Сенім телефоны
87182-35-34-62
email: ksosh07@mail.ru
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылы, Конституция алаңы, 1
87182-353-461
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін
Бір жылда3026860
Бір айда283299
Бір аптада59236
Кеше10938
Тәулік6664
Құрылтай жиналысының хаттамасы

№ 1 Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы.

 

06.08.2018 ж.

 

Қатысқандар: Қамқоршылық кеңесінің төрағасы-Нарбутина Б. С.

Ата – аналар комитетінің төрағасы- Қалиев М. Б.

Қамқоршылық кеңесінің хатшысы -Ткаченко С. И.

Қамқоршылық кеңес мүшелері-    Жарылғапова Г. Ж.

Мусин А. Т.

Жаркенова Ж. Т.

Камзина С. Т.

Сарсенова К. А.

 

 

Күн тәртібі:

1.         2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту.

2.         Мектеп формасын бұйрыққа сәйкес талқылау.

3.         "Мектепке жол" акциясы барысында жетім балалар мен аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсету (тізімді бекіту).

 

 

Сұрақ № 1.2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту – Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Б. С. Нарбутина сөз сөйледі.ол қатысушыларға 2018-2019 оқу жылына арналған қамқоршылар кеңесінің жұмыс жоспарын ұсынды

 

2018-2019 оқу жылына арналған Кенжекөл ЖОМ-ның қамқоршылар кеңесінің жұмыс жоспары

 

№ р/с

Жұмыс мазмұны

Мерзімі

Жауаптылар

1

Аз қамтылған отбасы балаларының тізімін бекіту

тамыз

ТжДО, сын.жетекшілер, әлеуметтік педагог

2

Тубжұқпалы және тубинфекциялы отбасы балаларының тізімін бекіту

тамыз

ТжДО, мед. қызметкері М.К. Балтагулова

3

Жетім-балалар тізімін бекіту

тамыз

ТжДО, сын.жетекшілер, әлеуметтік педагог, кеңес мүшесі

4

Жетім-балалар мен аз қамтылған отбасылардың тұрмыстық жағдай актісін қарау

тамыз-қыркүйек

қамқоршылар кеңесінің мүшелері

5

Жаппай оқыту қор есебінен ыстық тамақпен қамтылатын жетім-балалар тізімін бекіту

тамыз

қамқоршылар кеңесінің мүшелері

6

Жаппай оқыту қор есебінен ыстық тамақпен қамтылатын аз қамтылған отбасы балаларының тізімін бекіту

тамыз

қамқоршылар кеңесінің мүшелері

7

Мектеп асханасын жалға алушы есебінен ыстық тамақпен қамтылатын аз қамтылған отбасы балаларының тізімін бекіту

тамыз

қамқоршылар кеңесінің мүшелері

8

Мектеп асханасының кестесін бекіту

қыркүйек

ТжДО, асхана жалға алушы

9

Оқу жылына дайындық бойынша жаппай оқыту қор есебінен аз қамтылған отбасы балаларына материалдық көмек қөрсету

тамыз

қамқоршылар кеңесінің мүшелері

10

Жаппай оқыту қор есебінен аз қамтылған отбасы балаларына материалдық көмек беру

жыл бойы

қамқоршылар кеңесінің мүшелері

11

Аз қамтылған отбасы балаларына гуманитарлық және демеушілік көмек беру

 

ТжДО, әлеуметтік педагог, қамқоршылар кеңесінің мүшелері

12

Жаппай оқыту қорын пайдалану

жыл бойы

қамқоршылар кеңесінің мүшелері

13

Жаппай оқыту мен жалға алушы қор есебінен тамақтануын ұйымдастыру және бақылау

қаңтар

ТжДО, сын.жетекшілер, кеңес мүшелері

14

Оқушылардың тасымалын ұйымдастыру және бақылау

жыл бойы

Ауыл әкімшілігі, ТжДО

15

Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау

күн сайын

ТжДО, әлеуметтік педагог

16

Отбасыларды есепке алу

қыркүйек

ТжДО, сын.жетекшілер, әлеуметтік педагог, ата-аналар комитеті

17

Аз қамтылған отбасыларға рейд жасау

жыл бойы

ТжДО, сын.жетекшілер, әлеуметтік педагог, ата-аналар комитеті

18

Жетім-балалар, аз қамтылған отбасы балаларын, «қауіпты топ» МІБ тұрған оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру туралы

жыл бойы

ТжДО, сын.жетекшілер, әлеуметтік педагог, ата-аналар комитеті

 

 

Сұрақ № 2.Мектеп формасын бұйрыққа сәйкес талқылау. - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Г. Ж. Жарылғапова сөз сөйледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» №26 бұйрығына сәйкес КЖОМ-да міндетті мектеп формасы енгізілді.

 

Сұрақ №3.«Мектепке жол» акциясы барысында жетім балалар мен аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсету (тізімді бекіту) жалпы білім беру қоры және демеушілік қаражат есебінен сұрағы бойынша – ата – аналар комитетінің төрағасы М. Б. Қалиев сөз сөйледі.

             Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау Ережесін бекіту туралы» № 64 қаулысының негізінде, 2012 жылғы 22 ақпандағы № 255 өзгерістерімен және толықтыруларымен, Кенжекөл жалпы білім беру қорының қаражаты есебінен кеңсе тауарлары, киім және аяқ киім түрінде Кенжекөл жалпы білім беру мектебінің оқушыларына көмек көрсетілді (тізім қоса берілген)

 

Шешім:

1.         2018-2019 оқу жылына Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары бекітілсін.

2.         Мектеп формасын киюдің сақталуын талап етілсін.

3.         Мұқтаж оқушыларға кеңсе тауарлары, киім түрінде көмек көрсетілсін.    

 

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы-Нарбутина Б. С.

Ата – аналар комитетінің төрағасы- Қалиев М. Б.

Қамқоршылық кеңесінің хатшысы -Ткаченко С. И.

Қамқоршылық кеңес мүшелері-    Жарылғапова Г. Ж.

Мусин А. Т.

Жаркенова Ж. Т.

Камзина С. Т.

Сарсенова К. А.