Телефон доверия
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Адрес: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 62-78-01
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Логопед кеңесі

Логопедтің мектепте жүргізетін негізгі міндеті – тіл бұзылысы бар оқушыларды анықтап,  оқушының жеке-дара ерекшеліктерін, тіл бұзылысының түрін ескере отырып  жағымды психофизиологиялық жағдайда жан-жақты түзету жұмысын жүргізу.

Оқушыларды логопедиялық тексеріс өткізудің негізгі мақсаты – тілінің даму деңгейі жас ерекшелігіне сай келе ме, тілінің даму деңгейін, кемшіліктерін  анықтау.

Логопедиялық тексеріс жүйелі түрде әр түрлі көрнекі-құралдардың көмегімен, логопедтің басшылық етуімен  жүзеге асады. Әр оқушы жеке-дара тексеріледі. Логопедиялық тексерісте оқушының артикулляциялық аппараты, сөздік қоры, дыбысты айтуы мен ажыратуы, фонематикалық есту қабілеті, тілінің грамматикалық құрылысы, сөйлеу тілін түсінуі, жалпы тіл байлығы тексеріледі.    Тексеріс барысында оқушының мінез-құлқына, тіл байлығына, тілінің дамуына ерекше назар аударылып, логопедиялық қорытынды жасалады.

 Логопедиялық тексеріс – логопедиялық жұмыстың негізі бастауы, көзі болып табылады. 

 

      Инеше

Мақсаты: Тілді жіңішкертіп, осы қалыпта ұстауды үйрену. 

Сипатамасы: Ауызды ашып, тілді шығарып, тілді жіңішкерткен қалыпта 1-ден 5-10-ға дейін ұстап тұру.

      Назар айдарыңыз: Тіл ерінде жатпайды, ерінге тимейді, алға қарай созылады.

 

 

 

Кеме

 Мақсаты: Тілді үстіңгі тістердің артына қоюды үйрену. Тілдің бұлшықеттерін бекіту.

Сипаттамасы: Күлімсіреу, ауызды кең ашып, тілдің ұшын үстіңгі тістердің артына тіреп қою.  5-10 секунд ұстап тұру.

Назар аударыңыз: 1. Тілдің екі жақ шеттері «Кесе» жаттығуындағыдай үстіңгі шеткі тістерге тимеуі мүмкін. 2. Егер сіз балаға «ы-ы-ы» дыбысын тілдің ұшын үстіңгі тістерге аздап батырып әнднтіп айтқызсаңыз «л» дыбысы шығуы мүмкін.

 

 

 

  Кучер

Мақсаты: Тіл мен еріннің вибрациясын дамыту, «Р р» дыбысын айту үшін артикулляциялық мүщелерді дайындау. Дем шығару күшін дамыту.

Сипаттамасы: Еріндерді қосып, еріндер арқылы қатты үрлеу. Еріндер вибрацияланады, «тпру– у-у» деген дыбысқа ұқсас дыбыс естіледі. Нұсқа: Еріндердің арасына тілдің жалпақ шетін қойып, үрлеу. Тілдің шеттері еріндермен бірге вибрацияланады.

Назар аударыңыз:Егер бала бұл жаттығуды орындауда қиналса, балаға еріндерді қаттырақ қосып, қаттырақ үрлеуді ұсыңыныз.

 

 

 Гармошка

Мақсаты: Тілдің бұлшықеттерін бекіту, тіл асты байланысын созу.Сипаттамасы: Күлімсіреп, ауызды ауызды сәл ашу, тілді таңдайға жапсырып,  ауызды ашып-жабу. Бұл арқылы тіл асты байланысы дамытылады. Біртіндеп ауызды кеңірек ашып, тілді жоғарғы қалыпта ұзақ уақыт ұстауды үйрену.Назар аударыңыз! 1. Егер бала тілін таңдайға жапсыра алмаса, «Ат шауып келеді» жаттығуын қайтадан орындап, бұл жаттығуды баяу, тілді үстінде ұзақ уақыт ұстап  орындау керек.

 


   Егер балаңыз әріптерді дұрыс жазбайды, ұмытады, ауыстырады  

 


 1.    Сіздің балаңыз оң және сол ұғымдарын айыра алады ма? Ол келесі тапсырмаларды дұрыс орындау қажет: өзіңнің сол аяғыңды, оң құлағыңды көрсет. Өзіңнен оң жағында, сол жағында не бар? Егер бала әріптің бағытын ауыстырса, ол кеңістікте бағдарлаудың кемшілігі.

 

2.    Сіздің балаңыз алты бөліктен тұратын суретті құрастыра ала ма? Егер ол суретті құрастыруда қиындықтарға кез болса, ол көріп-тану –кеңістіктіктің анализ бен синтездің кемшілігін білдіреді. Бала әріпті оңай есте сақтау үшін келесі тәсілдерді қолдануға болады:

                  -бала сіздің жазған «алып»әріпті бояуштритау керек.

–ермексаздан әріпті істеу.

– контур бойынша әріпті қию.

– әріпті ауада жазу.

                  – сол әріпке ұқсас заттарды атау.

                  – әріптің үстінен жазу.

– контур бойынша әріпті жазу.

         –нүктелермен әріпті жазу.

Баланың өздік жазуы міндетті түрде әдемі болуы тиіс емес. Негізі оны жатжазуға дайындап, әріптердің дұрыс жазылуын қадағалау қажет.

Жазу түзу және әдемі болмай, бірақ әріптері тізбекті дұрыс сақталса, ол өте маңызды нәтиже.

   

  

   

  

  

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата - аналарға арналған жадынама  

Ата - аналарға кеңес

 Көңілді тіл туралы ертегі

Артикулляционды гимнастика