Телефон доверия
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Адрес: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 65-18-37
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕСІ

                                                                      Бекітемін:

                                                                      Мектеп директоры

                                                              А.М.Арынгазина

 

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕСІ

Тәртіп мақсаты - әр оқушының табысты оқуын қамтамасыз ету, адамды   және оның құқығын құрметтеуге тәрбиелеу, тәртіп мәдениетіне және қарым-қатынас дағдысын дамыту.  

 І. Мінез-құлықтың жалпы ережесі:

1.1.   Оқушылар мектепке сабақтың басталуына дейін 10-15 минут бұрын келеді, таза және ұқыпты болып жүреді, сыртқы киімдерін гардеробқа тапсырады, аяқ киімдерін ауыстырады, өз жұмыс орындарына барып сабаққа дайындалады.  

1.2.Егер оқушы сабақты босатқан күні не себепті босатқаны туралы дәрігер анықтамасын немесе ата-анасынан жазбаша түсініктемені ұсынуы тиіс. Себепті жағдайлармен сабақты босатса (отбасылық жағдай, сайыстарға, жарыстарға қатысу) ата-ана өтінішін немесе мектептен тыс ұйымнан құжатты әкелуі қажет. Себепсіз жағдайлармен сабақты босату, немесе сабаққа кешігіп келу бұзушылық болып есептеледі.  

1.3. Мектеп оқушысында оқуға қажетті оқу құралдары, оқулықтар, дәптерлері, күнделігі болуы тиіс. Сабақ кестесіне сәйкес оқушы үй тапсырмасын орындап келуі міндетті.  

1.4.  Мектеп оқушысы үлкендерге, мектеп бойынша кезекшілік атқарып жүргендерге сыйластық танытуы қажет, кішіге қамқор болуы тиіс. Оқушы үлкендерге, жоғары сынып оқушылары-кішкентайларға, ұлдар-қыздарға жол береді.  

1.5. Оқушылар мектеп мүлігін сақтайды, жөндеу жұмыстарына белсенді қатысады.  

1.6. Оқушылар қоғамдық-пайдалы жұмыстарға, мектеп кезекшілігіне, сондай-ақ сенбіліктерге қатысады.  

Мектеп оқушысына рұқсат берілмейді:

·   сабаққа кешігіп келу;

·   дәлізде, баспалдақта тағы да басқа жерлерде ойнап-жүгіруге бомайды;  

·   терезені ашуға, батарейге және терезенің үстіне отыруға болмайды себебі бұл оқушылардың өмірі мен денсаулықтарына қауіпті болып келеді;  

·  оқу құралдарымен және мектеп сөмкесін лақтырып ойнауға болмайды;  

·  балағаттап, әдепсіз сөйлеуге болмайды;   

· оқу барысында мед.қызметкердің, сынып жетекшінің немесе мектеп әкімшілігінің рұқсатынсыз мектептен кетуге болмайды, сондай-ақ сабақтарды себесіз босатуға болмайды.  

·  рұқсатсыз басқа сыныпқа қарауға болмайды; 

·  сабақ және емтихан барысында мектеп дәлізінде шулауға болмайды;  

· бастауыш сынып оқушыларын немесе сыныптастарын кемсітуге, қорлық көрсетуге болмайды, дене зорлығын және төбелестерді болдырмау;    

×                     мектепке және мектеп аумағына түрлі мақсатпен және түрлі амалмен қару-жарақты, жарылғыш немесе өртенгіш заттарды қолдануға; ішімдік сусындарын, нашақор, тағы да басқа есеңгірететін заттарды, уландырғыш заттарды қолдануға және әкелуге болмайды;   

мектепке қымбат аппараттарды, бейнеплеерлерді, сондай-ақ қымбат металлдан және тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды тасуға болмайды;  бөгде адамдардың заттарын рұқсатсыз алуға, үйден алып кету немесе тығып қоюға болмайды;

   ·    мектепке ұялы телефон әкелуге тыйым салынады;  

 Жоғарыда аталған бұзушылықтар үшін оқушының атына келесі шаралар қолданылуы мүмкін:  

·  ата-аналарды мектепке шақырту;

· оқушыны құқық бұзушылық пен бақылаусыздықтың алдын алу профилактикасы Кеңесіне шақырту;  

·  Жүйелі бұзушылықты орындау жағдайында - мектепішілік есепке қою;  

·  Әкімшілік кеңеске шақырту;  

·  Педагогикалық кеңеске шақырту;

 

II. Оқушының  сыртқы киім келбеті:  

2.1. Оқушының  сырты киім келбеті эстетикалық  нормаларға сай болуы тиіс;  

2.2.1-11 сынып оқушылары орынды киім фомасы болуы тиіс;

Ұлдар: қара көк костюм, азаматтық галстук, бір түсті жейде,  ауыстыратын аяқ-киім. 

Қыздар: бастауыш сынып шатланка белдемше, галстук, мектеп эмблемасы,  5-11 сынып қара көк түсті белдемше жакет, мектеп эмблемасы, ақ блузка, туфли (тақаның биіктігі 5 см дейін). белдемшенің ұзындығы іскерлік стильге сәйкес келуі тиіс. Әшекей бұйымдарын киюге болмайды.  

2.3. Дене шынықтыру сабақтары үшін спорттық киім қарастырылған:  

спорт залда: ақ футболка, спорт  шалбары, резеңкелі ақ табанды кеды немесе кроссовка.   

далада: футболка, спорт костюмі, кроссовка  (суық мерзімде мақталы кеудеше, телпек, қолғап).

 2.4. Спорттық киімде оқушылар тек қана дене тәрбиесі сабақтарында ғана болады.  

III. Сабақтағы мінез-құлықтары

 3.1.Сыныпқа мұғалімнің кіруі кезінде оқушылар амандасады, мұғалім оқушылармен сәлесмдесіп болғаннан кейін рұқсат беріліп оқушылар отырады. Оқушылар сыныпқа кірген әр бір үлкен адаммен амандасып тұрады.  

3.2.Әр бір мұғалім сабақ өткізгенде ҚР-ның заңдарына, нормативтік құжаттар мен мектеп ережесіне қарама-қайшы келмейтіндей өз пәндері бойынша арнайы ережені анықтайды.

3.3. Сабақ барысында шулауға болмайды, бөгде әңгімелесулер арқылы өзі және басқаларды оындармен және тағы да басқа сабаққа қатыссыз істермен алаңдатуға болмайды.  Оқу уақыты тек қана оқу мақсаттарына қолданылуы тиіс.  

 3.4. Мұғалімнің (сынып жетекшінің) талабы бойынша күнделік ұсынылуы тиіс. Оқушы күнделікке жазуды ұқыпты орындауы қажет. Оқу аптасының соңында ата-аналар күнделікке өз қолдарын қоюлары тиіс. Сынып жетекші өткен апта үшін қол қояды.  

3.5. Сабақ барысында оқушыға шығу керек болған жағдайда қолын көтеріп мұғалімнің рұқсатымен шығады.  

3.6. Егер де оқушы сұрақ қойғысы келсе немесе мұғалімнің сұрағына жауап бергісі келсе қолын көтереді.  Мұғалім сабақтың аяқталғаны туралы хабарлаған кезде, қоңырау соғылғаннан кейін сыныптан шыға алады. Сыныптан мұғалімнің немесе басқа үлкен аданың шығуы кезінде оқушылар тұрады.   

3.7. Сабақта міндетті түрде сергіту сәті болуы тиіс.  

Жоғарыда аталған ережелерді орындамаған жағдайда келесі іс-әрекеттер қабылданады:  

.  Ата-аналарға хабарлау;

·  Ата-аналарды мектепке шақырту;

·  Әкімшілік кеңеске шақырту;

·  Педагогикалық кеңеске шақырту;

· Оқушыны құқық бұзушылық пен бақылаусыздықтың алдын алу профилактикасы Кеңесіне шақырту;  

·  Жүйелі бұзушылықты орындау жағдайында - мектепішілік есепке қою;  

  IV. Үзілісте және сабақтан кейінгі тәртіптері:  

 4.1. Үзіліс барысындағы оқушының міндеті:  

·  жұмыс орнын тәртіпке және тазалыққа келтіру;  

·  сыныптан шығу;

·  сыныпты желдету;                    

4.2 Сыныптағы кезекші:

·  үзіліс кезінде сыныпта болады;  

·  сыныптағы тәртіпті қамтамасыз етеді, тақтаны, борды дайындайды;  

·  мұғалімге келесі сабаққа дайындалуға көмектеседі;  

·  сабақ аяқталғаннан кейін сыныпты жинатырады.   

4.3. Асханадағы мінез-құлық тәртібі:

·оқушылар мұғалімдер мен асхана қызметкерлерінің талаптарын орындайды;  

· оқушылар ыстық және сұйық тамақты алу және қолдану барысында ұқыпты және сақ болуы қажет;  

·  оқушылар асханаға сынып жетекшімен ғана барады;  

·  оқушылар асханадағы  тамақ пен сусынды қолданады;  

·оқушылар нанды және тағы да басқа тағам азықтарын лақтыруға болмайды;   

·  оқушылар өз ыдыстарын жинастырады;   

·  оқушылар асханадағы тағамды және жемістерді ғана қолдана алады.  

4.4. Сабақ, үйірме, факультатив, немесе түзету сабақтары аяқталғаннан кейін мектептен кетеді, үйге бару жолында жол ережесін сақтайды.  

 4.5.Оқушылар үйірме, спорт секцияларына, қосымша сабақтарғақатысу барысында сабақта отырулары қажет, үзіліс кезінде мектеп аумағынан кетуге, шылым шегуге болмайды.  

 

V. Қорытынды ережесі:

 5.1. Оқушылар мектеп аумағында немесе мектепішілік іс-шаралардың өтілуі кезінде өмірлері мен денсаулықтары үшін қауіпті әрекеттерді жасауға болмайды.  

5.2. Аталған ережелер мектепте өткізілетін барлық іс-шараларда сақталады.  

 

Жасөспірім есіне 

15  баб қылмыстық жауапкершілікке тартылу  жасы   

1.   Он алты жасқа толған жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 2.   он төрт жасқа толған жасөспірімдер келесі жауапкершілікке тартылады:  

-       өлтіру ( 96 бап)

-      денсаулыққа ауыр зиянын тигізетін қасақана келтiру (103 бап)

-       денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (104 бап, 2 б)

-       зорлық (120бап)

-       Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттері ( 121 бап)

-       адамды ұрлау (125 бап)

-       ұрлық (175 бап)

-       Тонау  (178 бап)

-       қарақшылық  179 бап)

-       Қорқытып алушылық (181 бап)

-       Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (185 бап, .2, .3, .4 б)

-       Бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру (187 баб, 2,.3 б)

-       терроризм (233 бап)

-       адамды кепiлге алу (234 бап)

-       Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау (242 бап)

-       Қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу (255 бап)

-       бұзақылық  ( 257 бап.2, 3 б)

-     тағылым ( 258 бап)

-       Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды ұрлау не қорқытып алу (260 баб)

-       Адам мәйiтiнiң органдары мен тiнiн заңсыз алу (275 баб,.2 б)

-       Көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтiру (299 бап)                                                                                                                                                    

                                                                                               

                                             Бекітемін

                                                                                                           Мектеп директоры

                                                                                                           А.М.Арынгазина

Мектептегі кезекші әкімшіліктің қызметтік нұсқаулығы

 

1. Жалпы ереже

1.1    Кезекші әкімшілік мектеп директорының бұйрығы негізінде директор орынбасарларынан бектіледі.

1.2    Кезекші әкімшілік тікелей мектеп директорына бағынады.

1.3    Кезекші әкімшілікке ұйымдастыру сұрақтары бойынша тікелей бағынады:

-      Кезекші сыныптардың сынып жетекшілері

-      Кезекші мұғалімдер

 1.4  Кезекші әкімшілік өзінің қызметінде ҚР білім туралы (1999) ҚР еңбек кодексі, ҚР «Бала құқығы туралы» ратифициялаған конвенция (08.06.1994.)  ҚР азаматтық кодекс заңдары (1999) мен ҚР мемлекеттік  білім бағдарламасының қаулысы (2000) ҚР «Неке және отбасы туралы» (24.12.01. №276)  заңын, мектеп ережесін (2007) білім министрлігі мен басқа да мекемелердің білімге қатысты сұрақтарды, әкімшілік, еңбек, шаруашылық заңнамаларын, еңбекті қорғау нормасы, қауіпсіздік,  өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін  және мектептің құқықтық актілерін (оның ішінде ішкі еңбек тәртіп ережелері) басшылыққа алады. Кезекші әкімшілік балалар құқығын қорғау Конвенциясын (20.11.89) сақтайды.   

2. Қызметі

Кезекші әкімшілік қызметінің негізгі бағыттарына кіретін:

2.1 Өзінің кезекші кезінде тәрбие мен білім беру үрдісін ҚР  заңнамаларымен  мектеп Уставна сәйкес ұйымдастырады. 

3. Қызметтік міндеттері:

Кезекші әкімшілік келесі қызметтік міндеттерді атқаруы тиіс:

3.1  Ұйымдастырады:

-  тәрбие мен білім беру үрдісіне қатысты барлық сабақ кестесі, үйірме, секциялардың және т.б жүргізілуін;

- мектеп қызметкерлері мен оқушылардың

- қажет болған жағдайда, авария қызметін шақыру және қадағалау;

3.2  Бағыттайды:

- әлдеқандай жағдайларда коммуналдық авариялық және өрт, су арнайы қызметкерлермен біргіп, мектеп оқушыларын, қызметкерлерін бағыттау жұмыстарына;

3.3 Әлдеқандай жағдайларда басқарады:

- авариялық және арнайы топтардың жұмысын ұйымдастыруды;

- мектеп қызметкерлерімен оқушылардың қызметін ұйымдастыруды;

- қызметкерлермен оқушыларды көшіруді;

 3.4 Бақылайды:

- мектептің ішкі еңбек ережесінің орындалуымен, қызметкерлердің жұмыс тәртібін;

- оқушылардың тәртіп ережелерін;

- барлық білім беру үрдісіне қатысты үйірме, секция т,б кестелерінің сақталуын;

3.5 Түзетеді:

- оқыс жағдайларда үйірме, секция т,б кестелерін;
3.6.Кеңес береді:

- оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру сұрақтары бойынша мектепоқушыларына, оқушыларға, және олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне)

3.7 Қамтамасыз етеді:
-  әлдеқандай жағдайларда коммуналдық авариялық және арнайы қызметкерлер,  ата-аналармен, жергілікті өзін-өзі басқару ұйымымен тиімді өзара байланысты;

- өз кезекшілігінде  барлық білім беру үрдісінде мектептің жұмыс пен сабақ кестесін бұзушылардан себебі туралы жазбаша түсініктеме алу;

Құқылы:

Кезекші әкімшілік

4.1 өз кезекшілігінде тәрбие-білім беру үрдісін ұйымдастыруға байланысты кез-келген шешім қабылдап басқаруға;
Дежурный администратор имеет право в пределах своей компетенции:
4.2.Мектеп қызметкерлерінен мектептің ішкі еңбек ережесі, қызметкерлердің жұмыс тәртібі, сабақ, үйірме, секция т.б. кестелерінің  сақталуын талап етуге;

4.3 Мектеп қызметкерлеріне міндеттерді бөліп беруге;

4.4 Оқу-тәрбие үрдісіндегі мадақтау және  ескерту туралы бекітілген ережелер бойынша оқушыларды тәртіптік жауапкершілікке тарту.

4.5 Мектеп қызметкерлерін жауапкершілік тәртіпке ұсынуға;

Жауапты 
5.1 Мектептің ішкі тәртіп ережесі мен Жарғысын мүлдем орындағаны немесе себепсіз орындамағаны үшін мектеп директорының және жергілікті нормативті актілері мен қызметтік міндеттерін осы қойылған нұсқаулықтарды, оның ішінде ұсынылған ұсынылған ережені қолданбағаны үшін.

5.2 Кезекші әкімшілік жеке оқушыға дене жарақаты мен психикалық тұрғыда бір рет нұсқан келтіргені үшін атақрып отырған қызметінен ҚР-ның «Білім беру туралы» Заңы мен Еңбек Кодексі талаптары негізінде босатылады.

5.3 Әкімшілік өз кезекшілігінде ережелерде қарастырылғандай еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық-гигеналық ережелерді білім беру мен шаруашылық  үрдісінде бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

5.4 Әкімшілік өзінің қызметтік міндетін атқаруда мектепке немесе білім беру үрдісіне қастысушыға нұқсан келтіргені үшін бекітілген еңбек  және азаматтық заңнамалармен материалдық жауапкершілікті қамтиды.

Өзара қарым - қатынас. Қызметіне байланысты.

Кезекші әкімшілік:
6.1.Мектеп директорының  бекітілген кестесімен жұмыс істейді;
6.2. Мектептегі оқушылардың өмірімен денсаулығына байланысты болған барлық оқыс  жағдайлардың  талапқа сай орындалуын хабарлайды.