Сенім телефоны
87182-35-34-62
email: ksosh@goo.edu.kz instagram.com/ksosh_school
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылы, Конституция алаңы, 1
87182-353-461
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВТЫҢ "ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» МАҚАЛАСЫ

      МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ  НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВТЫҢ "ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» МАҚАЛАСЫ    

Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уа­қыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уа­қыт пен кеңіс­тіктің көкжиегі тоғысқан кез­де ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ға­на әдемі афо­ризм емес. Шын мәнінде, немістердің, ита­лия­лық­тардың немесе үнді ха­лық­та­рының жыл­намасына көз жү­гіртсек, олар­дың мың­даған жылды қамтитын төл тари­хын­дағы ұлы жетістіктерінің де­ні осы ел­дер қазір ме­кен етіп жат­қан аумақтарға қа­тыс­тылығы жөнінде сұ­рақ туын­дай­тыны орын­ды. Әрине, ежел­гі Рим деген қа­зіргі Ита­лия емес, бірақ италиялықтар өз­де­рінің та­рихи тамырымен мақтана ала­ды. Бұл – орын­ды мақтаныш. Сол сияқ­ты, ежелгі гот­тар мен бүгінгі неміс­тер де бір ха­лық емес, бірақ олар да Гер­манияның мол тарихи мұрасының бір бөл­шегі. По­лиэ­тни­калық бай мәдениеті бар ежел­гі Үн­дістан мен бүгінгі үнді хал­қын тарих тол­қынында үздіксіз дамып ке­ле жатқан бі­регей өркениет ретінде қа­­растыруға бо­лады. Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлт­­­тық тарихымызға терең үңіліп, оның күр­­­меулі түйінін шешуге мүмкіндік туа­­ды. Қазақстан тарихы да жеке жұрнақ­та­рымен емес, тұтастай қалпында қа­зіргі за­манауи ғылым тұрғысынан қа­рағанда тү­сінікті болуға тиіс. Оған қа­жетті дәйек­те­ріміз де жеткілікті. Біріншіден, қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бір­лес­тік­тердің дені қазіргі Қазақстан аума­ғын­да құрылып, қазақ ұлты этногенезінің не­гізгі элементтерін құрап отыр. Екіншіден, біз айтқалы отырған зор мә­дени жетістіктер шоғыры даламызға сырт­тан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең байтақ өлкеде пайда болып, со­дан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды. Үшіншіден, кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің баба­ла­ры­мыз­дың өз заманындағы ең озық, ең үздік тех­нологиялық жаңалықтарға тікелей қа­тысы бар екенін айғақтайды. Бұл жә­дігерлер Ұлы даланың жаһандық та­рих­тағы орнына тың көзқараспен қарауға мүм­кіндік береді. Тіпті, қазақтың кейбір ру тайпа­лары­ның атаулары «қазақ» этнонимінен талай ға­сыр бұрын белгілі болған. Осының өзі біз­дің ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұ­ған дейін айтылып жүрген кезеңнен тым әріде жатқанын айғақтайды. Еу­ро­пацентристік көзқарас сақтар мен ғұндар және басқа да бүгінгі түркі халықтарының арғы бабалары саналатын этностық топ­тар біздің ұлтымыздың тарихи этно­ге­не­зінің ажырамас бөлшегі болғаны туралы бұл­тартпас фактілерді көруге мүмкіндік бер­ген жоқ. Сонымен бірге, ұзақ уақыттан бері біз­дің жерімізде өмір сүріп келе жатқан көп­теген этностарға ортақ Қазақстан та­ри­хы туралы сөз болып отырғанын атап өткеніміз жөн. Бұл – түрлі этнос­тар­дың көптеген көрнекті тұлғалары өз үлес­терін қосқан бүкіл халқымызға ортақ та­рих. Бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек. Бірақ, қандай да бір тарихи оқи­ғаны таңдамалы және конъюнктуралық тұр­ғыдан ғана сипаттаумен шектелуге бол­майды. Ақ пен қара – бір-бірінен ажы­рамайтын ұғымдар. Бұлар өзара бір­лескенде жеке адамдардың да, тұтас ха­лықтардың да өміріне қайталанбас реңк бе­реді. Біздің тарихымызда қасіретті сәт­­тер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл со­­ғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұр­­ғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қу­ғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмы­туға хақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ау­қым­ды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек. Біз басқа халықтардың рөлін төмен­де­тіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсе­тейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене оты­рып, жаһандық тарихтағы өз рөліміз­ді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіс­піз. Сонымен, Ұлы даланың жеті қырына тоқ­талайық. І. ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ Біздің жеріміз материалдық мә­де­ниет­тің көптеген дүниелерінің пайда бол­ған орны, бастау бұлағы десек, асыра айт­қандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажы­рамас бөлшегіне айналған көптеген бұйым­дар кезінде біздің өлкемізде ойлап та­был­ған. Ұлы даланы мекен еткен ежел­гі адамдар талай техникалық жаңалықтар ой­лап тауып, бұрын-соңды қолданыл­ма­ған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адам­зат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жыл­намалар бүгінгі қазақтардың арғы ба­балары ұланғайыр Еуразия құрлығын­да­ғы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді. 1. Атқа міну мәдениеті Атқа міну мәдениеті мен жылқы ша­руа­шылығы жер жүзіне Ұлы даладан та­ра­ғаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энео­лит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүр­гізілген қазба жұмыстары жылқының тұң­ғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қол­ға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біз­дің бабаларымыз өз дәуірінде адам айт­қысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ау­қым­да алсақ, шаруашылық пен әскери са­ладағы теңдессіз революцияға жол аш­ты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мә­дениетінің де негізін қалады. Бес қа­руын асынған салт атты сарбаз айбарлы көш­пенділер империялары тарих сах­насына шыққан дәуірдің символына ай­налды. Ту ұстаған салт атты жауынгердің бей­несі – батырлар заманының ең таны­мал эмблемасы, сонымен қатар, атты әс­кердің пайда болуына байланысты қа­лыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени ко­дының» айрықша элементі. Автокөлік қозғалтқыштарының қуа­ты әлі күнге дейін аттың күшімен өл­ше­неді. Бұл дәстүр – жер жүзінде салт ат­ты­лар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құр­меттің белгісі. Біз әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қа­зақ жерінен тараған осынау ұлы тех­нологиялық революцияның жемісін адам­зат баласы ХІХ ғасырға дейін пай­даланып келгенін ұмытпауға тиіспіз. Қазіргі киім үлгісінің базалық ком­поненттері Дала өркениетінің ерте ке­зеңі­нен тамыр тартады. Атқа міну мә­де­ниеті салт атты жауынгердің ықшам киім үл­гісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүр­ген­де ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз ал­ғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді. Осылайша, кәдімгі шал­бар­дың алғашқы нұсқасы пайда болды. Бұл салт атты адамдардың ат құла­ғын­да ойнауына, ұрыс кезінде еркін қи­мылдауына мүмкіндік берді. Дала тұр­ғын­дары теріден, киізден, кендір мен жүн­нен, кенептен шалбар тікті. Содан бе­рі мыңдаған жыл өтсе де, киімнің осы түрі өзгере қоймады. Қазба жұмыстары ке­зінде табылған көне шалбарлардың қа­зіргі шалбардан еш айырмасы жоқ. Сонымен қатар, бүгінгі етіктердің бар­лық түрі көшпенділер атқа мінгенде ки­ген жұмсақ өкшелі саптама етіктің «мұ­рагерлері» екені белгілі. Ат үстінде жүрген көшпенділер та­қы­мына басқан сәйгүлігіне неғұрлым еркін мі­ніп жүруі үшін биік ер-тұрман мен үзең­гіні ойлап тапты. Бұл жаңалық салт ат­ты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мы­ғым отыруына, сонымен бірге шауып ба­ра жатып, қолындағы қаруын еш қиын­дықсыз және неғұрлым тиімді қол­дануына мүмкіндік берді. Бабаларымыз шапқан аттың үстінен са­дақ тартуды барынша жетілдірді. Соған бай­ланысты қарудың құрылымы да өзге­ріп, күрделі, ыңғайлы әрі қуатты бола түс­ті. Масағына қауырсын тағылып, ме­тал­мен ұшталған жебе берен сауытты те­сіп өтетін көбебұзарға айналды. Қазақстан аумағында өмір сүрген түр­кі тайпалары ойлап тапқан тағы бір тех­нологиялық жаңалық – қылыш. Оның оқтай түзу немесе иілген жүзі – ерек­ше белгісі. Бұл қару ең маңызды әрі кең таралған соғыс құралына айналды. Сарбаз бен оның мінген атын қорғау­ға арналған сауытты да алғаш рет біздің ба­баларымыз жасаған. Еуразия көш­пен­ді­лерінің айрықша маңызды әскери жаңа­лығына баланған мұздай темір құр­санған атты әскер осылайша пайда бол­ды. Отты қару пайда болып, жаппай қол­­­­данысқа енгенге дейін атты әскердің да­муы біздің дәуірімізге дейінгі І мың­жылдық пен біздің дәуіріміздің І ғасыры ара­сында көшпенділердің ұзақ уақыт бойы бұрын-соңды болмаған жауын­гер­лік үстемдік орнатуын қамтамасыз еткен жа­сақтың ерекше түрі – айбарлы атты әс­кердің қалыптасуына ықпал етті. 2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия Металл өндірудің амал-тәсілдерін та­бу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адам­зат дамуының барысын түбегейлі өз­гертті. Сан алуан металл кендеріне бай қа­зақ жері – металлургия пайда болған ал­ғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі за­манда-ақ Қазақстанның Орталық, Сол­түстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда бо­лып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады. Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым бе­рік металдар өндіру ісін дамытып, олар­дың жедел технологиялық ілге­рі­леуі­не жол ашты. Қазба жұмыстары ба­ры­сында табылған металл қорытатын пеш­тер мен қолдан жасалған әшекей бұйым­дары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық зат­тары мен қару-жарақтары бұл туралы те­реңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежел­гі замандарда біздің жеріміздегі дала өр­кениеті технологиялық тұрғыдан қан­шалықты қарқынды дамығанын көр­се­теді. 3. Аң стилі Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ор­та­мен етене өмір сүріп, өздерін таби­ғат­тың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл бас­ты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы ме­кен­деген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды. Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақ­стан­ның ежелгі тұрғындарының озық мә­де­ние­ті болды. Олардың мұрасының жарқын көрі­ні­сі, көркем болмысы мен рухани бай­лы­ғы­ның айшықты белгісі – «аң стилі өне­рі». Жануарлар бейнесін тұрмыста пай­далану адам мен табиғаттың өзара бай­­ланысының символына баланып, көш­пенділердің рухани бағдарын айқын­дап отырған. Олар жыртқыштардың, негізінен мы­сық тұқымдас аңдардың суретін көбірек қол­данған. Егемен Қазақстанның сим­вол­дарының бірі – жергілікті жануарлар әле­мінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес. Бұл ретте, аң стилі бабаларымыздың ай­рықша жоғары өндірістік тәжірибесі бол­ғанын көрсетеді. Олар оюлап кес­кін­деуді, металмен жұмыс істеудің тех­никасын, соның ішінде, мыс пен қоладан бал­қымалар жасаудың және құймалар құю­дың, жайма алтын дайындаудың күр­делі әдістерін жақсы меңгерген. Жалпы, «аң стилі» феномені әлемдік өнер­дегі биік белестердің бірі саналады. 4. Алтын адам Біздің түп-тамырымызға жаңаша көз­қа­распен қарауға жол ашып, әлемдік ғы­­лым үшін сенсация саналған жаңалық – 1969 жылы Қазақстанның Есік қор­ға­ны­нан табылған, өнертанушы ғалымдар ара­сында «қазақстандық Тутанхамон» де­ген атқа ие болған «Алтын адам». Бұл жауынгер талай тылсым құ­пия­ның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен там­сандыратын аса жоғары деңгейдегі көр­кем дүниелер жасаған. Жауынгердің ал­тынмен апталған киімдері ежелгі ше­берлердің алтын өңдеу техникасын жақ­сы меңгергенін аңғартады. Сонымен бір­ге, бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етті. Дала халқы өз көсемдерін осылайша ұлық­тап, оның мәртебесін күн секілді құ­ді­рет деңгейіне көтеріп асқақтатқан. Қо­рымдағы сән-салтанатты жасау-жаб­дық­тар ежелгі бабаларымыздың зият­кер­лік дәстүрлерінен де мол хабар береді. Жауын­гердің жанынан табылған күміс ке­селердің бірінде ойып жазылған таң­балар бар. Бұл – Орталық Азия аумағынан бұрын-соңды табылған жазу атаулының ішіндегі ең көнесі. 5. Түркі әлемінің бесігі Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ға­сырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі са­нал­ды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды. Тарих пен география түркі мем­ле­кет­тері мен ұлы көшпенділер империялары са­бақтастығының айрықша моделін қа­лыптастырды. Бұл мемлекеттер ұзақ уа­қыт бойы бірін-бірі алмастырып, орта ға­сырдағы Қазақстанның экономикалық, сая­си және мәдени өмірінде өзінің өш­пес ізін қалдырды. Орасан зор кеңістікті игере білген түр­кілер ұланғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның жә­не әлемдік сауданың орталығына ай­нал­ған ортағасырлық қалалардың гүл­денуі­не жол ашты. Мәселен, орта ғасыр­дағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Насыр әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі ха­лық­тарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Яссауи Түркістан қала­сын­да өмір сүріп, ілім таратқан. 6. Ұлы Жібек жолы Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтым­ды, яғни Еуразия құрлығының кін­дігінде орналасуы ежелден әртүрлі мем­лекеттер мен өркениеттер арасында тран­зиттік «дәліздердің» пайда болуына сеп­тігін тигізді. Біздің дәуірімізден бас­тап бұл құрлық жолдары Үлкен Еура­зия­ның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мә­дениет саласындағы байланыстардың транс­континентальды желісіне – Ұлы Жі­бек жолы жүйесіне айналды. Бұл жол халықтар арасындағы жаһан­дық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынт­ымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа болды. Керуен жолдарын мінсіз ұйымдас­ты­рып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала халқы ежелгі және орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты дә­некері саналды. Дала белдеуі Қытай, Үн­ді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шы­ғыс және славян өркениеттерін байла­ныс­тырды. Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Тү­рік империяларының аумағын қамтыды. Ор­талық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену ше­гіне жетіп, халықаралық ауқымда эко­номиканы өркендетуге және мәдениетті да­мытуға септігін тигізді. 7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қыз­ғалдақтың «тарихи отаны» екені ғы­лы­ми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бі­рақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңы­зы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жа­рып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қа­зір де әлемдегі алма атаулының арғы ата­сы – Сиверс алмасының отаны са­на­ла­ды. Дәл осы тұқым ең көп таралған же­місті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін ал­ма – біздегі алманың генетикалық бір тү­рі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Ала­тауы баурайынан Ұлы Жібек жолының кө­не бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының сим­волы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп атал­­­ды. Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тау­ла­рының етегінен әлі күнге дейін жер­гілікті өсімдіктер әлемінің жауһары са­на­латын Регель қызғалдақтарын бас­тап­қы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсім­діктер біздің жерімізде Тянь-Шань тау­ларының етегі мен шөлейт даланың түйі­сер тұсында пайда болған. Қазақ то­пырағындағы осынау қарапайым, сон­дай-ақ, ерекше гүлдер өз әдемілігімен көп­теген халықтың жүрегін жаулап, бір­­­тіндеп бүкіл әлемге тарады. Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мың­нан астам түрі бар, олардың басым көп­шілігі – біздің дала қызғалдағының «ұр­пағы». Қазір Қазақстанда қызғал­дақ­тың 35 түрі өседі.


ІІ. ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ Көтерілген мәселелер жан-жақты ой еле­гінен өткізіп, терең зерделеуді талап ете­ді. Сондай-ақ, біздің дүниетанымы­мыз­­дың, халқымыздың өткені мен бү­гі­ні­нің және болашағының іргелі негіз­де­ріне тікелей қатысты. Бұл жұмысты бірнеше ірі жобалар ар­қылы бастауға болады деп ойлаймын. 1. Архив – 2025 Тәуелсіздік жылдарында халқымыз­дың өткенін зерттеуге қатысты ауқымды жұ­мыстар атқарылды. Еліміздің тарихи жыл­намасындағы ақтаңдақтарды қайта қал­пына келтіруге жол ашқан «Мәдени мұ­ра» бағдарламасы табысты іске асы­рыл­ды. Бірақ, бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көп­теген деректі құжаттар, әлі де болса, ғы­лыми айналымға түскен жоқ. Олар әлем­нің бүкіл архивтерінде өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатыр. Сондықтан, ежелгі дәуірден қазіргі за­манға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отан­дық және шетелдік мұрағаттар дү­ние­сіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағ­дар­­ламасын жасауымыз қажет деп санай­мын. Бұл жобаны жүзеге асыру барысында та­рих­шылардан, деректанушылар мен мә­дениеттанушылардан құрылған ар­найы топтардың отандық және шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі әрі ұзақмер­зімді ықпалдастықта болып, іздеу-зерт­теу жұмыстарын жүргізуіне баса мән беру керек. Қай жағынан болсын, бұл маңызды жұ­мыс мемлекет есебінен атқарылатын «академиялық туризмге» айналмауға тиіс. Архив деректерін тек жинақтап қа­на қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифр­лық фор­матқа көшіру қажет. Өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұя­латып, отаншылдық тәрбие беру мек­теп қабырғасынан басталуға тиіс. Сон­дықтан, мектептер мен барлық өңір­лер­де­гі өлкетану музейлерінің жанынан та­ри­хи-археологиялық қозғалыстар құру маңызды. Ұлт тарихын санаға сіңіру бар­ша қазақстандықтардың бойында өз бас­тауларына деген ортақтық сезімін қа­лыптастырады. 2. Ұлы даланың ұлы есімдері Көпшіліктің санасында тарихи үде­ріс­тер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы ба­ба­ларының есімдерін мақтан тұтады. Мысалы, өткен дәуірлердегі Ту­тан­ха­мон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж Ва­шингтон сияқты дүниежүзіне белгілі тұл­ғалар бүгінде «өз мемлекеттерінің» ба­ға жетпес символдық капиталы санала­ды әрі сол елдердің халықаралық аренада тиім­ді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр. Ұлы дала әл-Фараби мен Яссауи, Күл­тегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен Абы­лай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дү­ние­ге әкелді. Сондықтан, біз біріншіден, атақты та­рихи тұлғаларымыз бен олардың же­тіс­тіктерінің құрметіне ашық аспан ас­тын­да ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағар­ту энциклопедиялық саябағын ашуы­мыз керек. Екіншіден, мақсатты мемлекеттік тап­­­сырыс ұйымдастыру арқылы қазіргі әде­биет­тегі, музыка мен театр саласындағы жә­не бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар, ақын­дар және ел билеген тұлғалар бейне­сі­нің маңызды галереясын жасауды қол­ға алу қажет. Сондай-ақ, бұл жерде классикалық қа­л­ыптан тыс, балама жастар өнерінің креа­тивті әлеуетін де пайдаланудың мәні зор. Осыған орай, бұл іске тек отандық қа­на емес, сонымен бірге, шетелдік ше­бер­лер мен шығармашылық ұжымдарды да тартқан жөн. Үшіншіден, еліміздің тарихи кезең­де­рін кеңінен қамти отырып, «Ұлы да­­ла тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік се­­рия­­ларды шығарып, тарату жұмыс­та­рын жүйелендіру және жандандыру қа­жет. Бұл бағытта қазақстандық ғалым­дар­мен қатар шетелдік мамандар да тар­ты­ла­тын халықаралық көпбейінді ұжым құ­руға болады. Нәтижесінде, біздің қаһар­мандарымыздың өмірі мен қызметі жө­нінде тек еліміздегілер ғана емес, сон­дай-ақ, шет елдегілер де білетін болады. 3. Түркі әлемінің генезисі Қазақстан – күллі түркі халық­та­ры­ның қасиетті «Қара шаңырағы». Бүгінгі қа­зақтың сайын даласынан әлемнің әр түк­піріне тараған түркі тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңірлердің та­рихи үдерістеріне елеулі үлес қосты. Осыған байланысты, «Түркі өр­ке­ние­ті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алу қажет. Бұл жоба ая­сында 2019 жылы Астанада Түр­ко­лог­тардың дүниежүзілік конгресін және әр­түрлі елдер музейлерінің экс­по­зиция­ла­рына ежелгі түркі жәдігерлері қойы­ла­тын Түркі халықтарының мәдени күн­де­рін ұйымдастыру керек. Сондай-ақ, Ви­кипедияның үлгісінде Қазақстанның модераторлығымен Түркі халықтарына ор­тақ туындылардың бірыңғай онлайн кі­тап­ханасын ашу да маңызды. Сонымен қатар, жаңа облыс орта­лы­ғы ретінде Түркістанды дамыту бары­сын­да оның халықаралық аренадағы бе­де­лін жүйелі түрде арттыру қажет. Қазақстанның ежелгі астанасы хал­қы­мыздың рухани орталығы ғана емес, сон­дай-ақ, бүкіл түркі әлемі үшін киелі орын болып саналады. 4. Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және тех­нологиялар музейін ашуға толық мүм­кіндігіміз бар. Оған озық өнер мен тех­но­логия үлгілерін – аң стилінде жасалған бұйым­дарды, «Алтын адамның» жарақ­та­рын, жылқыны қолға үйрету, метал­лур­гияны дамыту, қару-жарақ, сауыт-сай­ман дайындау үдерісін көрсететін зат­тар­ды және басқа да жәдігерлерді жинақтауға бо­лады. Онда Қазақстан жерінен та­был­ған құнды археологиялық ескерткіштер мен археологиялық кешендердің экс­по­зи­циялары қойылады. Бұл заттар тарихи дәуірлердің қандай да бір кезеңіндегі әр­түрлі шаруашылық салаларының даму үдерісін көрсетеді. Сонымен қатар, «Ұлы даланың ұлы өр­ке­ниеттері» атты жалпыұлттық тарихи ре­конструкциялар клубын құрып, соның не­гізінде Астанада және Қазақстанның өз­ге де өңірлерінде ежелгі сақтар, ғұндар, ұлы түрік қағандарының дәуірі және бас­қа да тақырыптар бойынша фестивальдар өт­кізуге болады. Бұған қызығушылық біл­дірген адамдарды тарта отырып, осы та­қырыптар аясындағы жұмыстарды бір мезгілде жүргізуге болады. Ежелгі Отырар қаласының бірқатар ны­сандарын – үйлері мен көшелерін, қо­ғамдық орындарын, су құбырларын, қа­ла қамалының қабырғалары мен тағы да басқа жерлерін ішінара қалпына кел­тіретін туристік жоба да қызықты болмақ. Осының негізінде білімді дәріптеуге жә­не туризмді дамытуға баса мән берілуі қа­жет. 5. Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы Бұл жоба аясында бізге «Дала фольк­лорының антологиясын» жасау керек. Мұнда Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мың­жылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әф­са­налары, қиссалары мен эпостары жи­нақ­талады. Сонымен қатар, қазақтың қобыз, дом­быра, сыбызғы, сазсырнай және бас­қа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орын­дауға арналған маңызды туындылар топ­тамасын – «Ұлы даланың көне са­рын­­дары» жинағын басып шығару қажет. Ұлы даланың фольклоры мен әуен­де­рі заманауи цифрлық форматта «жаңа ты­ныс» алуға тиіс. Бұл жобаларды жүзеге асы­ру үшін көшпенділердің бай мұрасын жүйе­леуге қабілетті ғана емес, сондай-ақ, оның өзектілігін арттыра алатын отандық жә­не шетелдік кәсіби мамандарды тарту маңыз­ды. Біздің мәдениетіміздің негізгі сю­жет­­те­рін­де, кейіпкерлері мен сарын­да­рын­да ше­кара болмайды, сол себепті оны жүйе­лі зерттеп, бүкіл Орталық Еу­­разия кеңіс­ті­гі мен барша әлемде дә­ріп­теуге тиіспіз. Ауызша және музыкалық дәстүрді жаң­­ғырту қазіргі заманғы аудиторияға жа­қын әрі түсінікті форматта болуы ке­рек. Атап айтқанда, көнерген сөздер мен мә­­тіндерді суреттерімен қоса беруге, ай­қын видеоматериалдар формасында ұсы­ну­ға болады. Музыкалық дыбыстар мен әуендер табиғи аспаптармен ғана емес, олардың заманауи электронды нұс­қа­лары арқылы да шығарылады. Сонымен қатар, фольклорлық дәс­түр­дің ортақ тарихи негіздерін іздеу үшін Қа­зақстанның түрлі өңірлері мен өзге ел­дерге бірнеше іздеу-зерттеу экспе­ди­ция­ларын ұйымдастыру қажет. 6. Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі Қазіргі замандағы халықтардың та­ри­хи таным-түйсігінде кино өнері ерек­ше орын алады. Жалпы халықтың са­на­сында фильмдердегі жарқын ки­нооб­раз­дар іргелі ғылыми монографиялардағы де­ректі портреттерден гөрі маңыздырақ рөл атқарады. Сондықтан, тез арада Қазақстанның өр­кениет тарихының үздіксіз дамуын көр­сететін деректі-қойылымдық фильм­дер­дің, телевизиялық сериалдар мен то­лықметражды көркем картиналардың ар­найы циклін өндіріске енгізу керек. Аталған жобалар кең халықаралық ын­тымақтастық аясында отандық және шет­елдік үздік сценаристерді, режис­сер­лер­ді, актерлерді, продюсерлерді және за­манауи кино өндірісінің басқа да ма­ман­дарын тарту арқылы жүзеге асы­ры­луға тиіс. Қызықты әрі мелодрамалық сарын­дар­мен қатар, көрермендер үшін танымал фэн­тези және шытырман оқиғалы блок­бастерлердің элементтерін қоса отырып, жа­ңа тарихи теле-кино туындылардың жан­рларын барынша кеңейту қажет. Осы мақсатпен Ұлы даланың бай ми­фо­логиялық және фольклорлық ма­те­риал­дарын пайдалануға болады. Ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қа­лыптастыруға жол ашатын сапалы ба­лалар фильмдері мен мультипликациялық сериалдарды аса қажет ететін өскелең ұр­пақтың да талғамына ерекше назар ау­дару керек. Біздің даңқты батырларымыз, ой­шыл­­дарымыз бен ел билеушілеріміз – тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ, бү­кіл әлем бойынша еліктеуге лайықты тұл­ғалар. ҚОРЫТЫНДЫ Осыдан бір жарым жыл бұрын менің «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалам жарыққа шық­ты. Жоғарыда аталған жобаларды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырамын. «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағ­дар­ламасының жаңа компоненттері ата-ба­баларымыздың көп ғасырлық мұра­сы­ның цифрлық өркениет жағдайында тү­­сінікті әрі сұранысқа ие болуын қам­та­­масыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүм­­кіндік береді. Төл тарихын білетін, бағалайтын жә­не мақтан ететін халықтың болашағы зор бо­лады деп сенемін. Өткенін мақтан тұ­тып, бүгінін нақты бағалай білу және бо­лашаққа оң көзқарас таныту – елі­міз­дің табысты болуының кепілі деге­ні­міз осы.