Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
О библиотеке

 

"Кітапхана тірі болса – халық та тірі,

 Ол өлсе – біздің өткеніміз бен болашағымыз да өледі"

 Д. Лихачев

 

 

 

    Бүгінгі күнде кітапхана – ақпарат орталығы. № 43 мектептің кітапхансы мектеп негізі қаланған күннен бастап бар. Мұғалімдер «Оқу үрдісіне көмек» деп аталатын көрмеде жаңарып, көрсетіліп отыратын әдістемелік жаңалықтармен, мерзімді басылымдармен таныса алады. Оқушылар олимпиадаға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға дайындалу үшін кітаптарды және басқа да ақпарат көздерін белсенді пайдаланады.

 

    Оқушылардың жыл сайын өтетін кітапхана тәжірибесінде «Кітапхана достары» бейінді отрядында анықтама әдебиетімен, тізбелермен, картотекалармен дағдыланып жұмыс істеуіне мүмкіндіктері бар. Алдағы жазғы тәжірибеде оқушылар электронды тізбелерді автоматтандырылған кітапханалық іздестіру жүйесімен толықтыруларына болады. Автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесін құруымен біздің кітапханада кітапханалық үрдістерді автоматтандыру бойынша бастапқы жұмыс болуы керек. 

 

    Кітапхана – бұл 10 орынға арналған абонемент жәнеоқузалы.  Оқу залында жасөспірімдерге және бастауыш сынып оқушыларына арналған мерзімді баспалармен танысуға болады. Мұндай қызықты журналдар мен газеттер бар: «Өзін-өзі тану», «Заманауи мектепті басқару», «Бала би», «Педкеңес», «Соңғы қоңырау», «Тату достар», «Сарыарқа самалы», «Мектептегі кітапхана», «Балдырған», «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар», «Балалар энциклопедиясы АиФ», «Звезда Прииртышья», «Айгөлек», «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан», «Қазақ тілін үйренейік».Мектептің кітапханасы туралы мәлімет Жалпы қор – 48419 Кітаптар – 13180 Қазақ тіліндегі кітаптар – 9932 Орындар саны – 6 Кітапхана ауданы – 35,9 кв.м Компьютерлер саны – 6

 

    Көркем әдебиет классикалық шығарма түрінде де, заманауи, шетел әдебиеті және қазақ авторларының шығармаларымен де ұсынылған.

 

    Мектеп кітапханасы – бұл ақпарат және рухани, адамгершілік-зиялылық, эстетикалық даму орталығы. Жақсы кітапханасы жоқ мектеп білім беру және тәрбие қызметін жоғары деңгейде атқара алмайды. 

 

 

  

Кітапхана құрылысы:

структура библиотеки

 

Жазылу және оқу залы:

 

Негізгі қорды сақтау:

 

 

Кітапхана туралы нақыл сөз

 

Кітапхана – білім мен ғылым ордасы.Бұл демалуға, ойлануға, әрине көп нәрсе білуге болатын жер. Кітапхана – ғылым отаны.

 

 Кітапхана – бұл күнделікті өмір. Бұл әлемге және оқиғаларға апаратын есік. Мұнда біз сөз шеберлерімен кездесеміз. Кітапхана – рухани демалып, бұл бұрын білген және білмегенді танитын керемет жер. Кітапхана – бұл ғылымжұмағы!!! Көп оқыған, көп білер!!!

 

Кітапхана – басқа әлемге апаратын жол. Әрі, мұндай әлем өте көп, әрқайсысы мұнда өз әлемін табады. Бұдан басқа ол таусылмайтын білім көзі. Кітапхананың бары қандай керемет!

 

 Кітапхана – сүңгіп, барлық мәселелерден арылатын білімнің үлкен дариясы!