"Әрине, көптеген кітаптар бар, тек мен журналдарды жақсы көремін".
18 наурызда мектеп кітапханасында 4 «Ә» сынып оқушыларына арналған «Кітап көп, бірақ мен журналдарды жақсы көремін» тақырыбында кітапханалық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар «Свирель», «GEOленок», «Читайка», «Мир детей и подростков», «Айгөлек», «Балдырған», «Бала би», «Мөлдір бұлақ», «Балалар әлемі», «Ертегілер әлемінде» журналдарымен танысты.
Жарқын! Түрлі-түсті! Қызықты! Танымдық! Бұл журналдар бірден балалардың қызығушылығын арттырды. Оқушылар журналдарды тамашалап, ондағы комикстерді оқыды, түрлі қызықты әрі пайдалы мәліметтермен танысты, ребустар мен сөзжұмбақтарды шешті.
