Сенім телефоны
87182500331
email: 41scool@mail.ru
Мекенжайы: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 55
периодически прохожу медосмотр; - 39
ничего не делаю; - 30
правильно питаюсь; - 14
добродушно отношусь к окружающим; - 13
соблюдаю режим дня; - 7
закаляюсь; - 3
изучаю познавательную литературу; - 2
Всего проголосовало: 163
Смотреть результат
Бір жылда2919540
Бір айда116425
Бір аптада21272
Кеше3125
Тәулік1864
Оқиғалар

 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын  іске  асыру  мақсатында 41 ЖОББМ-де бұйрық  шығарылып, жылдық  жоспары  құрылған. Оқу жылының  басынан  «Тәрбие және білім», «Рухани қазына»  бағдарламасы аясында  көптеген  тәрбиелік іс шаралар өткізіліп келеді.13  қаңтар күні 5 Ә сынып оқушыларының  қатысуымен  «Павлодарлық Ұлы Отан соғысының  батырлары»  атты  тақырыпқа   ерлік сабағы өтті.

Шара барысында  оқушылар  «Павлодарлық  батырлар»  туралы қызықты  тарихи мәліметтермен танысты.Ұлы Отан соғысы  кезінде 500-ден астам  қазақстандық  Кеңес Одағының батыры  атанды, солардың  қатарындаПавлодарлық  Кеңес Одағының батырлары  Иван Бабин,Құдайберген Мағзұмұлы  Сұрағанов,Қайырбаев  Махмет Қайырбаевич,Елгин Андрей Николаевичтің өмірбаяндарымен танысты.

«Қазақстанның  ержүрек  батырлары» туралы  бейнефильмді тамашалады.

Тарих пәнінің мұғалімі М.С. Кабдрасилов оқушыларға  Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қазақстандықтардың қосқан үлесі жайлы  мәлімдеді, соны танымдық, қызықты және қолжетімді формада жеткізді.

Батырлар туралы әр жерде шашырап жүрген ақпаратты бір жерде жинақтау; халыққа беймәлім, бірақ соғыстың нәтижесіне әсер еткен фактілерді жария ету барысында Үкімет тарапынан көптеген жұмыстардың атқарылып жатқанын айтты.

 

1 наурызда № 41жалпы орта білім беру мектепте  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»бағдарлама  шеңберінде  Павлодар  облысының                 80  жылдығына арналған  зияткерлік-шығармашылық  байқау өтті.            В.А. Сумина  мұғалімнің жетекшілігімен  11 сыныптың  оқушылары  туған өлке, Қазақстанның  қасиетті  жерлері жайлы  білімдерін  көрсетті,  түрлі заманда  өз  ісімен, еңбегімен атын  шығарған  адам туралы  білімдерін кеңейтті. Байқауға  дайындалу  және  іс-шара  барысында  балалар белсенді өмірлік көзқарастарын  көрсетті. Ұсынлған  авторлық әндер,  көрсетілген бейнероликтер  мен  презентациялар  біздің  түлектердің  кіші  отанға  деген махаббатын, шығармашылық  қабілетін  ашты.

10 желтоқсан 2018 жылы Павлодар қаласының № 41 орта мектебінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың “Рухани жаңғыру” бағдарламасының “Тәрбие және білім” бөлімі аясында іс-шара өткізілді. Іс -шара 5-6 “Ә” сынып оқушыларының “Өлке  тарихы” факультатив курсының “Қазақ халқының рухани мәдениеті” тақырыбына сәйкес жүргізілді. Шараны Павлодар қаласының “Майра Шамсутдинова атындағы ән-шығармашылық мұражайының басшысы Рахимов Ерлан Олжайұлы жүргізді.

Ол  қазақ музыкасының  ерекшеліктері,соның ішінде Павлодар өңірінде қолданылған музыкалық аспаптар жайлы,музыканың маңызы туралы баяндады.  Ерлан Олжайұлы музыка саласындағы Павлодар өлкесінен шыққан өнер майталмандары туралы мәліметтер берді.

Сабақ өте қызықты өтті, өйткені ол өзімен бірге музыкалық аспаптарды әкелді.Олар жайлы қызықты тарихи әңгімелер айтып, бірнеше аспаптарда еркін ойнады. Оқушылар да өз таланттарын сынап көрді.Олардың музыкалық ерекшеліктерін тексерді.

Шара соңында Ерлан Олжайұлы домбырамен өлең айтты.

 

 

 «Рухани жаңғыру» республикалық жобаны іске асыру шеңберінде  2018 жылғы сәуірдің 23-і Павлодар қаласының № 41 ЖОБМ-да М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Облыстық штабымен бірге «Жас Ұлан ОБЖҰ даму болашағы» облыстық форумның тәжірибе бөлімі өтті. Жұмысқа Павлодар облысы аудандары мен қалаларының мектеп үйлестірушілері, аға тәлімгерлері мен қосымша білім беру ұстаздары қатысты.

 Мектептің білім алушылары қонақтарды «Менің Қазақстаным» флешмобымен қарсы алды, содан соң мектепте экскурссия өтті.

         Форум қатысушыларына «Тарихи тұлғалар» (жоба жетекшілері тарих мұғалімдері: Сумина В.А., Туртугулова Г.С., Кабрасилов М.С..), «Павлодар облысының көркем жерлері» (жоба жетекшісі география мұғалімі:  Турсунбаева Н.К.) арнайы жобалардың презентациясы ұсынылды.

         «Тарихи тұлғалар» жобаның тәжірибе бөлігіне Г. Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы басшының орынбасары Г.М. Алиева қатысты.

    Жоба жетекшілерімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстың білім нысандары ұсынылды. .

          Облыстық форумның әр бір қатысушысына мектептің аға тәлімгері жұмысына көмекші болатын әдістемелік материалы бар бейнетабақ пен қатысқаны туралы сертификаты берілді.

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде,оқушылардың Павлодар жайлы білімдерін байыту мақсатында, Павлодар қаласы № 41 ЖОБМ-ның 9 сынып оқушылары Г.Н.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайының басты сақтаушы Алия Зарлыковна Жомартовамен кездесуде болды.
   Олар біздің қала мен облысымыздың тарихымен, облысымыздағы танымал адамдардың өмірі мен қызықты фактілерімен танысты. Дәрістен кейін «Знаешь ли ты свой родной край?» атты қызықты викторина жүргізілді, 9 сыныптың оқушылары қойылған мақсатқа жауаптылықпен қарады. Командалардың ұраны, эмблемалары, атауы әзірленді.
Осындай кездесулер туған қаламыздың тарихын терең зерттеп білу үшін жағдай жасайды, жайлы еліміз үшін мақтаныш сезімін тудырады және туған өлкеге деген махаббат, патриотизм сезімін ұялатады.