
Ұсақ моториканың дамуына келесі жаттығулар пайдалы.Саусақтарымен қарындашты бұрау, моншақтарды іріктеу, түймелерді тағу т.б.
Ұсақ және жалпы моториканы дамыту үшін көптеген ойындар бар: «лего», «лото», «моншақты тізу», «саусақ бассейні», «шашылған моншақты жина», «допты домалату», «суретті аяқта», т.б.
 
 
5.Ұсыныстар
 
Тәрбиешілер, психолог, музыка жетекшілері, бейнелеу өнерінің тәрбиешісі, дене шынықтыру маманы және ата- аналар барлығымыз бірігіп жұмыс жүргізгенде ғана біз баланың тіл кемістігін жоя аламыз, нәтижесін көре аламыз. Өйткені бір адамның жұмысы ол көрінбейді, бұл бір күндік емес, бұл айлап немесе жылдап жүргізілетін жұмыс, сондықтан меніңөтінетінім - кеңеске келіңіз, білмейтінін сұраныз, баланың келешегі біздің қолымызда.Ертең ол қандай азамат болып өсетінін бізге байланысты,  сондықтан қолымыздан келетін көмегімізді берейік. Сабақтарда, күннің екінші жартысында  балалармен  алдын алу және кемістікті жоюға арналғантапсырмаларды, шараларды  жүргізейік.