"Павлодар қаласының №41 денешынықтыру – сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебі" ММ
Павлодар қ., Суворов көш., 41
500337, 500330, 500328
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 51
периодически прохожу медосмотр; - 38
ничего не делаю; - 28
правильно питаюсь; - 14
добродушно отношусь к окружающим; - 10
соблюдаю режим дня; - 7
закаляюсь; - 2
изучаю познавательную литературу; - 1
Всего проголосовало: 151
Смотреть результат
Бір жылда2907889
Бір айда232603
Бір аптада50567
Кеше8379
Тәулік7042
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі (көрсетілетін қызметті берушіге).

Мектептердің мектеп оқушыларының жекелеген санаттарына тегін және арзан бағамен тамақтандыруды ұсынуда талап етпейтін құжаттарды сұратуға байланысты Павлодар қаласы білім беру бөліміҚР Үкіметінің 2012 жылғы 22 ақпандағы № 255 (25.01.2008 жылғы № 64) қаулысын және ҚР БҒМ-нің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 (25.12.2017 жылғы № 650) «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын»ОРЫНДАУ ҚАЖЕТТІГІН ЕСКЕРТЕДІ.

     Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі (көрсетілетін қызметті берушіге):

            1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

            2) ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжат (жеке сәйкестендіру үшін қажет);

            3) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке сәйкестендіру үшін қажет);

            4) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;

            5) мәртебесін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі:

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар санаты үшін көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;

- жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін - алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырандыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);

- отбасында тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - қамқоршылықты (қорғаншылықты) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі, жетім баланың (балалардың) немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) патронаттық тәрбиеге, қабылдаушы отбасына берілгені туралы шарт;

- төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар үшін – төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемнің қажеттілігін дәлелдейтін құжат;

- білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын балалар үшін - отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу, сондай-ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттардың негізінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы білім беру ұйымының алқалық органның шешімі.

            Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.