Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 62-78-01
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндігі

 

 

Жалғасуда ұстаздықпен өмірі

 

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – көңілдің ақындығы,

Ұстаз болу – өмірдің күншуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы.

 

      Өткен жылы «Ұстаздар әулеті» конкурсының басжүлдесін иеленген әулеттің белді мүшесі Текжанова Ажар Төкенқызы  – біздің де мақтанышымыз. Бүгінгі күні 418 жылдық еңбек өтілімен танымал қос әулеттің біріне ардақты қыз, біріне қадірлі келін атын биікке көтеріп жүрген Ажар Төкенқызының әкесі, Әбілқасымов Төкен Әбілқасымұлы  - соғыс ардагері.  КПУ филология факультетін бітірген. 1947 жылдан 1991 жылға дейін 44 жыл бұрынғы Көкшетау облысы Рузаев ауданы Сарыбұлақ ауылының орта мектебінде  директор  лауазымында және қазақ тілі мен әдебиеті, тарих мұғалімі болып қызмет еткен. Ерен еңбегі үшін  Қазақстан Республикасының ағарту ісінің озық қызметкері, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

                Анасы, Рүстемова Мәруар Рүстемқызы,  КПУ география бөлімін бітірген. 1943 жылдан 1980 жылға дейін бұрынғы Көкшетау облысы Рузаев ауданы  Сарыбұлақ ауылының орта мектебінде  география пәнінен 37 жыл мұғалім болды.  Қазақстан Республикасының ағарту ісінің озық қызметкері, БжҒМ, облыстық, аудандық білім беру басқармалары құрмет грамоталарымен марапатталған. Батыр Ана 8 бала өсіріп, тәрбиелеген.             

            Қайын атасы,  Текжанов Мұзамедхафиз Ахметұлы – ҚазМУ түлегі, аталмыш білім ордасының  филология факультетін тәмамдаған. Қазақстан Республикасының ағарту ісінің озық қызметкері, БжҒМ құрмет грамоталарымен марапатталған.  Филология ғылымдарының кандидаты, ПаУ профессоры, жоғары оқу орындарында 54 жыл еңбек еткен.

            Қайын енесі, Игликова Шарипа Қанафьяқызы,  Алматы қыздар институтының биология факультетін тәмамдаған. Қазақстан Республикасының ағарту ісінің озық қызметкері, Павлодар қаласы №3 Алтынсарин атындағы гимназияда биология мұғалімі болып 30 жыл қызмет еткен.             

                Өмірлік серігі, Текжанов Қайрат Мұхамедхафизұлы,  Павлодар қаласында ұстаздар отбасында дүниеге келген.  Павлодар педагогикалық институтының филология факультетін тәмамдаған соң, еңбек жолын Павлодар ауданы Даниловка орта мектебінің директоры болып бастады. Бүгінгі күні филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Павлодар педагогикалық институты филология факультеті деканы қызметін атқаруда, 30 жыл мұғалімдік өтілі бар.

              Осылайша тізбелей берсек, ұстаздар әулетінің еңбегін еселей қосып,  толықтырып жатқандары  жетерлік. «Қосылған қос өзен секілденген» екі әулеттің педагогикалық династиясы  жалғасын табуда.

            Тілге тиек болып отырған кейіпкеріміз – «Швейцариясы» қазағымның Көкшетауда туылған асыл жар,  аяулы ана, ұлағатты ұстаз, білікті әріптес  Текжанова Ажар Төкенқызы  1961 жылы 7 қаңтарда  Көкшетау облысы Рузаев ауданы Сарыбұлақ ауылында дүниеге келген. ПМПИ, ПаУ филология факультеттерін тәмамдаған. 1979 жылдан білім беру саласында орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, директордың оқу-тәрбие ісі, ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары болып 30 жыл жұмыс атқарып келеді. Қалалық білім беру бөлімі құрмет грамотасымен марапатталған.

        Жүректің батырлығы да, көңілдің ақындығы да, өмірдің күн шуағы да, азбайтұғын адамның алтындығы да бір жерге топтасқан ұстаздар әулетіне амандық пен отбасылық бақыт, шығармашылық табыстар тілейміз.

           Тағы да айтайын дегенім, 21 ақпанда  аталмыш «Ұстаздар әулеті» фестивальда лауреат атанды. Әрі ұстаз, әрі әнші, әрі биші, ақын жанды Ажар Төкенқызын таныстыру, жарнамалау 25 мектеп ұжымына ұсынылды. Мектептегі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері О.Б.Тлешова, Н.Е.Жанғабулова, А.С.Копаева, Л.Ж.Мухаметжанова, Ә.Ш.Мухаметжанова, А.М.Сулеевтеодің  6 «б», 6 «в», 7 «а», 7 «ә», 7 «б», 8 «в», 8 «а», 9 «ә» оқушыларын тиімді ұйымдастырып, бар өнерлерін ортаға салып, зор қошеметпен төрешілердің көңілінен шыққан, көрерменнің жүрегінен орын алған сахна төріндегі сазды әуенмен әрленген әріптестердің саналы әрекетінен, таным-тағылымынан туындаған қойылымға куә болдық.

         Сахнада ұстаздық мамандыққа деген ерекше құрметін Ажар Төкенқызы мына өлең жолдарымен паш етті:

Ұстаз, ұстаз!

Осы сөзде жатыр қанша ұлылық.

Осы сөзде таусылмайтын жылылық.

Жас ұрпақтың санасына сәуле құйған әмәнда,

Үйрететін тек жақсылық, әсте емес жамандық,

Бұл не деген құдіретті, ең таңдаулы мамандық

Бар әулетім қалап алған бағдар ғып,

Жүрегі ақ шәкіртіне тілейтін тек адалдық.

Ұстаз болдым өзіндейін өмірдің,

Ата рухы тілегімді қабыл ғып!

                   Павлодар қаласы

                        №25 жалпы орта білім беру мектебінің

                         тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалім

                           Төлеубаева Жанна Дәрібайқызы.

 

Асыл арна

Өлең деген асыл арна өмірде,

Өлеңжырсыз өмір шіркін өмірме?

Кей уақытта күрсіндіреркүлдірер,

Кейде сезім ұялатар көңілге.

 

Өлең деген асыл арна өмірде,

Өлеңжырсыз көңіл шіркін көңілме?

Уәзірімін орындайтын бұйрығын,

Өлең–патшажүрегімнің төрінде!

 

Асыл арна, асыл арна - өлеңім,

Өлеңіммен бірге жасап келемін.

Ақын болу ойымда жоқойымда,

Өлеңменің өмірдегі керегім!

 

 Тәуелсіздікбақытымсыңбарымсың!

 

Жасампаздықкелісімі жарасқан,

Бейбіт өмір көркіелімнің беласқан.

Кетпесін сенің басыңнан бақыт  туған жер,

Ерлікке теңәр қадамың нық басқан!

 

 

Қазағыммен таныс бүгін баралап,

Бүкіл әлем таңдай қағыптаңқалад.

Тәуелсіздік – елдігіммен ерлігім,

Әндекүйде – бәрі өзіңе арналад.

 

Тәуелсіздік – бақытымсыңбарымсың,

Тәуелсіздік – арайлап атқан таңымсың.

Жалтақтаудан, отарлаудан құтқарған,

Тәуелсіздік – «Желтоқсандық» жалынсың!

 

Жиырма жыл болды, тәуелсіздік алғалы,

Жиырма жыл толды, тәуелсіз ел болғалы.

Тәй-тәй басқан кезінен қалт жібермей,

Суретші салып, ақындар тынбай толғады.

 

Жиырма  жылда, жасарды жерім, елім де,

Жиырма жылда, жаңғырды ана тілімде.

Бәйтеректей бойтұмарлы Астанам,

Салтанат құрдықазағымның төрінде.

 

Жиырма жылда ғарышкөрдікайкөрдік,

Іске асты арман, заманыма сай көрдік.

Тәуелсіздікте үлесі бартұлғалар,

Еске алынды, талай-талай той бердік.

 

Қуантады, жиырма жасқа толғаның,

Қуантадыәлемге аян болғаның.

Жас пенен кәрімаманныңбәріқолдаған,

Орындалсын, Елбасы айтқан«Жолдауы»

 

Шырқалғанда Әнұраны масқақтап,

Әр жүректе оталадымақсатбақ.

Отан сүйгіш сезімі өшпейөрлесін,

Бәсекеге қабілетті болашақ!

 

Өрнекті өлең тігісінен сөгілсін!

Нұрлы күнімшуақ шашсынтөгілсін!

Тілек ортақңселі елім еңкеймей,

Елу елдің қатарынан көрінсін!

 

Аңсатып тек б»р өзін сағындырған,

Тәуеткізіпбар ұрпақты табындырған,

Тәуелсіздік мәңгілік ғұмыр кешсін,

Жиырма жылда жиырма шыңбағындырған!

 

Павлодар қаласы25 ЖОМмұғалімі   

Төлеубаева Жанна Дәрібайқызы

 

«Абай оқулары » бастауыш сатыда.

« Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты көздесең, жаттап тоқы көңілге »

С.Торайғыров.

 

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай өзінің терең әдеби мұрасы арқылы бүгінгі күн талап- тілегене сай келетін ағартушылық насихат қалдырды. Сондықтан да ақын жырлары адамдардың рухани қазынасына айналды. Абай  мұрасын оқу- тәрбие үрдісінде түп қазығы ретінде алып, ұрпақтың даму деңгейі мен ой санасын қалыптастыру мақсатында № 25 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сатысында арнаулы факультативтік «Абайтану» курсы оқытылады.Ұлы Абай атамыздың қалдырған асыл мұрасынәр тәрбиеленушінің ой – санасына жеткізіп, Абай атамыздың ұлылығын, оның қара сөздерінің тереңдігін сезіндіру, туған елін сүю, адамгершілік,еңбекқорлық, саналылыққа баулуда мектеп ұстаздары Маутина С.Т., Байғабылова Н.К., Шабажанова Д.К. көп үлес қосуда. Бастауыш сынып айлығы  шеңберінде 2-4 сыныптар аралығында  «Абай оқулары »  апталығы өтті. Апталық барысында І турда  әр сыныпта кішкентай бүлдіршіндер Абай атамыздың өлеңдерін , қара сөздерін жаттап, шығарма,реферат жазып, сурет  көрмелерін ұйымдастырды.  Абай жырларының еркешелігі, өміршендігі, мәңгілігі -  ол қай дәуірдің болсын, қай жастағы адамның болсын қажетіне жарарлық қасиеттілігінде. Осы  шараға бастауыштың 590 оқушысы қатысып, ІІ іріктеу турына 100 оқушы өтті. Біздер алтын ұямызда қалыптасқан, бізге жеткен халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін, тәлім- тәрбиесіне  негіздей отырып, жас ұрпақтың бойына ұлттық сана- сезім көзқарасын қалыпттастыруды басты мақсат етіп, ұлы Абай атамызға арналған «Абай шығармалары ұрпақ аузында » атты  38 оқушының қатысуымен   әдеби кеш ұйымдастырылды. Кеш  барысында  оқушылар Абай атамыздың өлеңдерін, қара сөздерін, аудармаларын сахналап мәнерлеп оқыды.Ақын бірнеше күй де шығарған. Қазақтың күй қоржынына Абай атамыздың үш күйі «Торжорға» , «Майда қоңыр» мен «Май түні» күйлері бар  енгендігін біреу білсе, біреу білмес.  Осы кеште 9 сынып оқушысы Камал Нұралының орындауында «Тор жорға» күйі орындалды.Абай әндері өзінің терең сырлылығымен, әсемдігімен көптеген сазгерлердің шабытын оятып, қиялдарын  ұштаған,  кеште оқушылардың орындауында «Сегіз аяқ» және  «Көзімнің қарасы» әндері шырқалды. 3-4 сынып оқушыларының қатысуымен  «Ақын қонақтары» атты сахналық қойылымы көрсетілді. «Жүйріктен жүйрік жарысқанда» демекші ұлы Абай атамыздың жолын қуған болашақ ақындарымызда баршылық.Абай шығармаларының мағынасын терең бойлап ұғып-түсіне алатын, Абай дәстүрін жалғастырушылар тобы молая түскеніне бүгін тағы бір көзіміз жетті.Осы шараға қатысқан мектеп ұстаздар қауымының және ата-аналардың көңілінен шығып, ұнағаны- әр балаларының Абай аталарының өленің жатқа айтып  және сахналық көрінісі  болды. Ұлы ақынның мұрасы өз халқына қызмет ететініне ешкімнің күмәні жоқ. Абай мұрасы ұрпақтан ұрпаққа, ғасырдан ғасырға өтпек.Ұлы атамыздың бізге қалдырған асыл қазынасын әлі де болашақ ұрпағымыздың бойына сіңіруге , біз, мектеп ұстаздары әрдайым дайынбыз.

 

                             № 25 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

                   Маутина Светлана Тулегенқызы

 

Өлең- менің өмірдегі керегім!

             Мен 1965 жылы 21 қарашада бұрынғы Семей облысы Шұбартау ауданындағы Сарықамыс деген жерде мұғалімдер отбасында дүниеге келдім. 1982 жылы ауылымдағы «Екпін» орта мектебін бітіріп, Семейдегі Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтының физика-математика факультетін тәмамдадым. 1991 жылы жолдасымның оқу бітірген жолдамасымен Павлодар жеріне келдік. 2002 жылы Павлодар Университетінің қазақ тілі мен әдебиеті факультетін үздік аяқтадым. Мамандығым- мұғалім.

              2008 жылы «Құрмет белгісі» орденінің иегері, ардагер журналист Төлеубек Қоңыр ағаның жетекшілігімен «Асыл арна» атты шағын өлеңдер жинағымның тұсаукесері болды.

          Жасымыздан өлең- жырға әуес боп өстік. Әкем Дәрібай мен анам Бәтима екеуі сөз өнері  десе, саз өнері десе ішкен астарын жерге қоятын жандар еді. Өмірге қажеттің бәрін солардан алдым, солардан үйрендім. Сол себепті  ата– анама мәңгілік қарыздармын!

                                                 Павлодар қаласы

№25 жалпы орта білім беру  мектебінің мұғалімі

Төлеубаева Жанна Дәрібайқызы                                  

                                         

Асыл арна

                           Өлең деген асыл арна өмірде,

                           Өлең, жырсыз өмір шіркін өмір ме?

                           Кей уақытта күрсіндірер, күлдірер,

                           Кейде сезім ұялатар көңілге.

 

                           Өлең деген асыл арна өмірде,

                            Өлең, жырсыз көңіл шіркін көңіл ме?

                           Уәзірімін орындайтын бұйрығын,

                            Өлең –патша, жүрегімнің төрінде.

 

                            Асыл арна, асыл арна - өлеңім,

                            Өлеңіммен бірге жасап келемін.

                            Ақын болу ойымда жоқ, ойымда,

                            Өлең- менің өмірдегі керегім!  


              Ұнатарым көп менің...

Ұнатпап ем, мезгілсіз жас төккенін,

Бірде естідім, Әйгерімнің сөккенін:

«Ұнамайды, еш нәрсе де сізге»,- деп,

Білмейсің –ау, ұнатарым көп менің...

 

Ұнатамын талдың бүршік атқанын,

Көктем келіп, гүлден алқа таққанын.

Қардың еріп, бал  бұлақты  су  болып,

Ұнатамын жылғалармен аққанын.

 

Ұнатамын қыста мұздың қатқанын,

Қара жерді  ақ  көрпенің жапқанын.

Көркіне сай «Алтын күз» деп атаған,

Кең  даланың  сары  алтын  боп  жатқанын.

 

Ұнатамын жайдарман шақ – жазды да,

Ұнатамын көлдегі үйрек – қазды да.

Домбыра ойнау, әуелеген әсем ән,

Ұнатамын күмбірлеген сазды да.

 

Ұнатамын қыздың шолпы таққанын,

Қас сұлудың жайнап күлім қаққанын.

Мейірбандық, ілтипатты   ізетпен,

Ұнатамын қас – қабақты  баққанын.

 

Ұнатамын ердің атпен шапқанын,

Адал еңбек, сүйікті   ісін тапқанын.

Ұнатамын өз ошағын сөндірмей,

Алаулатып, бақыт отын жаққанын.

 

Ұнатамын сәбидің тәй – тәй басқанын,

Ұнатамын қуанып, көңілі тасқанын.

Қиындығын мынау дүркін заманның,

Ұнатамын көрмей өссе жастарым.

 

Ұнатамын бәрінен қалған көңілің,

Жылы сөзден жанның шуақ шашқанын.

Мұңға батып, құлазыған шағыңда,

Ұнатамын достың құшақ ашқанын.

 

Ұнатамын  орындалған  арманды.

Ұнатамын  парасатты  жандарды.

Бала – шағам, жан - жарымның қасында,

Ұнатамын  бірге  атар  таңдарды.

 

Ұнатамын білімменен асқанды,

Ұнатамын сөзге құлақ тосқанды.

Қадір тұтып, керек жерде қорғайтын,

Ұнатамын тілге үнін қосқанды.

 

Міне, балам, ұнатарым көп менің...

Түзетуді «ұнатпау» деп сөкпегің,

«Жақсы өссін!» дегенім – бұл, өзіңді,

Ұнатпауым – тәрбие талап еткенім!

                                     Павлодар қаласы 

№25 жалпы орта білім беру 

мектебінің мұғалімі 

Төлеубаева Жанна Дәрібайқызы

 

 

ОҚЫТУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА ТИІМДІ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

 

«Ерлігі – елге мұра,  ұрпаққа өшпес өнеге»

 

ТЕХНОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖОБАЛАУ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ АРҚЫЛЫ ЗЕРТТЕУШІЛІК ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

        

 

  Ғашықтың тілі – тілсіз тіл...

    Жуықта дүкенге барсам, үлкені-кішісі  сөредегі «жүрекшелерді» қызыға да таласа алуда. Осы жайға куә болған мен өткен жылдардың бірінде «Сарыарқа самалы» газетінің бетінде шыққан «Атқан таңның әр күні – «Махаббат күні» емес пе? немесе «Әулие Валентин күні» - рухани азғындау мерекесі» (авторы есімде қалмапты) деген мақаланы есіме түсірдім.. Осы мақала ұлы ақын, дана ойшыл Абайдың «Екінші қарасөзін» ойыма салды.

    Абай Құнанбаев:

    «Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді: енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдірлеген тәжік. Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығап кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап көруші еді, «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе – шаршап, жаяу жүрсе – демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, башалшік ноғай» деп.        Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман, сасыр бас орыс» деп.

    Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бер депті» деп.

   Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмаш сөздерді біз үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім.

      Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, қылмаған жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір шаһары жауласпайды! Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Әке балаға қимайтұғын малыңды кірелеп сол айдап кетіп тұрды ғой. Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті. Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық – бәрі соларда. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда. Оның малдыларына, құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз... Оның бәрі – бірін-бірі қуып қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып, зор болғандық әсері. Орысқа айтар сөзде жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз. Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз қайда?»

    Біз - өзге елдермен терезесі тең, тәуелсіз елміз. Алайда, «Ауру қалса да, әдет қалмайды » - демекші, жат жұртқа қызыға еліктеп, өз құндылығымызды бағалай білмейміз.

 

     Шынымен, қазіргі таңда тіліміз, дініміз, ділімізді қайтарамыз деп жүргенде, «Махаббат» атты ұлы сезімімізге де сызат түсіре бастағандаймыз... Басқасы болып, жат елдің мерекесіне жармасып, еліктеп, ұлы сезімге де дақ түсіріп алмайық...

   Жалпы біз - қасиетті, қабілетті, қайратты халықпыз. Басқа елдің жақсылығын тез меңгеріп, тез үйренеміз. Сондай-ақ жақсылығымен қатар жамандығын да тез (жаман қасиеттерді) қабылдаймыз. Ал басқа ұлттар біздің халқымыздың жақсы жағын жаратады. Жамандығымызды (жалқаулық, еліктегіш т.б.) жанына жуытпайды. Сонда қалай болғаны, ертеңгі күні біз қандай халық атанбақпыз?! Жат елдің тілін, өнерін, мәдениетін танып, оны меңгердік. Енді сезімін сезініп, жан дүниемізді не істемекпіз?..

   Адамның ең асыл қасиеттерін жарқырата көрсетуге себепші болатын  киелі сезім, рухымызға қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты , ең асқақ сүйіспеншілік сезім , «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл. Көзбен көр де,ішпен біл»- деп  Абайдың дәл сипаттай білген жан-тәнімізге тән махаббатымыздың гүлін солдырмайық, жас қауым!

     Шынайы махаббат сезімі бойын кернеген адам бақытты, жігерлі, құдіретті дегендей, махаббат өз бойына адамгершілікті, адалдықты, ақ- пейілді, пәктікті, ізгілікті, ерлікті тоғыстырған сезім. Махаббат – барлық ізгі қасиеттердің арнасы. Ендеше, неге біз «Әулие Валентин күні» немесе «Махаббат күні» деп махаббат сезімін тек «ғашықтық» ұғыммен ғана түйістіреміз?

     «Махаббат күні» деп, жас толқын тағы бір дүрліккені сөзсіз. Дегенмен, менің айтпағым, жоғарыда атылған мақаланы , дана Абайдың ұлағатты сөздерін санамызға сіңістіре алсақ екен. Алайда таңдау мен талғау, шешім қабылдау сіздердің еншілеріңізде...

 

 

Тәрбиенің үш арнасы

     Мектептегі тәрбие адамның құлқын қалыптастырып, адамгаршілік болмысын жетілдіреді,  оны бақытты етіп,  қоғамға мейірбандылық нұрын шашады.  Адам бойына қандайда бір бейімдік белгілерін егуді емес, оны адамгершілігі тұтас тұлға етіп тәрбиелеуді, тұрақты ізгі қасиетерін   қалыптастыруды көздейді.   Адамның кім болмағы, қандай болмағы тәрбие мен қоғамға ғана тәуелді емес, алдымен ол адамның өзіне байланысты. Бірақ, адам бірден жеке тұлға болып қалыптасуы мүмкін емес. И. Гете айтпақшы: «Біз  өз бойымыздағы әдеп сезімін дамытуға тиіспіз. Өйткені,  адамдардың  ілтипатынан    оп-оңай айырылып    қалуы мүмкін. Бұл қателігі үшін  адам өмірде өте көп зиян шегеді.     Және, өкінішке орай,  ұрпақтарын   осы  ауыр зияннан құтқара алмай-ақ келеді». Әдеп адамның өмір сүру дәстүріне байланысты. Сондықтан бала тәрбиенің үш сатысы негізінде  өсіп, жетіледі. Олар: ой саулығы, жан саулығы, тән саулығы. «Жақсы  адам болып қалыптасу үшін жаратылысынан гөрі,  жаттығудың рөлі зор»-деген ежелгі грек философы  Демокриттің сөзінен: «ой мен жан тәрбиесі – адамгершіліктің шарапатты негіздері, рухани ұйытқысы, мәйегі» деген қорытынды шығаруға болады. Жақсы қасиеттер кез келген адамның жан дүниесінен табылады. Тек оны уақытмен анықтап, өрісін кеңейте білу керек. Себебі, адам бойына дарыған қасиеттерін тану барысында келешегіне болжам жасай алады. Әрине, бала дүниеге келісімен өзін-өзі тануға икемсіз. Сондықтан  баланың «Менін» қалыптастырып тәрбиелеуге ата-ана міндетті. Демек, тәрбиенің тамыры терең болмаса, бала жақсылық пен жамандықтың додасына түсіп, жамандыққа  бет бұруы мүмкін. Тәрбиенің  басты мақсаты: жас буынға  ізгіліктің тура жолын көрсету, «мені» танылған адам қоғамның басты байлығы, мәртебесі екенін ұғыну. Өзін-өзі таныған, жан-жақты дамыған  тұлғалардан құралған қоғамның абыройы  жоғары,    тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болмақ. Демек, осындай қоғамы бар елдің тәуелсіздік тұғыры биік болмақ.

  Данышпан Аристотель: «... тәрбие өнері табиғаттан адамдағы жетіспеген жақтарын толықтыру мақсатын көздейді»-дегендей,      К. Маркс айтпақшы: «өзін-өзі тану- даналықтың бірінші белгісі».

   Адам өзін-өзі тану үшін алдымен «Мен кім?», «Мен қандаймын?», «Мен не істей аламын?» деген сауалға ішкі дауысымен жауап беру қажет.  Одан соң, өзіне ой, тән, жан тазалығын жүргізу керек. Тән тазалығы - денсаулық,  ой тазалығы - ақыл, жан тазалығы - пәктік.    Адам үнемі жаман ойдан арылып, жарқын ойға шомылу қажет. Нұрлы оймен адам өзіне сенім ұялата алса,сенім арқылы сезімін де оятуға болады. Л.  Фейербах:«адамды тану үшін оны сүю керек»-дегендей,  өзіңді-өзің жақсы көру аса маңызды. Себебі, сенім – сезімді сергітеді, махаббат - «меніңді» марқайтады. Сенім дегеніміз – иман, махаббат дегеніміз - адамның ең асыл қасиеттерін жарқырата көрсетуге себепші болатын киелі сезім. Демек, адам өмірді де сүю керек.  

        Өмір-ғылым,  адам-ғалым.  Ғылымды зерттеу үшін   ғалымға білім керек. Білім ізденіспен, еңбекпен толыспақ. Ал «еңбек пен бақыт- егіз»демекші,еңбекпен жанды сауықтыруға болады.

        Тәрбиенің үш бұлағы бір арнаға құйылса, онда оның суы да мөлдір, тұнық болмақ. Оған Саққұлақ шешеннің мына өсиет сөздері басты  дәлел бола алады. Мысалы, «Ақыл- адамды аздырмайтын ем,   білім - таусылмайтын кен, адамның басшысы - ақыл, жетекшісі -талап, шолғыншысы - ой, жолдасы - кәсіп,  қорғаны - сабыр,   қорғаушысы - мінез».

       Қорыта айтқанда, «өз бақытың-өз қолыңда»-демекші жарқын болашаққа жол табу  өз еншіңде.

 

                                                      №25 жалпы білім беру мектебінің

                                                   қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

                                                               А.Ш. Мухаметжанова

 

 

 

«ЖҚТБ –әлемдік індет»

         Қазір дүниені жайлаған үш  қатердің: АҚТҚ/ЖҚТБ дерті, жезөкшелік, нашақорлық туралы халық арасында оған  қарсы профилактикалық шараларды уағыздау,  АҚТҚ/ЖҚТБ вирусы жайлы мағлұматтарды жеткізу -  мұғалімдердің, дәрігерлердің міндеті.

         АҚТҚ/ЖҚТБ дерті және нашақорлық туралы, ішімдік пен темекінің зияндылығы жайлы  мектеп оқушыларымен үнемі жұмыс жүргізіледі.   Соның бір дәлелі -  1 желтоқсан күні  Дүние жүзілік ЖҚТБ- мен күрес күні «ЖҚТБ –әлемдік  індет»  атты акция.  Акция мектеп оқушыларын ЖҚТБ-дан аулақ болуға тарту, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу мақсатында өтті. АҚТҚ/ЖҚТБ адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету, солардың салдарынан  туатын аурулар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіруде  «Древо жизни» атты клип  көрсетілді.

         Осы қатерлі дерттің адам өміріне, қоғамға зиянды әсерін аша отырып, салауатты өмір сүруге азаматтық жауапкершіліктерін орнықтыруда  сыныптар аралығында «Наркодиспансердегі бір күн» атты журналист және наркоман арасындағы әңгіме-сұхбат; «Бабалар өсиеті»; «Әкемен бала  сұхбаты» туралы көріністер көрсетілді, өлең жолдары және салауатты өмір салтын дәріптейтін ән жолдары орындалды.

АҚТҚ туралы слайд көшіріп алу

В.К. Қырықбаева

 

Шығармашылығың  шыңдала берсін!

 

        Ақиық ақын М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бойынша 8- сынып оқушыларына «Аққуды атқан анаға хат!» тақырыбында аталмыш мәтін негізінде сабақ барысында (7 минутта орындауға берілген) ой толғау жазу тапсырған едім.

       Әрі көркем, әрі сауатты жазылғаны «үздік» танылды. Оқырманға ой салар деген  үмітпен 8Г- сынып оқушысы Тулепиева Сайранның шағын шығармасын назарларыңызға ұсынып отырмын:

            Аққуды атқан анаға хат!

       Қымбатты, Ана! 

  М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы:


«Бала жатыр төсекте, албыраған,

Әке жатыр еденде, қалжыраған.

Түн күзетіп ана отыр, қос жанары

Шарасыздан шаршаған, жаудыраған,-

деген мына бір үзінді мені де толғандырып,  өзіңізге хат жазуға қолыма қалам алдым...

     Сізге қандай қиын болса да аққуды өлтірумеуіңіз керек еді.  Әркімнің  айтқанына  сене бермеңіз. Мен сізді түсінемін, сіз оны өзініз үшін істеген жоқсыз, бала үшін істедіңіз. Әрине, лажсыздық...  

Өзіңіз ойлаңызшы , аққуды атқаныңызбен балаңыз емделді ме? Жоқ, емделмеді. Дүниеден озды! Керісінше, сіздің қайғыңыз ұлғайды.  Енді сізде бала, ал Жетімкөлде аққулар жоқ! Сіз әрекетіңізбен қайғы үстіне қайғы жамадыңыз. Қасірет өз басыңызда ғана емес, тып-тыныш жатқан, мамыражай табиғатты да шарпып өтті.

        Мен де өскенде өз балам үшін бәріне дайын боламын, бірақ  әр нәрсені саналы ойлап істеуші едім.     Сәлеммен: Сайран.

Павлодар қаласы

 №25 жалпы орта мектебінің

 «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінің мұғалімі

Төлеубаева Жанна Дәрібайқызы

 

 

                               Күй – халықтың жан серігі

                             («Жез киік» күйінен алған әсерім)

                               Күйлердің сөзін ішіп, сорғалатқан

                               Бармақтан бал тамызып, жорғалатқан,

                               Тәтті күй   жанның тілі, жігер, қайрат,

                               Қазағым, мақтана бер, соны тапқан,-

деп шаттана жырлаған  дарынды ақын Иса Байзақов айтпақшы, күй- адамның ішкі дүниесінің сыры. Күй- халықтың жан серігі.

       Төкпе күй- екпінді, қажырлы, жігерлі желіске толы музыкамен сомдайтын болса, шертпе күйлер – жүрек тербететін сарындарымен, сүйкімді және мәнерлі әуен ырғақпен, философиялық терең толғаныспен ажарланады. Сондай күйлердің бірі – «Жез киік». Мысалы, «Жез киік» - табиғат көріністерін күй тілінде келтіретін шығарманың бірі. Мұнда жанрлық көрсеткіштері  байырғы  ру тотемдеріне    табыну кезеңінен бастау алған құс, жан-жануарларға арнап күй шығарудың  дәстүрі сақталған. Домбыра аспабының төл тембрлік ерекшеліктеріне сәйкес әр түрлі дыбыс немесе әуендер арқылы адамның және жан-жануар, құстардың дауысына еліктеп, айнытпай келтіру үндестігі көрінеді. Күйдің сюжеті аңшылардың сезімінен туған әңгіме желістерімен байланысты. Еркіндіктің бейнесі, кең даланың кербез сұлуы күнге шағылысып, аңшыларға дұрыс көздетпей, тау-таста жеңіл ырғақпен жүрген киіктің өмірі суреттеледі.

        «Жез киік» күйін тыңдағанда күйші, домбырашы, композитор Жаппас Қаламбаевтың аңызы  бірден есіме түсіп, сюжеті көз алдыма елестеді:

                               Құралайды көзге атқан мерген жігіт.

                               Қара қылды қақ жарған аңшы жігіт.

                               Ұшқан құс, жүгірген аң құтылмастан

                               Атылған әр оғынан өлім құшқан.

 

                               Бір топ киік кезікті сәті түсіп,

                               Құмарлықтан жаздады жаны күйіп,

                               Аңшылықтың қызығы бойды билеп,

                               Көп киікті өлтірді оғы тиіп.

 

                              Аң иесі жігітті тоқтатады,

                              Жез киік мергенге тіл қатады:

                            «Обалына қалдың сен көп киіктің,

                              Қызығына ұрынып мергендіктің.

                             Атқан аңға бір оғың дарымайды,

                             Киесі тиді саған қасиеттің».

                             Аң иесі Жез киік ғайып болды.

                            Жігітің сәтсіздікке душар болды.

                             Қасиет, қасиетті бағаламаған,

                            Қасіреттің қайғысын жамылады.

Халықтың ауызекі шығармашылығында аңызға айналған  осы жануардың сұлу, ғажайып бейнесі Ықыластың «Жез киік» күйінің негізгі арқауы болды.

                                                                                               А.Ш.  Мухаметжанова,

                                                                     №25 жалпы орта білім беру мектебінің

                                                                                қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі.

 

 

 

Бәйтерегім-қазағым

Жер –Ана құшағына тамыр жайып,

Бой түзеп Бәйтерегің тұр жайқалып,

Тамыры тарихпенен тереңдеген,

Діңгегі бар қасіретке төзе білген,

Бұтағын мың қайтара өрт шалса да,

Бүршік жарып қайтадан сан гүлдеген.

Самұрықта бәйтеректен пана іздеген,

Бәйтерек қой бойына тарих тізген.

Тағдырының құрығына ілінген,

Қазақ елі бодандықтан езілген.

Ноғай болып аңыраса бір кезде,

Отырар боп қаңырарын кім білген?!

Ақтабанды болып тағы шұбырған,

Тұқымының талайы көп құрыған,

Қасіреттен қабырғасы қайысып,

Сорлы қазақ жан алқымғатығылған.

Қуғын-сүргін әлі талай жалғасқан,

«Халық жауы»деген айып тағысқан.

Аштықтың да араны кең ашылған,

Халықымның жан-тәнін кеп жалмаған.

Тәні азғандар қыршынынан қиылып,

Сау қалғаны жат елдерге қаңғыған

Барша әлемді бүркеп ұстап зұлымдық,

Күндіз-түні бұзылды -ау тыныштық,

Жесірлер мен жетімдерді жылатып,

Өртке оранды соғыс атты азаттық.

«Елім – ай» зар жылатқан заманнан,

Ұлтжандарға қыспақ болған қақпаннан,

Соғыстың шоқ боп түскен өртінен

Полигонның уыты мен уынан

Желтоқсанның ызғарлы сол желінен,

Қадау-қадау қасіреттен

Аман қалған Бәйтерегім –қазағым!      

                                                                                         Павлодар қаласы

                                                                   №25жалпы орта білім беру мектебінің

   қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

А.Ш. Мухаметжанова.

Тәуелсіздік – бақытымсың, барымсың!

Жасампаздық, келісімі жарасқан,

Бейбіт өмір көркі елімнің бел асқан.

Кетпесін сенің басыңнан бақыт  туған жер,

Ерлікке тең, әр қадамың нық басқан!

Қазағыммен таныс  бүгін бар алап,

Бүкіл әлем таңдай қағып, таң қалад.

Тәуелсіздік – елдігім мен ерлігім,

Ән де, күй де – бәрі өзіңе арналад.

Тәуелсіздік – бақытымсың, барымсың,

Тәуелсіздік – арайлап атқан таңымсың.

Жалтақтаудан, отарлаудан құтқарған,

Тәуелсіздік – «Желтоқсандық» жалынсың!

Жиырма жыл болды, тәуелсіздік алғалы,

Жиырма жыл толды, тәуелсіз ел болғалы.

Тәй-тәй  басқан кезінен қалт жібермей,

Суретші салып, ақындар тынбай толғады.

Жиырма  жылда, жасарды жерім, елім де,

Жиырма жылда, жаңғырды ана тілім де.

Бәйтеректей бойтұмарлы Астанам,

Салтанат құрды, қазағымның төрінде.

Жиырма жылда ғарыш көрдік, ай көрдік,

Іске асты арман, заманыма сай көрдік.

Тәуелсіздікте үлесі бар тұлғалар,

Еске алынды, талай-талай той бердік.

Қуантады, жиырма жасқа толғаның,

Қуантады, әлемге аян болғаның.

Жас пенен кәрі, маманның бәрі қолдаған,

Орындалсын, Елбасы айтқан «Жолдауы»

Шырқалғанда Әнұраным асқақтап,

Әр жүректе от алады, мақсат, бақ.

Отансүйгіш сезімі өшпей, өрлесін,

Бәсекеге қабілетті болашақ!

Өрнекті өлең тігісінен сөгілсін!

Нұрлы күнім, шуақ шашсын, төгілсін!

Тілек ортақ -еңселі елім еңкеймей,

Елу елдің қатарынан көрінсін!

Аңсатып тек б»р өзін сағындырған,

Тәу еткізіп, бар ұрпақты табындырған,

Тәуелсіздік мәңгілік ғұмыр кешсін,

Жиырма жылда жиырма шың бағындырған!

Павлодар қаласы, №25 ЖОМ мұғалімі    Төлеубаева Жанна Дәрібайқызы

 

Ой түбінде жатқан сөз, шер толқыса шығады 

 

              Мұғалім – мектептің жүрегі. Ол  - жас ұрпақты  білім нәрімен сусындатып, болашаққа жан-жақты дамыған, толыққанды азамат етіп қалыптастырушы. Ендеше осындай өте жауапты істі мойнына алып отырған мұғалімнің  заман талабына сай болуы оның үнемі өзіндік білімін жетілідіріп, үнемі ізденіс үстінде болуын қажет етеді.  Бұл орайда  қалалық, облыстық, республикалық деңгейде өтетін курс, семинарлардың алатын орны зор. 

         Қазіргі таңда көптеген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің  қажетсініп жүрген  семинары күні кеше қаламызда болып өтті. Ол -  «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен өткен облыстық деңгейдегі «Шығарма жазудың теориялық әдістемелік мәселелері» атты семинар. Семинарға Алматы қаласынан келген әдіскер-ғалым Жұмажанова Төкен Қонысбайқызы, Павлодар қаласынан Елікбаев Серік Төлеубайұлы, Дайырова  Айтжамал Қабиденқызы, Жұмадилова Шәрбат Төлеуқызы қатысты. Семинарға облысымыздың түпкір-түпкірінен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері келді.  Ұйымдастырылуы, мәні мен мағыналылығы жағынан жоғары деңгейде өткен бұл семинардан мұғалімдер қауымымының алары мол болды. Ғалым-әдіскерлердің тілге тиек еткені – қазіргі таңдағы оқушыларды шығарма жазуға баулу, шығарма жазудың қыр-сыры, шығарма талдаудың тиімді жолдары сияқты елеулі мәселелер. Бұл мәселелер көптеген  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерін толғандырып жүрген мәселер екені белгілі. Сондықтан да ұстаздар қауымының ғалым-әдіскерлердің оқыған баяндамаларынан, берген ақыл-кеңестерінен алары, тәжірибеде қолданар үйренері көп болды.    Семинар соңында мұғалімдер өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойды, семинардан алаған әсерлерімен бөлісті, ұсыныстарын айтты. Семинардан ұстаздар ерекше әсермен тарқасты.

         Осындай мұғалімдер қауымының  тілегенін дәл тауып, бәрінің басын қосып , ғалымдармен кездесіп, олардың ақыл-кеңес, әдістерімен бөлісуге жағдай жасап, облыстық деңгейде семинар ұйымдастырып отырған «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының басшылығына, қызметкерлеріне алғысымыз шексіз.

№25 ЖОМ,

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Н.Е.Жанғабылова

Аталар сөзі – тәрбие көзі

 

      Мақсаты: Халқымыздың ата заманнан келе жатқан ұлттық мұрасының бірі ұлттық салт-дәстүр негізінде адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу. Ұлттық дүние таным негіздерін қалыптастыру. Бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу.

      Көрнекілігі:Қанатты сөздер, мақал-мәтелдер. Ұлттық нақышты сөздер, сөзжұмбақ, ребус, ойын «Бой жазу», т.б. ойындар.

      («Ата толғауы» күйі жәймен ойнап тұрады.)

      1-оқушы:

Ата салты – ардақты

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң

Тістерсің бір күн бармақты.

      2-оқушы:

Көп жасаған қария

Ақылы теңіз – дария

Көп өнеге сөзі бар

Сөзі соқпақ, өзі нәр.

      3-оқушы:Өмірде не жетім?

      4-оқушы:

Өмірде тоғыз жетім бар.

Халқына сенімсіз болса – хан жетім.

Ханы ақылсыз болса – халқы жетім.

Кеңесшісі ақылсыз болса –әкім жетім.

Су жоқ құдық – жетім,

Ұлы жоқ әке – жетім.

Қызы жетесіз болса ана – жетім.

Шәкіртсіз ұстаз – жетім,

Ата-анасы жоқ бала жетім.

      5-оқушы:Үйде кім, елде кім қадірлі?

      6-оқушы:Үйде қонақ, қарт, бала қадірлі.

                      Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі.

      7-оқушы:Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

      8-оқушы:Әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек, Жоқты бар, ашты тоқ ететін де ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.

      9-оқушы:Елді кім, үйді кім бүлдіреді?

      10-оқушы: Елді өсекші бүлдіреді, үйді ақылсыз бала бүлдіреді.

      Әкім ақылсыз болса – ел тозады, өсек әкімді өсірмейді. Үйдегі алтын қазық кім?

      11-оқушы: Үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың.

      Ойын: «Дауыссыз дыбыстарды қойып, сөздерді дұрыс оқу. Ребус шешу.

      «Бой жазу» ойыны:

10. Кіші жүздің биі (Әйтеке), Орта жүздің, Ұлы жүздің биілерін атау.

11. Жұма күндері қазақтардың баратын жері (мешіт)

12. Сәті күн (сәрсенбі)

13. Аптаның қасиетті күні (Жұма)

12-оқушы:Адамға ақыл беретін кімдер?

13-оқушы:Ата-ана, ұстаз, дос. Ата-ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Адал дос ақылшың, ақылшы дос – жақының. Досы көптің табысы көп, табысы көптің жақыны көп.

Адамның ақылы қайда?

14-оқушы: 

Ханның ақылы тағында,

Әкенің ақылы жанында.

Ғалымның ақылы басында,

Ананың ақылы жасында.

Жігіттің ақылы жақсылығында,

Ақымақтың ақылы кім көрінгеннің қалтасында.

      Тәрбиеші: Күнделікті өмірде үлкен адамдардың айтып отыратын ырым мен тыйым сөздер жарысын өткізейік. Кім көп біледі, кімнің есінде қалғанын көрейік.

      1-оқушы: Отқа су құйма, түкірме. Себебі кезінде ата-аналарымыз отқа табынған. От өмір, тіршілік көзі саналған.

      2-оқушы:Жыңғылмен тас қамшылама.

      3-оқушы:Итке ожаумен ас құйма.

      4-оқушы:Аққуды атпа.

      (Осылайша балалар тыйым сөздер айтып жарысады)

      «Қазақша» би.

      Тәрбиеші: Ендігі кезекте біз ненің жақсы, ненің жаман екендігімен, қасиетті ұғымдармен танысуымыз керек. Бұл бөлім сайыс түрінде өтеді. Жерден ауыр не бар?

      1-оқушы:Жерден ауыр – ақыл, білім.

      Тәрбиеші:Судан терең не бар?

      2-оқушы:Судан терең – оқу, ғылым.

      Тәрбиеші:Оттан ыстық не бар?

      3-оқушы:Оттан ыстық – адамның өмірі.

      Тәрбиеші:Көктен биік не бар?

      4-оқушы:Көктен биік – тәкәппардың көңілі.

      Тәрбиеші:Алтын алаш деген не?

      5-оқушы:Алтын алаш деген – Алаш ханның балалары: Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Жайылхан.

      «Менің елім Қазақстан» әні орындалады.

      Тәрбиеші:Ендігі сайысымызды мақал-мәтел айту түрінде жалғастырамыз. Мақалды бір оқушы бастауы керек, ол кімге доп берсе, сол оқушы мақалды жалғастыруы керек. Таңдап алынған мақалдар тіл, шешендік, ата-ана, ұл, қыз туралы айтылатын мақалдар.

1.Таппасаң сөздің жүйесін / отына өзің күйесің.

2.Ақылдың сөзі қысқа / көпке болар нұсқа.

3.Шешен сөз бастар / батыр қол бастар.

4.Қылыш жарасы бітеді / сөз жарсы бітпейді.

5.Көп ішінде сөйлеген / ойға салмай сөйлеген.

6.Көсемдіктің белгісі / шешендіктің белгісі.

7.Көп сөз – күміс / ас сөз алтын.

8.Жақсы жігіт аспандағы жұлдыз / Жақсы қыз жағадағы құндыз.

9.Әке көрген оқ жонар / шеше көрген тон пішер.

10.Өткір тіл дарын / ұзын тіл жауың.

11.Келісті сөз – күміс / жемісті жұмыс – алтын.

12.Тоқсан ауыз сөздің / тобықтай түйіні бар.

13.Тіл тас жарады / тас жармаса бас жарады.

14.Жігіт болсаң жеті елдің тілін біл / немесе жеті түрлі ғылым біл / допты тәрбиешіге қайтарып береді.

      Тәрбиеші: Міне, балалар, сендер тәлім-тәрбие аларлықтай «Ақыл сөз, нақыл сөздер» өте көп екен. Сондықтан да үлкендердің әр сөзіне зер салып, әр сөзінің астарына үңіле білу керек. Әсіресе, тәрбиешілердің, мұғалімдердің әр сөзін ұғып, кәрі адамдардың ақылын естеріңе сақтағандарың жөн.

Бастауыш сыныптарда ән-би терапиясы, жүзу сабақтары мен дұрыс тамақтанудың оқушы дамуына ықпал етуі.

   Денің сауда күштісің бұл әлемде,

   Денің сауда сұлусың жер бетінде.

  Сол мықты денсаулықтың арқасында,

   Жетерсің әлі талай белестерге.

         Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты өмір салты – әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналасуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған» деп көрсеткен.

 Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй. – деп Абай атамыз айтқандай, біздің ата – бабаларымыздың ән – күй, би әуенінің адам ағзасына айырықша әсер ететіндігін, оны өнер, білімге тәрбиелеп, жақсылыққа, сұлулыққа, қанат қақтыратын ерте кезден – ақ білген. Сірә, содан болар, қазақ «Ән – көңілдің ажары», - дейді. Өнер зерттеушілері ән мен бидің ізгілікті сенімді адам жанына ұялататынын баяндайды.

Денсаулыққа пайдалы. Дене пішінін қалыпты ұстауға көмектеседі.Би қимылдарын жасаған сәтте бишінің денесіндегі бұлшық еттерінің барлығы дерлік қимылға түседі екен. Демек бұл бидің денсаулыққа,адам психикасына  тигізетін пайдасы да орасан зор. Мерекелік қана емес балабақша, мектеп, студенттер қауымы мен әртүрлі қызмет орындарында 10-15 минуттық үзіліс кезінде бой жаздыратын, ой сергітетін көне өнеріміздің жаңғыруына айналдырсақ қандай жақсы"[4]    Сонымен қатар, би қимылдары күнделікте қайталанып отырса, жүйелі түрде орындалса, балалардың бұлшық еттері қатайып, бойлары өсіп, кеуделері кеңейіп, күштері молаяры даусыз. Би өмірді ұзартады, организмнің жалпы жәй – күйін жақсартады және жұмысқа, өмір сүруге қабілеттілікті арттырады.

         Осындай жаттығу, сергіту сәттерінен кейін, оқушының  көңіл күйлері көтеріңкі болып, ойлау, қиялдау, армандау сана- сезім қабілеттері күшейе түседі.

Денсаулық – шексіз бақыт,

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа.

Өмірде бақыттысың, денің сауда,

«Денсаулық- терең бақыт». – деген сөзді құр айтпаған ұлы Абай данамызда дей келе. Мектебіміздегі ән-би терапиясының әрбір күндерін түрлендіріп өткізілсе деген ұсыныс жасағымыз келеді.

1. «Қара жорға» биі,

2. «Ча-Ча-Ча» биі,

3. «Твист»биі,

4. «Балдық» биі,

5. «Вальс» биі

 ұйымдастырылып және үзіліс қоңыраулары Құрманғазы ата немесе басқа күйшілеріміздің күйлерімен соғылса нұр үстіне нұр болар еді.

 Бастауыш сынып мұғалімі:

Қ.М.Жапенова

Г.З.Кабдирова

 

Бақыттылық  бастауы

             Биылғы оқу жылынан бастап республикамыздың  білім беру мекемелерінде  Бөбек» қорының президенті Сара Назарбаеваның авторлығымен дайындалған «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру жобасы білім беру жүйесінің барлық деңгейлеріне енгізілуіне байланысты ризашылығымыз шексіз.

           «Өмірде біреудің қайғысын түсінуден гөрі аяушылық басым, ал бұл екеуі екі түрлі ұғым ғой. Аяушылық адамды кемсітеді. Ал бірге қайғырып, бірге түсіне білу – адамның қайырымды істер істеуіне, қиындыққа ұшыраған, қолдауға мұқтаж адамдарға көмек беруге итермелейтін ішкі ахуал»,- дейді Сара Алпысқызы.  Шынында да, бұл сөздерде терең ой жатыр. Бұдан пән авторының айтпақ ойын бірден түсіну қиын емес. Басқа біреуге қол ұшын беру бұл бір жағымды, дұрыс іс, үлкен абырой. Және «...Адамның ең бірінші құқығы – сүю және сүйікті бола білу. Бұның бәрі Құдай тағаланың бізге берген теңдессіз сыйлығы, бізді құтқаратын да сол. Егер осы қасиетті сыйды дұрыс игере білсек, біз өмірде өз орнымызды тауып, бақытты бола аламыз»,- дегені де көп нәрсені аңғартады.

          Өз жаныңдағы жүрген адамдарға, ата-анаңа, достарыңа жалпы барлық адамдарға кішіпейілділікпен қарап, махаббатымызды сыйлап, сыйлы болу -  өмірдің заңды қасиеттерінің бірі.  Осы қасиеттер «Өзін-өзі тану» пәні арқылы  балалардың өмірден өз орнын табуына, өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла  түсуіне көмектесудің кілті іспеттес.

           Мектеп оқушылары мен мұғалімдер қауымына арналған «Бақытты балалық шақ» атты әдеби- сазды кеш көрермендердің ойынан шықты.  Кештің өз деңгейінде өтуіне үлестерін қосқан Мұқтар Назерке, Қуандық Мирас сынды жүргізушілердің де еңбектері зор болды. Аталмыш шараның талғампаздықпен, көрегендікпен, жарасымдылықпен өткізуді мақсат тұтқан ұйымдастырушы, оқу ісі меңгерушісі, жеткіншектерге  тағы бір тартымды кеш сыйлаған  «Өзін – өзі тану» пәнінің мұғалімі Қадырова Зәуреш Нажмиденқызының  музыка пәнінің мұғалімі Ж.Қ.Балкенов пен бастауыш сынып мұғалімдеріне алғысы мол.                     

          Павлодар  облыстық балалар құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Әбілдинова Салтанат Болатқызы да өзінің жүрек жарды тілегін айтып, тыңдарман қауымды бір серпілтіп тастады.

Мектебіміздің жас әншілері бақыттылықтың бастауы бола білген,  шынайы сый – құрметке ие анаға  құттықтау  сәлемін  жолдаған Абен Әйгерім мен Жапарбекова Адинаның  билері, Арын Рабиғанының «Қошақаным», Абилманова Анеляның «Апатайым», Қайсарина Меруерттің «Ән шашу»,  Тұрсынбеков Санжар және Талғатбек Нұралиді  «Сағындым әже», балалар вокалының орындауындағы «Прекрасное далеко» әндері  нақышына келтіріле орындалып, көпшілік көңілінен орын алды.

Бар жақсылық бір өзіңнен  табылар

Ұстазға тән қасиетің бәрі бар,

Сара апай, бір өзіңе арналған

Шәкіртіңнің жыр –пейілін қабыл ал,-

дегендей Танат Найляның  орындауындағы   «Арманым менің» әнін зал толы көрермен қошаметпен қабылдады.

     Өзін-өзі тану» сабақтарында өз құттықтауларын шын жүректен шығара  білетін оқушылар да ортамыздан табылып:

Амандық қой тілегенің балаға

Ұқсатамын пейіліңді далама.

Денсаулықты шын жүректен тілеймін,

Ұзақ өмір сүре берші, Жан ана!-

десе,

Күлімсіреп,күлім қағып қарайсың

Сәбилерді бақытыңа балайсың

Әр баланы жұлдыздарға теңейсің

Сен біз үшін аппақ нұрсың, арайсың,-

деп жырға қосуы әдеби – монтажды әрлендіріп,  көркін көрік қосқандай әсер қалдырды.

     Бақыттылықтың бастауынан осылайша сусынын қандырып, қалыптасып, өзін –өзі тани еркін өсіп келе жатқандар үшін «Өзін- өзі тану» пәнінің ролі зор.  Төл мейрамы ортақ мерекеге айналған Сара Алпысқызына жеткіншектер атынан біз де шынайы тілектестігімізді білдіреміз. 

 «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінің  мұғалімі

Төлеубаева Жанна Дәрібайқызы

Жарайсың, Нәйлә...

 

Бой көтергеніне аз ғана жылдар болса да, мектебімізде талабы мықты, таланты асқан оқушыларымыз баршылық. Сол оқушыларымыздың түрлі қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық дәрежеде үлкен нәтижеге қол жеткізгендерін көргенде, жаныңа бір мақтаныш сезімі ұялайтыны сөзсіз.

Қазақ: «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», «Талаптыға нұр жауар» деп жатады. Мектебіміздің 11-сынып оқушысы Танат Нәйләні көргенде, бұл сөздерді данышпан қазақ ата-бабамыз тегіннен-тегін айтпағанын аңғарасың.

Нәйлә - осы уақытқа дейін көптеген жетістіктерге қол жеткізген оқушы. Атап айтсам, «Павлодар–жүрегімнің қаласы» сайысы, І орын; «Жарқын болашақ» - пән олимпиадасы, ІІІорын; былтырғы жылы қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пән олимпиадасы,ІІ орын; қалалық «Балауса» сайысының жүлдегері, қалалық «ХІ Абай Құнанбаев пен Шәкәрім Құдайбердіұлы оқулары», бас жүлде.

Биылғы оқу жылында Нәйлә қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пән олимпиадасында 96 ұпай жинап, І орын иеленіп отыр. Енді Нәйлә облыстық пән олимпиадасында аталмыш пән бойынша мектебіміздің намысын қорғамақ.. Оқу мен өнерді қатар алып жүрген, талантына талабы жігер берген, еңбексүйгіш, үнемі ізденуден жалықпайтын Нәйләны жеңісімен құттықтай отырып, алдағы аса жауапты істе қатарлас құрбыларының алдында болып, тасы өрге домаласын демекпін.

 «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, оқушысының бойындағы білімін саралай, талабын тани білген Ажар Төкенқызының да еңбегі жемісті болып, Нәйләдан күткен үміті ақталсын. Алдынан әлі талай ұстамы мықты шәкірттер шыға берсін.

Жангабулова Н.Е.,

 қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі,

№25 ЖОМ.

Іздендіру  іскерлігі  хақында

    Тiл мен әдебиет - кез келген танымдық iс-әрекеттердiң құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негiзi болып саналатындықтан, мектеп жасындағы балалар тiлдiң үш түрлi қызметiн: теориялық мәселелердiң практикалық дағдының базасы болатынын пайымдауға үйрететiн бiлiмдiк қызметiн; жалпы адамзат жинаған тарихи-мәдени, рухани мұраларды тiл арқылы меңгеруге болатынына және өз ойын жеткiзудiң, өзiн-өзi тану мен өзгенi танудың бiрден-бiр құралы тiл екендiгiне көз жеткiзетiн танымдық қызметiн алған бiлiмдi практикалық тұрғыда қалай қолдану iскерлiктерiн жетiлдiруге бағыттайтын коммуникативтiк қызметiн меңгерту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Олай болса, жалпы бiлiм беретiн мектептердегi жаңа  бiлiм мазмұнының өзегiне алынған Мәдениет – Бiлiм – Тарих үштағаны (макромоделi) қазақ тiлi пәнiнiң мазмұндық-құрылымдық жүйесiн жетiлдiруде де басты тiн деп саналады. Яғни негiзгi және бейінді мектептерде бiлiм нәтижесi ретiнде оқушының сөз мәдениетiн қалыптастыруды көздейтiн қазақ тiлi пәнiнiң бiлiм мазмұны сөз мәдениетiнiң екi сатысына сәйкестендiрiлiп құрылды. Негiзгi сатыда оның бiрiншi басқышы – сөз дұрыстығына (әдеби тiл нормалары) ден қойылса, бейінді мектепте екiншi басқышы – сөз шеберлiгiне басымдылығы деп танылуда.          

Оған қоса, Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңында»: ...жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту мәселелері [2] қарастырылған. Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту»,-  дейтін тұжырымдар бүгінгі білім берудің мақсаттары мен міндеттерін  ғана емес, тіл дамытудағы өзекжарды мәселелерді де айқындайды. Білім беру жүйесіндегі күнделікті өзіміз куә болыр жүрген түбірлі жаңғырулар ескірген әдіс-тәсілдер емес, жаңа инновациялық технологияны меңгеру, содан іздену арқылы жүзеге асады.

Жас ұрпақты оқу – тәрбиенің нәрімен сусындандыруда білім беру саласының үздік  ұстанымдары, озық іс – тәжірибелерін алдыға тарта жеке тұлғаның өзіндік сенімін арттыру,  дарынын дамыту, қабілетін нығайту, өз бетімен жұмыс жасауына жағдай туғызу – деонтология тұрғысынан айтқанда, ұстаздық парыз. Оқушы мен мұғалімнің іскерліктері шығармашылықпен байланысты. Шығармашылық - ізденімпаздықтың бастамасы.

 Бұл  тұста, Хакім Абайдың: 

«Ізденуді қойған бас,

Өмір жайлы ойланбас»

немесе

«Өзіңе сен,  өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап» ,-

дегені де бойыңдағы шығармашылық, іс – тәжірибеңнің жинақталуы өзіңе сенім артудан бастау алатынын  байқатады.

Тақырыпты таңдауыма  түрткі болған бір себеп – осы болса, ал екіншісі - Қанипа Бітібаеваның. «Пәнді меңгертуді құзыреттілік тұрғысында дамытыңыз» деп айтқан ұсынысы еді. 2008 жылы Павлодар қаласында өткен «Жалпы орта білім беру  жүйесінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы  ізденістер мен жаңашылдық” атты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министтрлігінің қызметкері Р.Батталдың,  “Қазақстан мектебі” журналының бас редакторы  С.Әбішеваның, Халық мұғалімі Қ.Бітібаеваның алдында шығармашылық есеп  берген республикалық семинар маңыздылығымен жадымда.

Оқу үрдісінде өздігінен жұмыс істету арқылы оқушылардың  ізденімпаздық  қабілеттерін  дамытуды қалыптастыруын  қамтамасыз  ету  үшін жеке  тұлғаға бағытталған  оқу - тәрбие   жұмысын  ұйымдастыру, оқу - әдістемелік кешенін жасау мақсатында тәжірибе үстіндемін.

Көздеген нәтиженің орындалу кепілі, нақтылы мақсатқа негізделген болашақ оқу үрдісінің жобасы, сатыланған және тәртіптелген іс-әрекет жүйесі, мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы, жоспарланған түпкі нәтижеге жетудің кепілдік берерліктей іс-әрекеттер жиынтығы, білім беру стандартының негізгі талаптарына жетудің нақты жолы аталатын «Қазақ тілінен» Н.Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау», «Әдебиеттен» Қ.Бітібаеваның «Конструкциялау», заман талабына сай «Ақпараттандыру» технологиялары  ой салу, ойланту, талдау, зерделеу, модельге салу, пікірге пікір қосу, пайымдау, сценарий жазу, викториналық сұрақтар және тест құру сияқты оқушылар тарапынан жасалатын түрлі тәсілдер жүйелі түрде қолданысымда.

Оқушылардың білім бағдарламасын меңгеру, әкімшілік бақылау және аралық, қорытынды аттестаттау нәтижелерін саралай келе, білім сапасының басты көрсеткіші екенін аңғару қиын емес.

Оқушыларының «Шоқан тағылымы», «Сәтбаев оқулары» халықаралық ғылыми- практикалық конференцияларда оқыған ғылыми мақалалары үшін арнайы диплом, алғыс хаттармен марапатталып, материалдары жинаққа енуі де дарынды оқушылармен жұмыстың жемістілігін байқатады. Қазақ тілі мен әдебиетін сүйіп оқитын шәкірттері- қалалық, облыстық  пән олимпиада жүлдегерлері атанды. Қазақтың тұңғыш академигі Қ.И. Сәтбаевтың: « Ғылым  мен еңбек адамды тау қозғайтын батырға айналдырады»  деген сөзін ұстанатын Аида Төлеубаева, Әйгерім Мырзамбекова, Балжан Ибраева, Жұлдыдыз Нұрмакина, Күләш Табирова, Бағдат Кенженова сынды     шәкірттерім білім шыңынан көрінуде. 2010 жылы 6- сынып оқушысы Абен Айжан “Сәтбаев оқулары” халықаралық конференциясында  ІІ орын иегері атанды.

Сабақтан тыс жұмыстардың ролі ерекше. Бұхар жырау атындағы өнер және әдебиет мұражайының қызметкері Ербол Матынұлына сұраныс жасап, «Экскурция» сабақ түрінде ұйымдастырылған тақырыптық лекциялардан оқушылар мол мағлұмат алады.

       Жаңа бiлiм мазмұнын анықтаудың ұстанымдары – тiлдiк жүйе қызметiнiң толықтығы, бiлiм мазмұны негiздерiн топтап қорыту, бiлiмнiң қосарлана енуi, интеграциялау, ғылымилық және коммуникативтiлiк принциптерiне сүйенiп, қазақ тiлiнің бiлiм мазмұнының құрамы мен құрылымына  өзгерiстер енгізілді.

      “Түркі халықтары мәдениеті” 10 - 11 – сыныпқа арналған (қолданбалы курс), “Грамматиканың қиын мәселелері”  10 - 11 – сынып (қолданбалы курс), “Қазақ тілінің стилистикасы”   10 – сыныпқа арналған  (элективті курс) авторлық бағдарламаларды қолдану барысында тек кәсіби шеберлігін шыңдаумен ғана емес, оқушыларды ізденіске, зерттеуге, шығармашылыққа жетеледі.

         Білім сапасын арттырудың бір кепілі– ғылыми- әдістемелік жаңалықтармен танысу, оны меңгеру жолында мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық семинар, конференцияларға қатысып, үнемі ой- пікіріммен бөлісемін.. 2008 жылы облыстық ПМБАИ-нда рецензияланған  «9 – сынып қазақ тілін тереңдетіп оқыту жоспары», «5-11-сыныптар үшін қазақ тілінен бақылау жұмыстарының үлгілері», «Ұлттық бірыңғай тестілеу» бойынша әдістемелік нұсқаулар, «Сыныптан тыс оқытудың тиімділігі» атты әдістемелік нұсқаулар жинағы  ұстаздың іс- тәжірибесін алмастыру мақсатында облыс мұғалімдеріне таратылуда.Ұстаздық еңбегім жайлы республикалық журналдар мен облыстық газеттерден оқып, танысуға болады. Мұғалімдік еңбек жолымда өзінің ақыл – кеңесін аямаған, білімімен ортақтасқан Павлодар облыстық ПМБАИ-ның «Қазақ тілі мен әдебиеті»  пәндерінің әдіскері А.Қ.Дайырова және Н.Ж.Искакова, Ж.С.Біләлова, Ж.А.Сырымова, Г.Қ.Рысбаева, А.Қ.Мағазова, С.Ж.Қабдолина, Б.Қ. Хамитова, А.О.Шалабаева, Хайса Наркес сынды әріптестеріме айтар алғысым шексіз.

    Мұғалімнің педагогикалық озық іс-тәжірибесін таратуды мектеп жоспарына енгізіп,  ұйымдастырған - мектеп директорының ғылыми әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Оразаева Зәмзәгүл Нұрахметқызының ұсынуымен 2010 жылдың  желтоқсан айында «Шәкәрім Құдайбердіұлының «Шын бақ қайсы? Күншіл кім?» өлеңі арқылы  сыныптан тыс оқытудың тиімділігін арттыру» бойынша қалалық «Шеберлік сыныбын» өткізіп, нәтижесінде 31 мұғаліммен іс- тәжірибе алмастым.

       «Шеберлік сыныбының» бағдарламасында жоспарланғандай «Шәкәрім Құдайбердіұлының «Шын бақ қайсы? Күншіл кім?» өлеңі» тақырыбымен әдебиет пәнінен  сабақтан тыс оқу бойынша  ашық сабақ өткізілді. Сабақтың түрі «Көзқарас» аталуына орай, Қ.Жүсіптің «Қисынды талдау», Қ.Бітібаеваның «Конструкциялау» технологияларын пайдаланып, 7А – сынып  оқушылары сабақ бойы сыныптан тыс оқуға ұсынылған туындының тақырыбы мен идеясын ашатындай өздерінің ой- пікірлерін білдіріп, көзқарастарын айтты, өмірде жиі кездесетін өзімшілдік пен күншілдікке байланысты ақын өлеңі негізінде өздері жазған сценарий желісімен шағын қойылым көрсетті.  Сабақ барысында белсенділік танытып, озық білімімен бөлісе білген Ә.Кужамбаева, А.Абен,Т.Бейсенов, Н.Қасенов, Ж.Жүсіпова,  И.Садвакасова, М.Кенжеғазы, С.Амантаев, Ә.Әбішева, М.Қантай сияқты оқушыларымды атағым келеді. Сабақ бейне таспаға жазылды.

   Аталмыш шара барысында  тәжірибеммен бөлісу слайдтармен көрсетіліп, баяндалғанда, мектептің оқу ісі меңгерушісі Текжанова Ажар Төкенқызының  кәсіби деңгейім, шеберлігім жайлы мәлімет бергенінде  қатысушы әріптестер тарапынан тек қолдауды сезіндім.

      

Педагогикалық тұрғыда ой – пікірлерін білдірген қатысушы ұстаздар  мектебіміздің сыныптан тыс оқытудың тиімді жолдары жайындағы аталмыш  озық  тәжірибені таратуды көздеген қалалық «Шеберлік сыныбы» әдістемелік  шарасының  өту барысы, озық тәжірибесінің таратылуы жоғары деңгейде болды» делініп, ортақ  тұжырым жасалғаны қуантады.  2006 жылы өткізілген.облыстық семинардың қатысқан ұстаздар үшін де, оқушылар үшін де жемісті болған еді. 2008 жылы “Қазақ тілі мен әдебиеті” пәндерінің мұғалімдері арасында өткен  қалалық «Панорамалық сабақтар» сайысында     І орын, облыстық   сайыста ІІ орын алдым. 2010 жылдан  республикалық сараптау   комиссиясының мүшесімін,  Қазақстан Республикасы «Оқулық» ғылыми – практикалық орталағының анықтамасында жазылғандай, ұсынылған сараптама  “үздік” деп танылды.

   Білім беру үдерісінде  қажетті білім, білік, дағдыларымен қаруланған, оқырмандық талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру – таңдалған тақырыптың күтілетін нәтижесі.

 Н.Назарбаевтың:  «Қазақ тілін, әдебиетін дамыту дегеніміз -  гуманитарлық тұрғыда қуатты қаруды шыңдау,   қоршаған   ортаны   парықтап, бағалаудың   бір құралын  жетілдіру» деген сөзі тіл мамандарына  бағыт – бағдар іспеттес. Ортақ  мүддеміз де - осы. 

“Қазақ тілі мен әдебиеті” пән

мұғалімі

Төлеубаева  Жанна  Дәрібайқызы

 

«Өзін-өзі тану» бағдарламасының маңызы

    «Болашақ бүгіннен басталады»,- дегендей еліміздің болашағы біздің бүлдіршіндеріміз. Ал, сол бүлдішіндердің тәрбиесі біздің қасымызда. Еліміздің балабақшаларында Сара Алпысқызы Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» бағдарламасы енгізілген. Біздің «Арман» бөбекжай балабақшасында осы бағдарламамен жұмыс істейміз.   «Өзін-өзі тану» бағдарламасының алатын орны ерекше. Себебі қазіргі бүлдіршіндердің болашақта еліміздің елеулі азаматтары  болу үшін, ең алдымен өзін-өзі танулары қажет. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты- адамның қоршаған ортаны, өзінің ішкі жан дүниесін танытып, өзін-өзі басқару негізінде адамгершілік – рухани потенциалын дамыту.  Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе тұлғаны рухани адамгершілік тұрғысынан дамыту, ар- ұятымызды молайтып, адамгершілік қасиетімізді жетілдіру арқылы ізгілікке, инабаттылыққа, парасаттылыққа үйрету. Жалпы адамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани ағартушылық қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың  меншігіне айналдыру, ата- бабаларымыздың дәстүрлері мен тәжірибелерін үйрену аса маңызды. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының дамуына біз өз үлесімізді қосуға тырысамыз. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының әдістемелік жаңалығы- мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілік- рухани тұрғыдан дамыту процесінде «Өзін-өзі тану»құралдарын пайдалана отырып, интерактивті оқыту әдіс- тәсілдері арқылы жүзеге асыруда. Негізгі мақсаты балалардың жеке бас даму ерекшеліктерін адамгершілікке бағыттап оқыту мен тәрбиелеу болып табылады. «Өзін-өзі тану» негізінің бір бағыты халық педагогикасы болып табылады. Ұлттық тамырдан нәр алған, өскелең жас ұрпаққа ғасырлар бойы қазақ этносын, жалпы салт дәстүрді насихаттайтын қазақ менталитеті, басқа ұлттар мен бейбітшілік тұрғыда өмір сүре алатын болашақтың мектебі болуы керек. Бала өмірі үшін маңызды -қоршаған орта, табиғат, жер, қарым-қатынас, еңбек, адамгершілік қатынастармен негізделген. «Жүректен жүрекке» шеңберінің маңыздылығы, мұнда балалар шеңбер құра отырып, сөз алмасу арқылы өз ой-пікірлерін бөліседі, бірінің ойын, сөзін бірі жалғастыруға жаттығады, еркін пікір айта білуге, дербес әрекет етуге дағдыланады, бет-әлпеті, қимыл-қозғалысы, ым-ишара арқылы көңіл-күйін байқатуға үйренеді,  айналадағы қоршаған әлем құбылыстарының байланысын, себеп- салдарын анықтай білуге көмектеседі. Сабақты өткізе отыра, балалардың өзіне деген сенімділігін нығайтып, олардың бойына имандылық қасиеттерді дарытып,жағымды ойларға бейімдейді.Ал берілген материалдар мазмұнының бала жасына лайықты, әрі қызықты болуы.Біздің ұстаздар ең бірінші балалар үшін әсерлі және ыңғайлы жағдай туғызады. Балалармен  қарым-қатынастардың түрлері олардың әсерлеріне бағытталады. Себебі бұл олардың жақсы ойларын бұзатын кейіпкерлерден аулақ етіп жақсылыққа жетелейді, өмірде табыстарға жетулеріне көмектеседі, ішкі дүниелерінің үндестікте болуын қадағалайды, ешқандай да материалдық жақсы жағдайлар қуаныш пен бақыт әкелмейтініне көздерін жеткізеді. Балабақша біздің балаларға екінші үйі болып және адамдармен қарым- қатынас жасау, айналаны қоршаған ортамен танысудың бірінші мектебі болып табылады. Сабақтардың барысында тәбиешілер балалардың жағымды сезімдерін өзіне көмекке алады, жоғары әсерлік көңіл- күйлерін қолдайды. Балалардың іс- әрекеттеріне байланысты сезімталдылықтарын бастан кешіруге көмектеседі. Бастан кешірген табысты істердің қанағат сезімдері балалардың бойында жаңа міндеттер мен мәселелерді шешуге талпыныс оятып, өз күштеріне сенуге, өзін-өзі сыйлауға тәрбиелейді. Осы жақсы істерді тәрбиешілер жүйелі түрде қолдап отырады..Қиындықтар мен қайшылықтарды жеңу әр адамның дүниетанымдық мүмкіндігіне, мұратына, рухани деңгейіне байланысты.  Жеке тұлғаның бойына имандылық нұрын ұялатуға «Өзін-өзі тану» бағдарламасы үлкен әсер етеді деп айтуға болады.«Өзін-өзі тану» курсы арқылы жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлғаны тәрбиелей аламыз.

  Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі :  Абдулина Айнур Шаймұратқызы

 

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ – ДАНАЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ

                             

                                     Көп қой бізге , тәрбиеге тағар сын,

                                     Бір-біріне кінә тағып жататын.

                                 Бірі ата-ана, бірі ұстазды жамандап,

                                 Аяғында бар пәлені  қоғамға келіп жабасың.

                                 Кінә табу кімнен болсын оңай-ақ,

                                 Бұл айтыстан тәрбиенің несі, шіркін, оңалмақ.

                                 Мін тағысып жүрген кезде біздердің,

                                 Тәрбиеден баламыз да кеш қалмақ.

                                  Ата-ана, ұстаз, қоғам - үшеуі,

                                 Тәрбиеге болар басты өлшемі,

                                  Бір тұтасып, біріктірсе күштерін,

                                  Тәрбиенің қаланады мектебі –

демекші,  тәрбиенің үш мектебі адамның құлқын қалыптастырып, адамгершілік болмысын жетілдіреді,  оны бақытты етіп,  қоғамға мейірбандылық нұрын шашады.  Адам бойына қандай да бір бейімдік белгілерін егуді емес, оны адамгершілігі тұтас тұлға етіп тәрбиелеуді, тұрақты ізгі қасиетерін   қалыптастыруды көздейді.   Адамның кім болмағы, қандай болмағы ата-ана, ұстаз бен қоғамға ғана тәуелді емес, алдымен ол адамның өзіне байланысты. Бірақ, адамның бірден жеке тұлға болып қалыптасуы мүмкін емес. И. Гете айтпақшы: «Біз  өз бойымыздағы әдеп сезімін дамытуға тиіспіз. Өйткені,  адамдардың  ілтипатынан    оп-оңай айырылып    қалуы мүмкін. Бұл қателігі үшін  адам өмірде өте көп зиян шегеді.   Өкінішке орай,  ұрпақтарын   осы  ауыр зияннан құтқара алмай-ақ келеді». Әдеп адамның өмір сүру дәстүріне байланысты. Сондықтан бала тәрбиенің үш сатысы негізінде  өсіп, жетіледі. Олар: ой саулығы, жан саулығы, тән саулығы.«Жақсы  адам болып қалыптасу үшін жаратылысынан гөрі,  жаттығудың рөлі зор»-деген ежелгі грек философы  Демокриттің сөзінен: «ой мен жан тәрбиесі – адамгершіліктің шарапатты негіздері, рухани ұйытқысы, мәйегі» деген қорытынды шығаруға болады. Жақсы қасиеттер кез келген адамның жан дүниесінен табылады. Тек оны уақытымен анықтап, өрісін кеңейте білу керек. Себебі, адам бойына дарыған қасиеттерін тану барысында келешегіне болжам жасай алады. Әрине, бала дүниеге келісімен өзін-өзі тануға икемсіз. Сондықтан  баланың «Менін» қалыптастырып тәрбиелеуге ата-ана міндетті. Демек, тәрбиенің тамыры терең болмаса, бала жақсылық пен жамандықтың додасына түсіп, жамандыққа  бет бұруы мүмкін. Тәрбиенің  басты мақсаты: жас буынға  ізгіліктің тура жолын көрсету, «мені» танылған адам қоғамның басты байлығы, мәртебесі екенін ұғыну. Өзін-өзі таныған, жан-жақты дамыған  тұлғалардан құралған қоғамның абыройы  жоғары,    тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болмақ. Демек, осындай қоғамы бар елдің тәуелсіздік тұғыры биік.

     Данышпан Аристотель: «... тәрбие өнері табиғаттан адамдағы жетіспеген жақтарын толықтыру мақсатын көздейді» - дегендей, К.Маркс айтпақшы: «өзін-өзі тану- даналықтың бірінші белгісі».

     Адам өзін-өзі тану үшін алдымен «Мен кім?», «Мен қандаймын?», «Мен не істей аламын?» деген сауалға ішкі дауысмен жауап беру қажет.  Одан соң, өзіне ой, тән, жан тазалығын жүргізу керек. Тән тазалығы - денсаулық,  ой тазалығы - ақыл, жан тазалығы - пәктік.    Адам үнемі жаман ойдан арылып, жарқын ойға шомылу қажет. Нұрлы оймен адам өзіне сенім ұялата алса, сенім арқылы сезімін де оятуға болады. Л.Фейербах: «адамды тану үшін оны сүю керек» -дегендей,  өзіңді- өзің жақсы көру аса маңызды. Себебі, сенім – сезімді сергітеді, махаббат - «меніңді» марқайтады. Сенім дегеніміз – иман, махаббат дегеніміз - адамның ең асыл қасиеттерін жарқырата көрсетуге себепші болатын киелі сезім. Демек, адам өмірді де сүюі керек.  

            Өмір - ғылым,  адам - ғалым.  Ғылымды зерттеу үшін ғалымға білім керек. Білім ізденіспен, еңбекпен толыспақ. Ал «еңбек пен бақыт -  егіз» демекші, еңбекпен жанды сауықтыруға болады.

        Тәрбиенің үш бұлағы бір арнаға құйылса, онда оның суы да мөлдір, тұнық болмақ. Оған Саққұлақ шешеннің мына өсиет сөздері басты  дәлел бола алады. Мысалы, «Ақыл - адамды аздырмайтын ем,   білім - таусылмайтын кен,   Адамның басшысы - ақыл, жетекшісі -талап, шолғыншысы - ой, жолдасы - кәсіп,  қорғаны - сабыр,   қорғаушысы - мінез».

        Қорыта айтқанда, «өз бақытың - өз қолыңда» - демекші жарқын болашаққа жол табу  өз еншіңде

 

 Мухаметжанова Айгерим Шаяхметовна

      қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

  

 

«Мұрагер» бағдарламасы бойынша өтілетін сабақтардың бала тәрбиесінде алатын орны ерекше

Ерке Ертіс өзенінің солтүстік жағалауынан орын алған, қаламыздың ең көрікті де, көрнекті мектептерінің бірі - № 25 жалпы орта білім беру мектебі. Ол өзінің сыртқы сәулетімен «мен мұндалап» адамның көзін еріксіз өзіне тартса, ішіндегі заманауи талаптар мен жаңа технологиялар бойынша өтілетін түрлі сабақтары балаларды ерекше өзіне баурап алатыны сөзсіз.

Оның дәлелі -  мектепте «Мұрагер» бағдарламасы бойынша өтілетін музыка сабақтары. Бұл сабақтар қазақ ата-бабамыздан қалған күй өнерінің қыр-сырын балаларға нотасыз үйрету. Тарихы тереңде жатқан бабаларымыздан қалған күй өнерін балалардың бойына сіңіру дәстүрі жолға қойылған. Музыка сабақтарында оқушылар күй тартуды үйреніп қана қоймай, атақты күйшілердің өмірі мен шығармашылығынан, күйдің шығу тарихынан да көптеген  мәліметтер алады. Сонымен қатар, күйді тыңдай отырып, өзінің күйден алған әсерін сурет салу арқылы жеткізе алады. Бұған Әйгерім мұғалімнен дәріс алған әрбір оқушы машықтанып алғанын сабақ барысында көзімізді жеткізе аламыз. Сабақтың тағы бір мақтанып айта кетер тиімділігі – оқушылар күйші мен күй өнері туралы біліп қана қоймай, оны қазақтың қолөнерімен де тығыз байланыстыра білулері. Кез келген жаңадан танысқан күйді оқушылар суретпен ғана емес,ою-өрнектермен де байланыстыра алады. Сонда әр оқушы бір ғана музыка сабағында өзін әр қырынан көрсете алып, өнердің әр түрінен дәріс ала алатын мүмкіндігі мол. Әсіресе, Қорқыт бабамыздың дүниеге келуі, оның күйлерінің мәні, Ақан серінің өмірі мен оның астына мінген жүйрігі Құлагердің трагедиясы туралы алған деректер әрбір оқушының ойынан ерекше орын алып, ерекше сезімге бөленулері – баланың есте сақтау қабілеттерін дамытып, өз ата- бабаларының өнеріне деген құрмет пен мақтаныш сезімдерін оятатын, тәрбиелік мәні зор дәрістер. Осындай қаймағы бұзылмаған қазақтың күй өнерін сурет, ою-өрнек өнерімен ұштастыра отырып, оқушы санасына кішкентай кездерінен қалыптастыру – келешек ұрпақтың пәк көңілдері мен салт-дәстүріміздің тарихын терең түсініп, құрметтей білуге баулитын бірден –бір дұрыс жол. Ендеше, метебімізде балаларымыз «Мұрагер» бағдарламасы бойынша сабақ алып, қазақтың дәстүрлі өнерінің дамуына атсалысып өсіп келе жатқанына қолдау көрсеткеніміз жөн болар.

Ал, домбыраның сазды үнімен, қазағымның киелі күйімен тербеле өскен жас ұрпақтың денсаулығы да мықты болатыны сөзсіз. Себебі, күй – қазақ бабамыздың басынан өткен қайғы-қасіретті ғана емес, сонымен бірге талай тамаша күндердің де естен кетпес әсерлі шақтарын жеткізетін өнер. Ендеше, небір дүлдүл күйшілеріміздің туындыларын тыңдап өскен әр қазақ баласының еркін ойлау, сабырлылық,пайымдай білу, шешім шығарып, қорытынды ой түйе білу қабілеттерімен бірге денсаулықтары да нығая түсетіні анық. Бала өмірінде ерекше маңызы бар өнер мен денсаулықты қатар дамытуда ерекше орны бар «Мұрагер» бағдарламасы бойынша өтілетін сабақтарға балаларымызды құлшына қатыстырып, осы бағдарлама бойынша елеулі еңбек етіп жүрген Әйгерім мұғалімге шексіз алғысымызды білдірейік. Денсаулық мәселесін басты бағытқа алып, оны өнермен ұштастыра дамыту жолын алға қойған мектебімізді мақтан ете білейік.

                                            Жангабулова Назира Ерғалиқызы.

 

«МҰРАГЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ-ШЫҢДАЛҒАН ОЙ ЖҮЙЕСІ

Мектебіміздің оқу-тәрбие жүйесіне «Мұрагер» бағдарламасы енгізілгеніне 3жыл мерзім өтті. Бағдарламаның оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда алатын орны ерекше екені байқалады. Бұл бағдарлама баланың бойын ұлттық рухани байлықпен сусындатады. Мақсаты - жас өспірімдерге халықтың күйі, әндері арқылы кез-келген мазмұнға логикалық, шығармашылық, көркемдік эстетикалық талғам тұрғысынан түрлі ұйғарымдағы пікірлерді таңдауға саналы шешім қабылдауды сабақта үйретеді.

Біріншіден, балалар қазақтың күйлері мен әндерін домбырада ойнап, әуен мен сазды тыңдай келе, әрқайсысы өз қабылдау деңгейінде мазмұнға сәйкес белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін ойша зерттеу, оларды жеңіл бір қарама-қайшы ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол қалыптасқан идеялардан туындаған  көзқарастары арқылы күй мазмұнын қағаз бетіне сурет арқылы бейнелейді. 

         Екіншіден, қалыптасқан идеяны кеңейтіп, ауызекі мәнерлеп, мазмұндап жеткізеді.

         Үшіншіден, ой тізбектерін шығарма ретінде жазып, бала жазба тіл шеберлігін шыңдайды.

         Төртіншіден, ауызша, жазбаша, сурет арқылы бейнелеген барлық идея мазмұнын енді саз балшықтан, ұннан, еспе материалдардан (пластилин) шынайы кейіпкерлер бейнесін (образын) сомдауға ұласады.  Бір тақырып көлеміндегі мазмұн бірнеше кезеңдермен есту, тыңдау, мазмұндау, жазу, суреттеу, бейнелеу, ою-өрнектеу, рөлдерде ойнау, сомдау  арқылы баланың ой елегінен неше қайтара өткізіледі. Яғни, «Мұрагер» бағдарламасының басты ерекшелігі-баланың бір тақырып төңірегіндегі шыңдалған ой жүйесі. Мұны бір ғана мысалмен түсіндіруге болады. Мысалы, ою-өрнек өнері табиғатында поэзияға, өлең-жыр мен күйге ұқсамайтын өнер түрі, соған қарамастан бұлардың екеуі де ырғақтық заңдылықтарына бағынады. Ою-өрнектегі ритм заңдылықтары өлең жолдарындағыдай ұйқас пен ырғақты оюлар да сақтайды. Олай болса, күй мен ою, өлең мен әуенді саз олар көркем туындылар. Неге десеңіз, оқушы күйді тыңдай отырып, белгілі бір бояу түстері мен ою арқылы оның мазмұнын суреттеп, бейнелейді. Ал ою-өрнек халықтың биік мұраты мен асыл арманы, бейбіт өмірді аңсаған асқақ үміті, қуанышы мен шаттығы, ел мен ер басына түскен қиындықтары. Бала күй мен әннің мазмұнын қабылдауын сурет пен ою арқылы белгілі бір бояу түсімен береді. Ол бояу түстері оның эстетикалық әсерін, өмір танытқыш күшін, баланың болмыс шындығын бейнелеудегі қарқындылығын, белсенділігін танытады. Жалпы айтқанда, бояу үндестігі, бояу, ою-өрнек шешімі баланың музыканы қабылдауындағы идеялық және эмоциялық негізінің арқауы. Баланың мазмұн бейнелеудегі және ою-өрнекті қиыстырудағы ұтымды пайдаланған бояу түстері оның өзіне тән ерекшелігі мен талғамын танытады. Ал ою-өрнектің әрбір тұтас туындысында белгілі бір тақырып бар, онда күрделі ойлар жатыр. Сурет пен оюдың ұтымды шығуы оның ырғағы мен мөлшерінің сақталуы және өрнек бедерленетін материалды таңдай білуінде, бір сөзбен айтқанда баланың дүниетанымына байланысты.      

         Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында да ерекшелігі бар. Бұл құрылым жоғарыда аталып кеткендей қиындығы  әр түрлі деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің және тәрбиелеудің моделі. Білімнің, тәрбиенің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Баланың ойлау деңгейінде  пайда болған көп ақпараттарды талдай, жинақтай отырып, ішінен өзіне қажетті дегенін сараптай алуына үйретеді. Ойлау, айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы аршылады, жүйеленеді,  түзетіліп тазарады.

          Бағдарлама оқушының қызығушылығын оятады. Қызығушылықты ояту бұл - үйрену үрдісіне жол салу, жол ашу. Қызығушылық кезеңінің екінші мақсаты үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Денсаулық сақтау технологиясы бойынша қызығушылықты ояту кезеңінде бала серпіліс жасап, миға жаттығулар жасалып, дене қозғалысын реттейді, белсенділігін арттырады. Ұйқылы ояу, енжар отырған баланың сабақты қабылдауы да қиын, әрі мүмкіншілігі аз. Саз, әуенді тыңдай отырып, соған ілескен ырғақты, әдемі қозғалыс жасалады.     Бағдарламаның тағы бір ерекше тұсы баланың рухани баюына, адамгершілік қасиеттерінің, эстетикалық талғамының дамуына ықпал етеді. Халқымыздың тарихи ұлттық құндылықтарын бағалауға, ұлтымызға тән ою- өрнек өнері, ән-жыр, күйлерінің, аңыз-әңгімелерінің әсемдікті қабылдау мәдениетінің басты белгілерімен, ұлттық қолтаңбамен тікелей сабақтасып жатқанын сезінеді және оның тек қана біздің халыққа тән, тума ерекшеліктерін біледі.

         Сонымен, «Мұрагер» бағдарламасы-адам жанына ләззат сыйлайтын, эстетикалық мәні зор пән ұлтымыздың мәдени дамуының шежіресі.

 Зәмзәгүл Нұрахметқызы Оразаева,

директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары,

география пәнінің мұғалімі

 

 

ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ НЕГІЗІНДЕ ТЕХНОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ

                                                            Хайса Наркес

№ 25 жалпы орта білім беру мектебінің  технология пәнінің мұғалімі. 

Білім мен тәрбие адам бойына қатар дарығанда ғана ол ұлы мақсатқа жете алады деп білемін. «Рухани тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы» деген екен ұлы Әл-Фараби. Адамға бірінші білім емес тәрбие берілуі керек. Ендеше тәрбиенің қайнар көзі – халық педагогикасы. Ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыптар және ұлттық өнеріміз халық педагогикасының маңызды көзі екені белгілі. Халық педагогикасының балаларды халықтық салт дәстүрді, әдет-ғұрыпты қастерлеп, құрметтеуге үйрету, өз жұртының мол мұрасы, әдебиеті мен мәдениетін, тілін, дінін, ұлттық ерекшеліктерін білетін, бағалайтын азамат болып қалыптасуында берер пайдасы аса зор.

Ұлттық тәуелсіздіктің шапағат-шарапатымен өткен тарихымыз айқындалған сайын адамның рухани жан–дүниесін, ішкі сезімдерін түсіну саласында ата-бабаларымыздың қазіргі ұрпақтарына қарағанда озық екендіктері, ал біздің сол байлықтан көп артта қалғандығымыз белгілі. Қазіргі заман адамы ғылым  мен техника үрдісі бойынша қарыштап алға басқан, бірақ адамның рухани дүниесін, жан байлығын, ішкі тылсымдарын білу бойынша өкінішке орай әжептәуір артта қалып қойғанбыз. Ендеше жалпы адамдық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани ағартушылық қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың меншігіне айналдыру, ата-бабаларымыздың дәстүрлері мен ұлттық қолөнер тәжірибелерін үйрену аса маңызды.

Ұлы ата-бабаларымыздың ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ырым-жоралар, қолөнер бұйымдарын жасаудағы тәжірибелерін үйреніп, мәдениетімізді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруда, оқушылардың  ой жүйесін ұштауда, көркем мінезді болуға баулуда, өнерге құштарлық сезімін оятып, әсемдікті сезініп, оның сырын терең түсінуге жетелеуде, өзгенің еңбегін кемсітпей құрметтеп, бағалау керектігін  түсіндіруде, көненің көзі болған ұлттық мұрамызды зерттеуде технология пәні мен қолөнер үйірме жұмыстарының атқаратын рөлі ерекше болмақ.

Осы мақсатта мектебімізде «Алтын оймақ» қолөнер үйрмесі үшінші жылға өз жұмысын жалғастыруда. Үйірме сабақтарында ұлттық қолөнер мен дәстүріміздің  қаншалықты құнды екенін түсіндіре отырып, шығармашылық жоба жұмыстарын орындату оқушыларға адамгершілік, мейірбандылық, еңбек, дене, ақыл-ой, эстетикалық тәрбие береді әрі шығармашылық  қабілеттерін дамытады.

«Алтын оймақ» қолөнер үйірмеге қатысушы шәкірттерімнің өз туындылары мен бұйымдары бүгінгі күні қалалық және  облыстық және Халықаралық   шығармашылық жарыстарға қатысып, бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсам, тек биылығы оқу жылында “Отпен достаса отырып, өрттен сақтанайық - 2010” қалалық балалар шығармашылық байқауында 5 «Б» сынып оқушысы Тұрлыбек Аружан I-орын, 4 «В» сынып оқушысы Ғарифолла Ғабдуррахман II-орын, 6 «Б» сынып оқушылары Ахметова Айгерім, Елеукина Данель, Қайдар Мадина, Қизат Маржангүл II- орынға ие болды. Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша 2009-2010 оқу жылында үздік жоба жұмысы деп таңылып, «Жас ғалым » номинациясына ие болған 9 «Ә» сынып оқушысы Дүйсенова Алия, 9 «А» сынып оқушылары Жақыпбекова Мақпал, Аубакирова Ұлболсын  Москва қаласында жүргізілген «Жасыл әлем 2010» Халықаралық балалар экологиялық форумындағы «Ғасырлар дәстүрлерінің алуан түрлілігі » тақырыпта жер әлемінде мекендеген халықтар ерекшелігін айқындап көрсетуге бағытталған     табиғи материалдар композициясы конкурсына қатысып, лауреат атанып, дипломмен марапатталды. Бұл конкурсқа  композициялық шығармашылық жұмыс «Гүлденген Қазақстан» деген тақырыпта қатысты. Композицияда Қазақстан елінің кең байтақ жері және ондағы алтындай жарқыраған  байлықтары, таулары мен сулары, жайқалған жасыл желектер, жас қаламыз Астана, көгілдір аспан астындағы адамдардың  тыныштықтағы тіршілігі мен ұлттық қолөнер жасаудағы бейнесінің барлығы да мектеп алаңынан жинап кептірілген табиғи материалдардан жасалған еді.  Аталған оқушыларым мен үнемі жүлделі орындармен оралатын Жумабаева Ажар, Валиханова Айгүл, Кужамбаева Асемгүл, Жусупова Жұлдыз, Абишева Айгерім т.б оқушыларымды мақтан тұтамын.

Оқушылардың шығармашылық қолөнер жұмыстарынан мектепішілк көрмелер ұйымдастырылып отырады. Осы жұмыстың нәтижесінде қолөнер үйірмесіне қатысқысы келетін оқушылар саны арта түсіп, тіпті ата-аналардың да қызықтап келіп, тамашалауы жиілеп отырды. Сондықтан, сабақта және сабақтан тыс үйірме сабақтарымда аталар сөзі, мақал-мәтелдер, салт-дәстүрлер, тиым сөздер, ырым-жораларды басты дидактикалық материалдар ретінде көптеп қолданамын. Оқушыларға осы тақырыптарда іздену, зерттеу жұмыстарын орындату  аса маңызды болмақ.

Зерттеу тапсырмалары оқушының проблеманы көре алу және оны шешу, болжам жасай алу, оқулықтармен жұмыс жасай білу, анализ, талдау жасау арқылы жан-жақты зерттеу қабілеттілігі мен ақпараттық құзыреттілігін арттырады. Мысалы, оқушыларға сабақтарға байланыстырып ерте кездегі ата-бабаларымыздың қолдан жасап, тұрмыс тіршіліктерінде қажеттіліктеріне пайдаланып  келген, қазір ұмыт бола бастаған қазақтың  қара сабыны- сақар туралы  айтуға болады.

Сақар сабының экологиялық таза жолмен жасалатындығы және оның шипалық қасиеттерімен қоса сабынға байланысты ырымдар, наным сенімдер, салт-дәстүр қалыптасқандығы  туралы айтуға болады. Сақар сабының  жасау тек қазақ ұлтының қол өнер бұйымдарын   жасау әдістерінің бірі.

Ертеректе, жаугершілік кезінде шейіт болған сарбаздардың сүйегін елге жеткізіп жерлеу үшін тасымалдауға оңай болсын деп, етін ағызып, сілтіге салып сүйегін залалсыздандырып, киізге орап алып жүретін үрдіс болған. Арғынбай батырдың мәйітін осы әдіспен тасымалдағанын Алмас Алматов  былай деп жырлапты. 

«Сүйегін артып ердің күзде келдік,

Тар кезең, етін сылып, киізге орап.

Қайнатып сілтіге сап, ақсүйек қып,

Жеткердік болғанменен қанша тозақ».

   Ұмытыла бастаған дәстүрлі тағамдар бойынша іздену жұмыстары арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері артады. Осы арқылы оқушылар  сүт және сүт тағамдары оларды өңдеу және дайындау технологиясын меңгереді. Тағамдарға байланысты мақал-мәтелдер, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлерді оқып үйренеді.

Қымыз - халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы үздіксіз пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамы әрі шипалы сусыны. Ол тек тағам емес, сонымен қатар халықтың қасиетін, дәулетін, салтанатын, байлығын, мырзалығын, дастархан берекесін білдіретін ырыс белгісі. Басқа тағамдарға қарағанда қымызды дайындаудың әдіс-тәсілдері, салт-дәстүрлері, ырымдары мен кәде -жоралары көп.

Ұлттық тағам бойынша шипалы сусын-қымыз, шұбаттың адам ағзасына әсері мен оның химиялық құрамындағы маңызды минералдық заттар, дәрумендер туралы зерттеу арқылы оқушылардың денсаулықты нығайту жолдарын  түсетіні сөзсіз.

Ұлттық бұйымдардан ұмыт болған біз кесте және ши, терме тоқу өнері туралы зерттеу жұмысын оқушылармен жүргізудемін. Әр сабақта осындай іздену, зертеу тапсырмаларына қадағалау, көмек беру, нұсқау беруді бақылауыма аламын. Тапсырмаларды баланың қабілетіне қарай, ынтасына, жас ерекшеліктеріне байланысты түрлендіре беремін. Ізденіс зерттеу жұмыстары оқушының ақпараттық ізденісті жоспарлау, жианақтаған мәліметтерді өңдеу, қосымша мәліметтерді жинастыру және оны компьютерде қорғай алу ақпараттық құзыреттіліктерін дамытады.

Сабақта оқушының ойлау, шығармашылық қабілетін арттыру мақсатта оюларға байланысты ертегілер құрастырту, ұлттық ойын, асықтармен ойнату, қоржын тігу, сандық жасау, моншақпен кестелеу сияқты ұлттық бұйымдармен байланыстыра өздік жұмыс өткіземін. Өздік жұмыстың оқушының өзін-өзі бағалауында, шығармашылық мүмкіндік деңгейін білуінде ерекше орын алады.   Мысалы, сәндік қоданбалы өнер элементтері ою-өрнектерді жасауда оқулықтағы нұсқау карталарға сүйенбей, баланың өз ойынан жасауды талап етемін. Ою өрнектің жеті тобының тек бір түрін ғана беріп, оны басқа топ түрлеріне өзбетімен өзгерту тапсырмалары, түс үйлесімдіктерін таңдап құрастыру оқушының логикалық және әсемдікті сезіне білу талғамдарын дамытады. Атам қазақ, шебер әжелеріміз кезінде ешкандай оқулықты да, нұсқау картаны да қолданбағаны олардың ақыл, ой саналарының ұшқырлығын көрсетеді. Сондықтан да «Ою ойғанның ойы ұшқыр» деп бекер айтылмаған болса керек.

Қазақ - жоқтан бар жасаған дана халық. Қалдық, қажетсіз заттардан қажетті көркем бұйымды сәндеп жасап, оны сыйлық ретінде ұсынудың маңыздылығы мен сатуда қалай жарнамалау керектігін үйретемін. Оқушыға осындай сәндік өнерін жасауға қаржылай шығын шықпайтынын, экономикалық жағынан тиімділгі мен экологиялық табиғи таза заттардан жасалған көркем бұйымдар қай кезде де болсын жоғары бағаланатынын түсіндіремін. Осы арқылы оқушы өзінің отбасылық бюджетіне кіріс кіргізіп көмектесе алатындығына сенімділігі артады.

 Қолөнер бұйымдарының ішінде моншақпен кестелеу, зергерлік бұйымдар жасау, сәнді картиналар, кесте тігу өнері, ұлттық ойыншықтарды жасау, ұлттық киімдерді тігу, тері бұйымдарын жасау, ши тоқу өнері, біз кесте мен тігу өнері аса  шеберлікті талап етеді. Бұл жұмыстар оқушыны әсіресе қыз баланы шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, ептілікке, талғампаздыққа тәрбиелейді, кәсіби шеберлікке баулиды. Ал қазіргі заманда көпшілік оқушыларда осындай сәнді бұйымдарын жасауда төзімділігі мен бастаған ісін аяқтай білу қасиеттері жетіспей жататыны анық. Дәл осындай жағдайларда оқушыға бағыт бағдар беріп, ынталандыра отырып жеке жұмыс істеп, оларды бақылауда ұстау ұстазға байланысты. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей ең бастысы ұстаз өз пәнінің шебері, баланы өзіне баурап алатын, педагогикалық және психологиялық кәсіби шеберлікті меңгерген болуы керек.

Ұлттық тәрбиеге мән беру барлық пәндерде де ерекше орын алу керек. Зергерлік бұйымдар мен ұлттық тағам, киім үлгілерінің жалпы адамзатқа берер тәрбиелік мәні туралы биология, әдебиет, тарих, бейнелеу өнері, салауаттану, денешынықтыру, химия, биология, өзін-өзі тану пәндерімен байланыстыра түсіндірілсе оқушы санасына түсінікті жетеді. Осы арқылы басқа пәнге деген  қызығушылықтарын арттыра аламыз.

Дәстүрлердің құндылығы  тұрмыстағы, күнделікті өмір барысындағы  қадір-қасиетіне, жаңа ұрпақ қалай қабылдап жатқанына байланысты. Дәстүрлерге немғұрайлықпен қарау қоғам өміріне кері әсер етуі мүмкін. Ал оған мән бермеу –қоғамдық тәрбие мен ұрпақтар мұрагерлігінің бұзылуына алып келеді.

Дәстүр - әрбір ұлттың өзіне тән әлеуметтік  және табиғи ортасы, тұрмыс көрінісі, күнделікті тіршіліктен келіп шықса да, оның түбінде  еңбекқорлық, отансүйгіштік, адамгершілік сияқты барлық халықтарға тән идея алға тартылғандықтан  жалпы адамилық мағынаға ие. Дәл осы мағына бала тәрбиесінде жетекші орын алу керек. Себебі, бала санасындағы  өз халқына тән ұлттық дәстүрлерді мақтан тұту ұлтшылдық қөзқарас дәрежесіне өтпей, қайта әрбір ұлттардың дәстүрі өздері үшін қымбат екенін, оларды кемсітпеу, құрметтеу керектігін де түсіндіремін.

 Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет» деген сөздері бар.

Ендеше, тәрбиелік мәні бар  дәстүрлер мен көнерген қолөнерімізді қайта жандандырып оны көркем өңдеп, күнделікті тұрмыста, отбасында, ұрпақ тәрбиесінде орнымен қолдана білуіміз керек. Бұл оқушыларды  болашақ мамандығын дұрыс таңдауларына, әрбір оқушының шын мәнінде келер ғасыр және уақыт талабына сай адам болып тәрбиеленуі мен білім алуына негіз болады деп ойлаймын.

Халық педагогикасы негізінде материалдық және рухани мәдениетімізді үйретуді оқу-тәрбие процесінде қолдана отырып, рухани байлығы жоғары, бәсекеге жан-жақты қабілетті, патриот тұлғаны тәрбиелеу біздің міндетіміз болмақ. Қазақ халқымыздың сәндік колданбалы өнерлері мен ұлттық дәстүріміз ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де аса маңызды болғандықтан көненің көзі болған тарихи мұраларымызды ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру баршамыздың парызымыз. Сондықтан, әрбір ата-ана баласын ұлттық бағыттағы үйірмелерге міндетті түрде қатыстырып отырса нұр үстіне нұр емес пе.

«Шеберлік сыныбы» - баршаға ортақ

      Павлодар қаласы №25 жалпы орта білім беру мектебінде 2010 жылдың 15 желтоқсанында «Шәкәрім Құдайбердіұлының «Шын бақ қайсы? Күншіл кім?» өлеңі арқылы  сыныптан тыс оқытудың тиімділігін арттыру» бойынша озық тәжірибені тарату мақсатында  «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінің жоғары санатты мұғалімі Төлеубаева Жанна Дәрібайқызының қалалық «Шеберлік сыныбына»  31 мұғалім қатысты:

        Аталмыш шараны, яғни  Ж.Д.Төлеубаеваның педагогикалық озық іс-тәжірибесін таратуды мектеп жоспарына енгізіп,  ұйымдастырған - мектеп директорының ғылыми әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Оразаева Зәмзәгүл Нұрахметқызы..

       «Шеберлік сыныбының» бағдарламасында жоспарланғандай «Шәкәрім Құдайбердіұлының «Шын бақ қайсы? Күншіл кім?» өлеңі» тақырыбымен әдебиет пәнінен  сабақтан тыс оқу бойынша  ашық сабақ өткізілді. Сабақтың түрі «Көзқарас» аталуына орай, Қ.Жүсіптің «Қисынды талдау», Қ.Бітібаеваның «Конструкциялау» технологияларын пайдаланып,  7А – сынып  оқушылары сабақ бойы сыныптан тыс оқуға ұсынылған туындының тақырыбы мен идеясын ашатындай өздерінің ой- пікірлерін білдіріп, көзқарастарын айтты, өмірде жиі кездесетін өзімшілдік пен күншілдікке байланысты ақын өлеңі негізінде өздері жазған сценарий желісімен шағын қойылым көрсетті.  Сабақ бейне таспаға жазылды.

       Мектептің оқу ісі меңгерушісі Текжанова Ажар Төкенқызы  Ж.Д.Төлеубаеваның кәсіби шеберлігімен таныстырды.

       Мұғалімнің әріптестерімен сыныптан тыс оқытуға байланысты тәжірибесімен бөлісуі слайдтармен көрсетіліп, баяндалды.  

        Облыстық ПМБАИ– да рецензияланған «Сыныптан тыс оқытудың тиімділігі» атты жинақтың төңірегінде, мұғалімнің озық тәжірибесі жайында қатысушы  ұстаздардың  ауызша әрі арнайы сауалнамамен ой бөліскен бірнеше пікірлерін қоса беруді жөн көріп отырмыз:

  •  Жанна Дәрібайқызының «Шеберлік сыныбы» жақсы деңгейде өтті. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігі, қызығушылығы, бұл тарапта ұстаздың жүйелі жұмыс жасап келе жатқандығын дәлелдейді. Мұғалімнің осынау «ақсаңқырап» қала беретін мәселені талқылап, ортаға салғаны, басқа мұғалімдерге, әріптестерге осы бағытта көмек бере отырып, ой салғаны өте орынды болды. Жұмысыңыз жемісті болсын! Шәкірттеріңіз өзіңізден асып түссін!
  •  Өзінің ауқымдылығымен, жүйелілігімен, өмірде үлкен тәрбиелік мәні бар құндылығымен Жанна Дәрібайқызының өткізген «Шеберлік сыныбы» көңіл толтырады. Оқушылардың әдеби тілде сөйлеуде, өзін еркін ұстауда, шығармашылық қабілетін арттыруда сыныптан тыс оқытудың маңызды роль  атқаратынын көрсете білді.
  •   Сыныптан тыс оқытудың тиімділігін арттыру бойынша тәжірибе алмастыру  мақсатында өткен «Шеберлік сыныбы» өте тиімді өтті. Басқа технологиялармен  қоса оқушы мен мұғалімнің  «Ақпараттық» технологияны да игергені қуантады.
  •  Өте жақсы өтті. Шығармашылық табыс тілеймін!
  •  Сабақтан алған әсерім өте жақсы. Мұғалім қойған мақсатына жетті. Оқыту технологияларын біріктіріп қолдануы ұнады. Рахмет!
  •  Мен жас маман ретінде осындай ««Шеберлік сыныбын» өткізгені үшін рахмет айтамын! Сіздің  «Шеберлік сыныбыңыз» өте тиімді өтті деп ойлаймын. Сабақтың тиімділігі басым болды.
  •   «Шеберлік сыныбы» бойынша берілген сабақта оқушылар 4 топқа: «Зерде», «Талап», «Жігер», «Шабыт» болып  бөлініп, жұмыс атқарды. Сабақтың мақсатын қою оқушылар тарапынан орындалды. Өлеңнің көркемдік ерекшелігі Қ.Жүсіптің «Қисынды талдауы» тұрғысында қарастырылса, ал өлеңнің тарихы, әдеби бағыты, стилі, жанры, ой түйіні, оқырман күнделігі, автордың позициясы сияқты тағы басқа бөлімдері бар  бағыттармен берілген Қ.Бітібаеваның технологиясы арқылы  оқушылардың шығармашылықтары байқалды. Слайд бойынша бақытты бағалау, күншілдікті сынау керектігін дәлелдеген оқушының ойлары ұтымды шықты. ««Шеберлік сыныбы»» өте қызықты әрі мағыналы өтті.  Сыныптан тыс оқытудың тиімділігін анық байқадым.
  •  ««Шеберлік сыныбы»» жоғары деңгейде өтті. Маған өте ұнады. Жанна Дәрібайқызының тәжірибесінен көп жаңалықтар үйренуге болады.
  •  Төлеубаева Жанна Дәрібайқызының өткізген қалалық «Шеберлік сыныбының» әріптестерге берері көп  болды деп есептеймін.

     Қорыта келгенде, педагогикалық тұрғыда ой – пікірлерін білдірген ұстаздар тарпынан  мектебіміздің сыныптан тыс оқытудың тиімді жолдары жайындағы аталмыш  озық  тәжірибені таратуды көздеген әдістемелік  шарасын, нақты айтқанда  Ж.Д.Төлеубаева өткізген қалалық «Шеберлік сыныбының» өту барысы, озық тәжірибесінің таратылуы өз деңгейінде өтті  делініп, ортақ  тұжырым жасалды.

        Мен де әріптесім Жанна Дәрібайқызына денсаулықты басты нысанаға ала отырып, тәрбиелік м