Павлодар облысында 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 18 маусымынан 31 тамызына дейін жүргізіледі.
Құрметті ата-аналар!
Өтінішті 31 тамызға дейін egov.kz порталы арқылы электронды форматта беруге болады.
Білім беру ұйымында мектепалды даярлық бағдарламасын меңгеріп, осы мектепте оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар 1-сыныпқа автоматты түрде қабылданады.
Ал баласын басқа мектепке орналастыруды жоспарлаған ата-аналар құжаттарды жалпы белгіленген тәртіппен тапсырады.
1-сыныпқа балалар 6 жастан бастап, ата-анасының өтініші негізінде, дайындық деңгейіне қарамастан қабылданады. Биыл облыс мектептеріне 10 мыңнан астам бірінші сынып оқушысы қабылданады деп жоспарлануда.
Өтініш беру үшін қажетті құжаттар:
• ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
• №065-у және №052-2/у нысандарындағы медициналық анықтамалар.
